"Ақтөбе облысында ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы" Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 8 маусымдағы № 140 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 308 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 3 ақпанда № 37938 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облыстық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ақтөбе облысында ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы" Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 8 маусымдағы № 140 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28442 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Н. Махамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады