Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 21 шілдедегі № 116 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 22 шілдеде № 39370 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекші ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2026 жылғы 21 шілдедегі
№ 116 қаулысына қосымша

Маңғыстау облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлерін бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 229 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3440 болып тіркелген);

      2. "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 229 "Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № 286 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3749 болып тіркелген);

      3. "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 229 "Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 21 мамырдағы № 79 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4712-12 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады