"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2) тармағына сәйкес Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетісу облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші осы шешімнің қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.
2. "Жетісу облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы (А. Жазықбаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін Жетісу облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасының міндетін атқарушы | Р. Салыкова |
| Жетісу облыстық мәслихаты | |
| 2026 жылғы 5 ақпандағы № 34-205 | |
| Шешіміне қосымша |
Жетісу облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Жетісу облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 4-31 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 43-19 болып тіркелген);
2. "Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 4-31 "Жетісу облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 16 шілдедегі № 18-113 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 234-19 болып тіркелген);
3. "Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 4-31 "Жетісу облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 18 қарашадағы № 23-138 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 251-19 болып тіркелген).