"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы № 395/52-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1235 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Астана қаласы мәслихатының төрағасы | Т. Зейнұлқабден |
