Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 193 "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 188-20 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы | К. Балмагамбетов |
