"Мәртөк ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 108 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2026 жылғы 20 наурыздағы № 305 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 30 наурызда № 38221 тіркелді

      Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Мәртөк ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 108 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8572-04 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мәртөк ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Мәртөк ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мәртөк ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы";

      1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрған тұрғынжайда Мәртөк ауданы аумағында тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Атаулы мақсаттарға ай сайын жұмсалатын аз қамтылған отбасының (азаматтың) шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 5 (бес) пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тегін негізде көрсетіледі. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.";

      2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Тұрғын үй көмегінің мөлшері көрсетілетін қызметті берушімен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін беру қағидаларының 4-1 тармағына сәйкес есептеледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар).";

      3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін Қағидалардың 3-тарауында айқындалған тәртіппен есептеледі.";

      13-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Төлем тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім қабылданғаннан кейін, келесі айдың 10 (оныншы) күніне дейін жүргізіледі.".

      2."Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Мәртөк аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы Т. Көлкебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады