Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 тамыздағы № 8С-24-3 "Астрахан ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 23 тамыздағы № 8С-24-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8825-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Астрахан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы";
көрсетілген шешімнің 1 -тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Астрахан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.";
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Астрахан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары";
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.
Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі (бес) 5 пайыз мөлшерінде айқындалды.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші нормалар шегінде Қағидалардың 4-1-тармағында белгіленген нормалар шегінде есептейді.".
2. "Астрахан аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Астрахан аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Астрахан ауданы әкімінің осы саланы жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Астрахан аудандық мәслихатының төрағасы | М.Қожахмет |
