Қобда аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 сәуірдегі № 173 "Қобда ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2026 жылғы 20 наурыздағы № 457 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 27 наурызда № 38203 тіркелді

      Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қобда аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 сәуірдегі № 173 "Қобда ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8569-04 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қобда ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің 1- тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қобда ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары көрсетілген шешімнің 1- қосымшасында бекітілсін.";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қобда ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қобда ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары";

      көрсетілген шешімінің 1 - қосымшасында:

      1 - тармақтың алтыншы абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстары арасындағы айырма ретiнде айқындалады.";

      2 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Тұрғын үй көмегінің мөлшері қызметті берушімен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) Тұрғын үй көмегін беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 4-1-тармағына сәйкес есептеледі.";

      3 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын Қағидалардың 3 тарауымен айқындалатын тәртіппен тұрғын үй көмегін алуға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін уәкілетті орган есептейді.";

      4 - тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаларға сәйкес, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінеді.";

      13 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Төлем тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім қабылдағаннан кейін келесі айдың 10 (оныншы) күніне дейін жүргізіледі.".

      2. "Қобда аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Қобда аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қобда аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Ергалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады