Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1 тармағына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сәтбаев қаласы әкімінің 2025 жылғы 29 қаңтардағы №1 "Сәтбаев қаласы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 177-20 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Сәтбаев қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| А. Сыздыманов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық
аумақтық сайлау комиссиясы
