Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Жетісу облыстық мәслихатының 2026 жылғы 2 шілдедегі № 38-239 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылы 3 шілдеде № 39219 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 6-1-тармағына сәйкес Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Жетісу облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Жетісу облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Г.Тойлыбаева

  Жетісу облыстық мәслихаты
2026 жылғы 2 шілдедегі
№ 38-239 шешіміне
қосымша

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 6-1-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

2-тарау. Автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды ұйымдастыру және уақытша сақтау тәртібі

      3. Автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізуді (эвакуациялауды) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 797-бабының екінші бөлігінде көзделген уәкілетті лауазымды тұлғалар ұстап қалу себептері жойылғанға дейін жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда орналастыру арқылы жүзеге асырады.

      4. Автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау) автомобиль көлік құралын (эвакуаторды), кемені немесе шағын көлемді кемені пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

      5. Автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді жеткізу (эвакуациялау) алдында уәкілетті тұлға автомобиль көлік құралының, кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің физикалық (нақты) жай-күйіне тексеру жүргізіп, барысы мен нәтижелерін тіркеудің бейнежазба құралдарын пайдалана отырып, оның жай-күйін қабылдау-беру актісінде тіркейді.

      6. Жеткізілген (эвакуацияланған) автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені есепке алуды ұйымдастыру:

      жеткізу (эвакуациялау) күні мен уақытын; көлік құралының маркасын және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (бар болған жағдайда); ұстап қалу себептерін; жеткізуді (эвакуациялауды) жүзеге асырған уәкілетті тұлға туралы мәліметтерін; автомобиль көлік құралының, кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің физикалық (нақты) жай-күйі туралы мәліметтерін тіркеу арқылы жүзеге асырылады.

      6-1. Жеткізілген (эвакуацияланған) автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені есепке алу қағаз және (немесе) электрондық түрде жүзеге асырылады.

      7. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздер бойынша ұсталған автомобиль көлік құралдары, кемелер, оның ішінде шағын көлемді кемелер жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда уақытша сақтауға жатады.

      8. Арнайы алаңға немесе тұраққа автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені қабылдауды жүзеге асыратын тұлға қарап тексеруді жүргізеді және қабылдау-беру актісінде көрсетілген физикалық (нақты) жай-күйін растайды.

      9. Автомобиль көлік құралының, кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің қабылдау-беру актісінде көрсетілмеген не қолданылған ғылыми-техникалық тіркеу құралдарының нәтижелерінде болмаған зақымданулары анықталған жағдайда, нақты жай-күйдің анықталған сәйкессіздіктері туралы мәліметтер қабылдау-беру актісіне қосымша енгізіледі.

      10. Автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда уақытша сақтауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттарды сақтай отырып жүзеге асырылады.

      11. Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнайы алаңдарды немесе тұрақтарды ұстау және пайдалану жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады