"Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін және олардың журналистерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 11-1-2/192 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2026 жылғы 15 қазандағы № 11-1-4/573 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 19 қазанда № 40198 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін және олардың журналистерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 11-1-2/192 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13781 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін және олардың журналистерін аккредиттеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін және олардың журналистерін аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына, "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi туралы ереженің 15-тармағы 88) тармақшасына сәйкес әзірленді және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрі – БАҚ) өкілдіктерін және олардың журналистерін аккредиттеу тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) БАҚ – мерзімді баспа басылымы, теледидар, радиоарна, интернет-басылым;

      2) өтiнiш берушi – шетелдiк БАҚ-ның өкілдігін немесе оның журналистерін Қазақстан Республикасында аккредиттеуге өтініш беруші шетелдік БАҚ-ның уәкілетті адамы;

      3) журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкілі) – бұқаралық ақпарат құралының редакциясымен еңбек немесе өзге де шарттық қатынастар негізінде бұқаралық ақпарат құралы үшін хабарлар мен материалдарды жинау, өңдеу және әзірлеу қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Шетелдік БАҚ өкілдіктерін аккредиттеу үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) қолма қол не Министрліктің ресми электрондық мекенжайы accreditation@mfa.kz (бұдан әрі – ресми электрондық мекенжай) арқылы мынадай құжаттарды жолдайды:

      1) өтініш берушінің өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып, шетелдік БАҚ өкілдігін аккредиттеу туралы қол қойылған еркін нысандағы қолдаухат;

      2) құрылтай құжаттары (шарт) және (немесе) шетелдік БАҚ жарғысы (болған жағдайда);

      3) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген және шетелдік БАҚ-тың тіркелгенін растайтын құжаттар;

      4) шетелдік БАҚ-тың толық атауы, қызметінің тарихы, заңды мекенжайы, байланыс деректері көрсетілген шетелдік БАҚ туралы мәліметтер.

      Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттердің құзыретті органдары берген, жасаған немесе белгіленген нысан бойынша куәландырған құжаттар заңдастыру жасалған кезде қабылданады.

      Шет тілінде жасалған құжаттар мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне тиісті түрде куәландырылған аудармасымен қоса берілуге тиіс.

      Шетелдік БАҚ өкілдігінің қолданыстағы аккредиттеуінен бас тартылған немесе аккредиттеуі кері қайтарып алынған жағдайда, осы тармақта көрсетілген құжаттарды аккредиттеуден бас тартылған немесе оның кері қайтарып алынған күнінен бастап 1 (бір) жыл өткен соң Министрлікке қайта ұсынуға болады.";

      6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Министрлік осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) ай ішінде оларды қарастырады және өтініш берушіні:

      1) шетелдік БАҚ өкілдігін аккредиттеу туралы;

      2) шетелдік БАҚ өкілдігін аккредиттеуден осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген негіздер бойынша бас тарту туралы жазбаша хабардар етеді.

      Құжаттарды қарастыру мерзімі Министрлік басшысының немесе оның орынбасарының дәлелді шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірақ өтінішті дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажеттілігіне байланысты 2 (екі) айдан аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл туралы өтініш берушіге ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарланады.

      7. Шетелдік БАҚ өкілдігін аккредиттеуден бас тарту туралы шешім мынадай:

      1) аккредиттеуге өтініш беру кезінде өтініш берушінің жалған мәліметтерді (құжаттарды) ұсыну фактісі анықталған;

      2) шетелдік БАҚ өнімдерін шығаруды тоқтата тұру немесе тоқтату не шетелдік БАҚ өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағында таратуды тоқтату туралы Қазақстан Республикасы сотының шешімі заңды күшіне енген;

      3) шетелдік БАҚ-тың және (немесе) оның журналисінің (журналистерінің) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған;

      4) аккредиттеуден бас тартылғаннан немесе аккредиттеу кері қайтарып алынғаннан кейін 1 (бір) жыл өтпей тұрып аккредиттеуге құжаттарды ұсынған;

      5) ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қатысты жағдайда қабылданады.

      8. Шетелдік БАҚ өкілдігін аккредиттеу 2 (екі) жыл мерзімге жүргізіледі.

      Өкілдік жыл сайын 30 қаңтардан кешіктірмей, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өткен жыл үшін қызметі туралы ақпараты Министрлікке ұсынады.";

      11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Шетелдік БАҚ өкілдігін аккредиттеуді тоқтата тұру мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) Қазақстан Республикасы сотының осындай шешімінде көрсетілген мерзімге және талаптарда шетелдік БАҚ шығаруды не шетелдік БАҚ өнімін Қазақстан Республикасының аумағында таратуды тоқтата тұру туралы Қазақстан Республикасы сотының шешімі заңды күшіне енген;

      2) осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес ақпаратты Министрлікке ұсынбаған жағдайда – үш айдан аспайтын мерзімге;

      3) шетелдік БАҚ өкілдігінің және (немесе) оның журналисінің (журналистерінің) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы – үш айдан аспайтын мерзімге.

      12. Шетелдік БАҚ өкілдігін аккредиттеуді кері қайтарып алу мынадай:

      1) шетелдік БАҚ өнімдерін шығаруды тоқтату немесе Қазақстан Республикасы аумағында шетелдік БАҚ өнімдерін тарату туралы Қазақстан Республикасы сотының шешімі заңды күшіне енген;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы сотының және (немесе) уәкілетті органдарының (лауазымды адамдарының) қаулылары заңды күшіне енген;

      3) шетелдік БАҚ өкілдігінің аккредиттелуі тоқтатыла тұрғаннан кейін 1 (бір) жыл ішінде шетелдік БАҚ өкілдігінің және (немесе) оның журналисінің (журналистерінің) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы;

      4) ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қатысты жағдайда жүзеге асырылады.

      13. Шетелдік БАҚ өкілдігін аккредиттеуді тоқтата тұру немесе кері қайтарып алу кезінде Министрлік шетелдік БАҚ өкілдігін шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны аккредиттеу тоқтатыла тұрғаны немесе кері қайтарылып алынғаны туралы жазбаша хабардар етеді.

      Шетелдік БАҚ өкілдігін аккредиттеуді тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін, сондай-ақ аккредиттеуді тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлар жойылғаннан кейін Министрлік 3 (үш) жұмыс күні ішінде аккредиттеуді қайта жаңартады және оны осы шешім туралы жазбаша түрде хабардар етеді.";

      19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Министрлік осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген тұрақты аккредиттеу үшін құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) ай ішінде оларды қарастырады және аккредиттеуге жүгінген адамды:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік БАҚ журналисін аккредиттеу куәлігін (бұдан әрі – аккредиттеу куәлігі) ресімдей отырып, тұрақты аккредиттеу туралы;

      2) осы Қағидалардың 22-тармағында көзделген негіздер бойынша шетелдік БАҚ журналисін тұрақты аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабардар етеді.

      20. Министрлік осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген уақытша аккредиттеу үшін құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде оларды қарастырады және аккредиттеуге жүгінген адамды:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу куәлігін ресімдей отырып, уақытша аккредиттеу туралы;

      2) Қағидалардың 22-тармағында көзделген негіздер бойынша шетелдік БАҚ журналисін осы уақытша аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабардар етеді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Шетелдік БАҚ журналисін тұрақты және уақытша аккредиттеуден бас тарту туралы шешім:

      1) аккредиттеуге жүгінген адамның аккредиттеуге жүгінген кезде дұрыс емес мәліметтерді (құжаттарды) ұсыну фактісі анықталған;

      2) шетелдік БАҚ журналисінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған;

      3) шетелдік БАҚ өнімдерін шығаруды тоқтата тұру немесе тоқтату не шетелдік БАҚ өнімдерін Қазақстан Республикасы аумағында таратуды тоқтату туралы Қазақстан Республикасы сотының шешімі заңды күшіне енген;

      4) журналист қызметкері болып табылатын шетелдік БАҚ өкілдігінің аккредиттелмеген (тұрақты аккредиттеу үшін);

      5) 6 (алты) ай ішінде шетелдік БАҚ журналисінің Қазақстан Республикасының аумағында журналистік қызметті жүзеге асыратынын растайтын материалдардың жарияланымы болмаған (тұрақты аккредиттеу болған журналистер үшін өтініш берген күнге дейінгі бір жыл ішінде);

      6) қолданыстағы аккредиттеуден бас тартылғаннан немесе оның күші жойылғаннан кейін 1 (бір) жыл өтпей тұрып аккредиттеуге құжаттарды ұсыну (тұрақты аккредиттеу үшін);

      7) ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қатысты жағдайда қабылданады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Шетелдік БАҚ журналисі аккредиттеу формасында көрсетілген мәліметтерге өзгерістер енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Министрлікті енгізілген өзгерістер туралы хабардар етеді.

      Аккредиттеуден бас тартылған немесе шетелдік БАҚ журналисінің қолданыстағы аккредиттеуі кері қайтарып алынған жағдайда, осы тармақта көрсетілген құжаттарды қолданыстағы аккредиттеуден бас тартылған немесе оның кері қайтарып алынған күнінен бастап 1 (бір) жыл өткен соң Министрлікке қайта ұсынуға болады.";

      25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Шетелдік БАҚ журналисін аккредиттеуді тоқтата тұру мынадай:

      1) Қазақстан Республикасы сотының шешімінде көрсетілген мерзімге және талаптарда Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік БАҚ шығаруды не шетелдік БАҚ өнімін таратуды тоқтата тұру туралы Қазақстан Республикасы сотының заңды шешімі күшіне енген;

      2) осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес Министрлікке ақпарат ұсынылмаған;

      3) шетелдік БАҚ журналисінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған;

      4) Министрлiктiң шетелдік БАҚ журналисінің жұмыс берушісі болып табылатын шетелдік БАҚ өкілдігін аккредиттеуді тоқтата тұру туралы шешiмi болған;

      5) 6 (алты) ай үшін шетелдік БАҚ журналисінің Қазақстан Республикасының аумағында журналистік қызметті жүзеге асыратынын растайтын материалдардың жарияланымы болмаған (тұрақты аккредиттеу болған журналистер үшін аккредиттеуге өтініш берген күнге дейінгі бір жыл ішінде);

      6) ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қатысты жағдайда жүзеге асырылады.

      26. Шетелдік БАҚ журналисін аккредиттеуді кері қайтарып алу мынадай:

      1) Қазақстан Республикасы сотының шетелдік БАҚ жариялауды немесе Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік БАҚ өнімін таратуды тоқтату туралы заңды шешімі күшіне енген;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы сотының заңды күшіне енген қаулылары және (немесе) Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының әкімшілік актілерінің болған;

      3) Министрлiктiң шетелдiк БАҚ журналисiне жұмыс берушi болып табылатын шетелдiк БАҚ өкiлдiгiн аккредиттеуден кері қайтарып алу туралы шешiмi болған;

      4) шетелдік БАҚ пен оның журналисі арасындағы еңбек немесе өзге де шарттық қатынастарын тоқтатқан;

      5) шетелдік БАҚ журналисінің аккредиттеу тоқтатылғаннан кейін 1 (бір) жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған;

      6) өтініш беруші немесе шетелдік БАҚ журналисі шетелдік БАҚ журналисін аккредиттеуді мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берген;

      7) шетелдік БАҚ журналисінің Қазақстан Республикасының аумағында журналистік қызметті жүзеге асырғанын (тұрақты аккредитациялау үшін) растайтын материалдар жарияланған күннен бастап 6 (алты) ай ішінде болмаған;

      8) Қазақстан Республикасы сотының шетелдік БАҚ журналисін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкімінің заңды күшіне енген;

      9) "Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 19 және 20-баптары сақталмаған;

      10) өкiлдiгi Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік БАҚ қызметін тоқтатуы, мұндай ақпарат Министрлікке түскен;

      11) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан шетелдік БАҚ журналисінің қызметі ресми белгіленген мақсатқа сәйкес келмейтіні туралы ақпарат алған;

      12) ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қатысты жағдайда жүзеге асырылады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Аккредиттеуді тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін, сондай-ақ аккредиттеуді тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлар жойылғаннан кейін Министрлік 3 (үш) жұмыс күні ішінде аккредиттеуді қайта бастайды және осы шешім туралы оны және шетелдік БАҚ-ты жазбаша хабардар етеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Коммуникация департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзімде қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
М. Тілеуберді

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
2026 жылғы 15 қазандағы
№ 11-1-4/573 бұйрығына
қосымша
  Шетелдік бұқаралық ақпарат
құралдарының өкілдіктерін
және олардың журналистерін
аккредиттеу қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

ӨКІЛДІКТІҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

      Есепті кезең: "" __________ 20__ ж. бастап "" __________ 20__ ж. дейін

      1. Журналист және бұқаралық ақпарат құралы туралы мәліметтер

      • Журналистің Т.А.Ә.: ______________________________________________________

      • Азаматтығы және паспорт деректері: ___________________________________

      • Аккредиттеу карточкасының нөмірі мен қолданылу мерзімі: ______________

      • Шетелдік БАҚ толық атауы: ___________________________________________

      • БАҚ бас кеңсесі орналасқан ел: _________________________________________

      o Тілшілер қосынының басшысы

      o Тұрақты тілші

      o Арнайы тілші/Фрилансер

      2. Жыл ішіндегі кәсіби қызметіне шолу

      • Болу елі туралы дайындалған материалдардың жалпы

      саны: _____

      • Материалдардың негізгі форматтары (санын көрсету):

      o Мақалалар / мәтіндік репортаждар: _____

      o Телевизиялық сюжеттер / бейнерепортаждар: _____

      o Радиоэфирлер / подкасттар: _____

      o Фоторепортаждар: _____

      Жыл ішінде жарияланған негізгі тақырыптар: (мысалы: ішкі саясат, экономикалық реформалар, мәдени оқиғалар, халықаралық сапарлар)

      Қосымшалар:

      1. Аса маңызды жарияланымдардың көшірмелері немесе сюжеттердің бейне/аудиожазбалары бар CD/USB жеткізгіштер.

      2. Жергілікті персоналды жұмысқа қабылдауды растайтын құжаттардың көшірмелері (егер болу елінің заңы бойынша қажет болса).

      Журналистің қолы: __________________ / _________________________________

      Толтырылған күні: "" __________ 20 ж.

      М.О. (БАҚ өкілдігінің мөрі немесе бас редакция басшысының қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады