"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жетісу облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Жетісу облысының әкімі | Б.Исабаев |
| Жетісу облысы әкімдігінің 2026 жылғы 17 тамыздағы № 218 қаулыға қосымша |
Жетісу облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1) "Жетісу облысының су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 87 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 182-19 тіркелген);
2) "Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы "Жетісу облысының су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" № 87 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы 09 мамырдағы № 139 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 209-19 тіркелген) ;
3) "Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы "Жетісу облысының су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" № 87 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 қарашадағы № 382 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 253-19 тіркелген);
4) "Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы "Жетісу облысының су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" № 87 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 126 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 305-19 тіркелген).
