"Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 6-38 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облыстық мәслихатының 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 49-283 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 22 сәуірде № 38560 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 6-38 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6030-05 болып тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Алматы облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облыстық мәслихаты аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облыстық маслихатының төрағасы К. Байгоджаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады