Қарқаралы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2026 жылғы 26 тамыздағы № VIII-57/446 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 28 тамызда № 39722 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Күші жойылды деп тану:

      1) Қарқаралы аудандық мәслихатының "Қарқаралы ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2021 жылғы 09 қарашадағы № VII-11/86 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25363 болып тіркелген);

      2) Қарқаралы аудандық мәслихатының "Қарқаралы ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" Қарқаралы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 09 қарашадағы № VII 11/86 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № VIII-9/69 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6482-09 болып тіркелген).

      2. "Қарқаралы ауданының мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қарқаралы ауданының мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы аудандық мәслихатының төрағасы С. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады