"Әулиекөл ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі №62 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 48 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 15 сәуірде № 38434 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әулиекөл ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 62 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7759 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

      2) осы қаулының Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі Ж. Таукенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады