"Ақмола облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 7С-13-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облыстық мәслихатының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 8C-27-6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 38373 болып тіркелді

      Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ақмола облысының ауылдық елді мекендеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмыс істеуге жіберілген медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерге бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 7С-13-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25904 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ауылдық елді мекендерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмыс істеуге жіберілген медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған ауылдық елді мекендерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмыс істеуге жіберілген медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерге әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшері айқындалсын.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Б. Жусупов

  Ақмола облыстық
мәслихатының
2026 жылғы 31 наурыздағы
№ 8C-27-6
шешіміне қосымша
  Ақмола облыстық
мәслихатының
2021 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 7С-13-3 шешімімен айқындалды

Ауылдық жерлерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмыс істеуге жіберілген медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы ауылдық жерлерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмыс істеуге жіберілген медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету шараларының жүйесі, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшері (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде әзірленді және Ақмола облысының ауылдық жерлеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмыс істеуге жіберілген медициналық және фармацевтикалық қызметкерлеріне (бұдан әрі - қызметкерлер) бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

      Әлеуметтік қолдау кадрлар тапшылығын жою, мамандарды ынталандыру және жергілікті жерлерде ұстау мақсатында ұсынылады.

      Осы Қағидаларда көрсетілген әлеуметтік қолдау шаралары "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабындағы 8-тармағында, "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары болып табылмайды (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген).

      Қаржыландыру денсаулық сақтауды дамыту шеңберінде бекітілген облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      2) жұмыс беруші - Ақмола облысының тиісті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы;

      3) жұмыскерлерге әлеуметтік қолдау көрсету (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау көрсету) ауылдық жерлерге және кенттерге, сондай-ақ аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа кемінде бес жыл мерзімге келген мамандарға әлеуметтік кепілдік ретінде бюджет қаражаты есебінен біржолғы төлем түріндегі біржолғы көмек болып табылады;

      4) медицина қызметкері-жоғары кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;

      5) фармацевтикалық қызметкер-жоғары фармацевтикалық білімі бар және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға.

2-тарау. Медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері

      3. Әлеуметтік қолдау келесі мөлшерде ұсынылады:

      1) 5 000 000 (бес миллион) теңге Ақмола облысының облыстық маңызы бар қалаларына жұмыс істеуге жіберілген қызметкерлерге;

      2) 8 500 000 (сегіз миллион бес жүз мың) теңге Ақмола облысының аудандық маңызы бар қалаларына, ауылдық елді мекендеріне және кенттеріне жұмыс істеуге жіберілген қызметкерлерге;

      3) 8 500 000 (сегіз миллион бес жүз мың) теңге 2025 жылы Қазақстан Республикасының "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде Степногорск қаласына жұмыс істеуге келген қызметкерлерге келесі мамандықтар бойынша төленеді: интервенциялық хирург дәрігер, уролог-андролог дәрігер, хирург дәрігер.

      Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген қызметкерлерге осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген әлеуметтік қолдау көрсетілмейді.

      4. Ақмола облысының мемлекеттік медициналық ұйымдарына тартылып, жұмысқа орналастырылған және медициналық немесе фармацевтикалық жоғары кәсіби білім туралы дипломы бар қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

      5. Қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсетілмейді:

      уақытша лауазымға орналасқандарға (жүктілік және босану бойынша демалыс, бала күтімі бойынша демалыс);

      1 мөлшерлемеден аз лауазымдарды атқаратындарға;

      әлеуметтік қолдау алмаған қызметкерлерді қоспағанда, жақын маңдағы ауылдық елді мекендерден тартылғандар мен осы медициналық ұйымда 1 жылдан астам жұмыс істейтіндерге.

      6. Ағымдағы жылы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік медициналық ұйымдармен еңбек шарттарын жасасқан қызметкерлер әлеуметтік қолдау алу үшін өтінім беруге құқылы.

      7. Қызметкерлер әлеуметтік қолдау алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      мемлекеттік медициналық ұйым басшысының қолы қойылған әрбір қызметкерге арналған ілеспе хат және өтінішхат;

      арыз;

      еңбек шартының көшірмесі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      жеке куәліктің көшірмесі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      жұмысқа жолдаманың көшірмесі;

      жоғары кәсіби білім туралы дипломның көшірмесі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      тиісті қызметке жіберу туралы сертификаттың көшірмесі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      мемлекеттік медициналық ұйымға жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі;

      екінші деңгейдегі банктің карточкалық базасындағы 20 таңбалы шоттың ашылғаны туралы хабарлама.

      Өтінімдер кіріс хат-хабарларды есепке алу журналында түсу күні мен уақыты міндетті түрде көрсетіле отырып (қолма-қол) тіркеледі.

      8. Өтінімдер әлеуметтік қолдауды бөлу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қарауына беріледі, оның құрамына уәкілетті органның өкілдері кіреді. Комиссия мүшелерінің саны кемінде бес адамды құрауы тиіс. Комиссия төрағасы уәкілетті орган басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымдығы тұлға болып табылады.

      Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.

      9. Комиссия айына кемінде бір рет отырыс өткізеді. Отырыс қорытындысы бойынша қабылданған шешіммен хаттама ресімделеді.

      10. Комиссия осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген қызметкерлер ұсынған құжаттарды қарайды және он бес жұмыс күні ішінде тиісті шешім қабылдайды.

      11. Комиссияның оң шешімі негізінде қызметкер кемінде 5 жыл жұмыс істеуге міндеттенетін шарт жасасады.

      Өтеу кезеңіне қызметкердің жалақысы сақталмайтын демалыста болуы, бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыста болуы, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық парағымен расталған екі айдан астам уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі есепке алынбайды.

      12. Біржолғы төлем шарт жасалғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде екінші деңгейдегі банкте ашылған қызметкердің жеке шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.

      Төлемді қайта алуға жол берілмейді.

      13. Қызметкермен еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда жұмыс беруші он жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.

      Еңбек қатынастары мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде бұрын төленген қаражатты қайтару тәртібі еңбек шартында көзделеді.

      14. Осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген негіздер бойынша төленген әлеуметтік қолдау сомасын қайтару қызметкерлермен нақты жұмыс істеген уақытына пропорционалды түрде жүзеге асырылады.

      Қызметкер төленген әлеуметтік қолдау сомасын ерікті түрде қайтарудан бас тартқан жағдайда, бұл сома Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртібімен өндіріп алынады.

      15. Қызметкерлер уәкілетті органның не комиссияның әрекетіне (әрекетсіздігіне) сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгіну Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады