"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Приозерск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
1) Приозерск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы №39/389 "Приозерск қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5921 болып тіркелген);
2) Приозерск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 2/20 "Приозерск қалалық мәслихатының "Приозерск қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6232 болып тіркелген).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихат төрағасы | А.Исатаев |