Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 6 қазандағы № 221 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 14 қазанда № 40158 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырдария ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Сырдария ауданының әкімі Б. Сарменбаев

  қаулыға қосымша

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1."Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 240 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6002 болып тіркелген).

      2."Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 240 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 19 қазандағы № 233 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7750 болып тіркелген).

      3."Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 240 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 ақпандағы № 30 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26842 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады