Кейбір Приозерск қалалық мәслихаты шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 45/352 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 қазанда № 40067 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Приозерск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:

      1) Приозерск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы №39/389 "Приозерск қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5921 болып тіркелген);

      2) Приозерск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 2/20 "Приозерск қалалық мәслихатының "Приозерск қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6232 болып тіркелген).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат төрағасы А.Исатаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады