"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімінің міндетін атқарушы | Б. Таңжарықов |
Келісілді
"Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті Қостанай
облысының санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
департаменті" республикалық
мемлекеттік мекемесі
Келісілді
"Қазақстан Республикасы Су
ресурстары және ирригация
министрлігі Су шаруашылығы
комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау
жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекциясы"
республикалық мемлекеттік
мекемесі
Келісілді
"Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі
Экологиялық реттеу және бақылау
комитетінің Қостанай облысы
бойынша экология департаменті"
республикалық мемлекеттік
мекемесі
| Қостанай облысы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы 8 қаңтардағы | |
| № 4 қаулысына | |
| қосымша |
Қостанай облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Қостанай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 429 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24442 болып тіркелген).
2. "Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 429 "Қостанай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 234 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28317 болып тіркелген).
3. "Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 429 "Қостанай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 28 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10131-10 болып тіркелген).
