"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай қаласы әкімдігінің коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" 2018 жылғы 15 наурыздағы № 656 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7692 болып тіркелген);
2) Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай қаласы әкімдігінің коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" әкімдіктің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 656 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 31 наурыздағы № 576 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9071 болып тіркелген).
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгiзiледi.
| Қостанай қаласының әкімі | М. Жундубаев |