Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес Осакаров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осакаров аудандық мәслихатының кейбір шешімдері осы шешімге қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.
2. "Осакаров аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Осакаров аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихаттың төрағасы | К. Саккулаков |
| Осакаров аудандық мәслихатының 2026 жылғы 8 қазандағы № 56/538 шешіміне қосымша |
Осакаров аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін анықтау туралы" 2021 жылғы 21 сәуірдегі №59 Осакаров аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6325 болып тіркелген) шешімі.
2. "Осакаров аудандық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі №59 "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін анықтау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №166 Осакаров аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26044 болып тіркелген) шешімі.
3. "Осакаров аудандық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі №59 "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін анықтау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 31 наурыздағы №2/16 Осакаров аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6370-09 болып тіркелген) шешімі.