Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Заңының 32-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Ақтау және Баутино теңіз сауда порттарының акваторияларын қоса алғанда теңіз порттарының шекараларын айқындау туралы" 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 413 Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2971 болып тіркелген);
2) "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты мен Баутино теңіз портының акваториясын қоса алғанда теңіз порттарының шекараларын айқындау туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 413 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 17 ақпандағы № 22 Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26947 болып тіркелген).
2. "Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Манғыстау облысы әкімінің міндетін атқарушы | А. Оралов |
