Арқалық қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Арқалық қалалық мәслихатының 2026 жылғы 20 тамыздағы № 251 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 21 тамызда № 39651 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Арқалық қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арқалық қалалық мәслихатының төрағасы Г. Елтебаева

  Арқалық қалалық мәслихатының
  2026 жылғы 20 тамыздағы
  № 251 шешіміне
  қосымша

Арқалық қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Арқалық қаласы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 85 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10138-10 болып тіркелген);

      2. "Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 85 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Арқалық қаласы мәслихатының 2024 жылғы 15 қазандағы № 126 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10294-10 болып тіркелген);

      3. "Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 85 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Арқалық қаласы мәслихатыны 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 162 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10446-10 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады