Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 12 қаңтардағы № 1 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2026 жылғы 20 қаңтарда № 37862 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 3 желтоқсандағы № 288 "Маңғыстау облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25900 тіркелген);

      2) Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 30 мамырдағы № 80 Маңғыстау облысы әкімдігінің "Маңғыстау облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы" 2021 жылғы 3 желтоқсандағы № 288 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28340 тіркелген).


      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады