БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік кірістер органына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, брокерлердің, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының, қарыз краудфандингтік платформаны басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушыларының, кредиттік бюролардың активтер мен міндеттемелер туралы және кірістер мен мүлік туралы салықтық есептілікті ұсыну міндеттемесі туындаған жеке тұлғаларды салықтық әкімшілендіру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну қағидаларын және нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 697 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілiмінде № 37397 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің жеке тұлғалар жасасқан сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдерінде:
3 және 4-тармақтар манадай редакцияда жазылсын:
"3. Ұйымдар Мәліметтерді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің "Smart Data Finance" цифрлық жүйесі (бұдан әрі – "SDF"ЦЖ) арқылы электронды тәсілмен ұсынады.
Цифрлық жүйелер интеграцияланғанға дейін Мәліметтер қағаз жеткізгіште не өзге де электрондық тәсілмен ұсынылуы мүмкін.
Ұйымдар жеке тұлғалар жасасқан сақтандыру шарттары бойынша ұсынатын Мәліметтер әрбір сақтандыру шартының (полистің) бөлінісінде жеке ұсынылады.
4. "SDF" ЦЖ-да техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайда, Мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына ілеспе хатпен CD дискіде ұсынылады.";
көрсетілген бұйрыққа 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 5-қосымшада орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органына бағалы қағаздарды ұстаушы тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның бағалы қағаздарды ұстаушы тұлғалар туралы, сондай-ақ тұлғалардың бағалы қағаздармен жасаған мәмілелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларында:
3 және 4-тармақтар манадай редакцияда жазылсын:
"3. Мәлімет ұйыммен жүйеде қамтылған деректер негізінде, техникалық тұрғыдан мүмкін болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің "Smart Data Finance" (бұдан әрі – "SDF" ЦЖ) цифрлық жүйесіне электронды түрде ұсынылады.
Цифрлық жүйелер интеграцияланғанға дейін мәліметтер қағаз жеткізгіште не өзге де электрондық тәсілмен ұсынылуы мүмкін.
4. "SDF" ЦЖ-да техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайда, Мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына ілеспе хатпен CD дискіде ұсынылады.";
көрсетілген бұйрыққа 9 және 10-қосымшалар осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органына қарыз краудфандингтік платформаны басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушыларының краудфандингтік платформаларда жасалған шарттар, сондай-ақ резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларында:
3 және 4-тармақтар манадай редакцияда жазылсын:
"3. Мәліметтер электрондық түрде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің "Smart Data Finance" цифрлық жүйесіне (бұдан әрі – "SDF" ЦЖ) ұсынылады.
4. "SDF" ЦЖ-да техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайда, Мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына ілеспе хатпен CD дискіде ұсынылады.";
көрсетілген бұйрыққа 14-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республиканың Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларда көзделген іс-шаралардың орындалуы жөніндегі мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан kgd.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: Мемлекеттік кірістер органына брокерлер ұсынатын сауда-саттық қорытындылары бойынша жасалған бағалы қағаздармен мәмілелер жөніндегі мәліметтер.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): СҚЖБҚМ – 3
Кезеңділігі: ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын.
Есепті кезең:
_____ ай ____ жылға;
_____ тоқсан ____ жыл үшін;
_____ жыл үшін.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: брокерлер.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы келіп түскен күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.
Жеке сәйкестендіру нөмірі/ |
|
(деректерді жеке тұлғалар, сондай-ақ біріктірілген түрде ұсынған жағдайда
толтырылмайды)
Жинау әдісі: цифрлық жүйелерді интеграциялау арқылы электрондық түрде.
20____ "___" ________ бастап 20____ "___" ________ дейінгі кезең үшін
______________________________________________________________
(брокердің атауы / тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын
құжатта көрсетілсе))
______________________________________________________________
(брокердің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)
№ | Жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі | Жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) | Бағалы қағаз түрі | Бағалы қағаздың халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) | Бағалы қағаздың саны | Бағалы қағаздың номиналды құны, теңге | Мәміле күні | Мәміле түрі | Мәміле бойыншконтр агент |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
кестенің жалғасы
Бір депозитарлық қолхаттың базалық активін құрайтын бағалы қағаздардың саны | Депозитарлық қолхаттарды орналастыру бағасы, теңге | Депозитарлық қолхаттардың айналыс мерзімі | Инвестициялық пай қорының атауы | Басқарушы компанияның бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Басқарушы компанияның атауы |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
Атауы ______________________ Мекенжайы ______________________
____________________________ ________________________________
Телефоны ____________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _________________________________
Орындаушы __________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе), қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
______________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе) қолы
Мөр орны ___________________________________________
"Мемлекеттік кірістер органына брокерлер ұсынатын сауда-саттық қорытындылары
бойынша жасалған бағалы қағаздармен мәмілелер жөніндегі мәліметтер" нысанын
толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
| "Мемлекеттік кірістер органына брокерлер ұсынатын сауда-саттық қорытындылары бойынша жасалған бағалы қағаздармен мәмілелер жөніндегі мәліметтер" нысанына қосымша |
"Мемлекеттік кірістер органына брокерлер ұсынатын сауда-саттық қорытындылары бойынша жасалған бағалы қағаздармен мәмілелер жөніндегі мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша түсіндірме (СҚЖБҚМ – 3, ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын)
1. Нысанның 1-бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.
2. Нысанның 2-бағанында бағалы қағаздарды ұстаушы жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
3. Нысанның 3-бағанында бағалы қағаздарды ұстаушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі.
4. Нысанның 4-бағанында Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 129-бабы 2-тармағына сәйкес 3-бағанда көрсетілген ұстаушысы жеке тұлға болып табылатын бағалы қағаздың түрі көрсетіледі.
5. Нысанның 5-бағанында бағалы қағаздың халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) көрсетіледі.
6. Нысанның 6-бағанында нысанның 4-бағанында көрсетілген түрдегі бағалы қағаздардың саны көрсетіледі;
7. Нысанның 7-бағанында бағалы қағаздардың номиналдық құны теңгемен көрсетіледі.
8. Нысанның 8-бағанында мәміленің жасалған күні көрсетіледі.
9. Нысанның 9-бағанында мәміленің түрі көрсетіледі.
10. Нысанның 10-бағанында мәміле бойынша контрагент көрсетіледі.
11. Нысанның 11-бағанында бір депозитарлық қолхаттың базалық активін құрайтын бағалы қағаздардың саны көрсетіледі.
12. Нысанның 12-бағанында депозитарлық қолхаттарды орналастыру бағасы теңгемен көрсетіледі.
13. Нысанның 13-бағанында депозитарлық қолхаттардың айналыс мерзімі көрсетіледі.
14. Нысанның 11, 12 және 13-бағандары депозитарлық қолхаттар бойынша ақпарат ұсынылған жағдайда толтырылады.
15. Нысанның 14-бағанында инвестициялық пай қорының атауы көрсетіледі.
16. Нысанның 15-бағанында басқарушы компанияның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
17. Нысанның 16-бағанында басқарушы компанияның атауы көрсетіледі.
18. Нысанның 14, 15 және 16-бағандары пайлар бойынша ақпарат ұсынылған жағдайда толтырылады.
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитетіне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан kgd.gov.kz интернет-
ресурсында орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: Мемлекеттік кірістер органына тауар биржалары және
(немесе) тауар биржаларының клирингтік орталықтары ұсынатын тауар биржасында
өткізілген биржалық тауарлармен тұлғалардың мәмілелері туралы мәліметтер.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан
атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ТБӨБТТММ – 4.
Кезеңділігі: ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын.
Есепті кезең:
_____ ай ____ жылға;
_____ тоқсан ____ жыл үшін;
_____ жыл үшін.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар
тобы: тауар биржалары, клирингтік орталықтар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы келіп түскен күннен кейін 10 (он) жұмыс
күні ішінде.
Жеке сәйкестендіру нөмірі/ |
|
(деректерді жеке тұлғалар, сондай-ақ біріктірілген түрде ұсынған жағдайда
толтырылмайды)
Жинау әдісі: цифрлық жүйелерді интеграциялау арқылы электрондық түрде.
20____ "___" ________ бастап 20____ "___" ________ дейінгі кезең үшін
______________________________________________________________
(тауар биржасының және (немесе) клирингтік орталықтың атауы)
______________________________________________________________
(тауар биржасының және (немесе) клирингтік орталықтың бизнес- сәйкестендіру
нөмірі)
№ | Тауар түрі | Биржалық мәміле | Тауар туралы мәліметтер | |||
күні | нөмірі | атауы | саны | лот сомасы | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
кестенің жалғасы
Биржалық сауда-саттыққа қатысушылар | Сауда-саттық тәртібі | |||||
сатып алушының жеке сәйкестендіру / бизнес сәйкестендіру нөмірі | сатып алушының және (немесе) дилердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) | сатып алушының брокері | сатушының жеке сәйкестендіру / бизнес сәйкестендіру нөмірі | сатушының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)/атауы | сатушының брокері | |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Атауы ______________________ Мекенжайы ______________________
____________________________ ________________________________
Телефоны ____________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _________________________________
Орындаушы __________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе), қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
______________________________________________________________
______________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе) қолы
Мөр орны ___________________________________________
"Мемлекеттік кірістер органына тауар биржалары және (немесе) тауар биржаларының
клирингтік орталықтары ұсынатын тауар биржасында өткізілген биржалық
тауарлармен тұлғалардың мәмілелері туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша
түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
"Мемлекеттік кірістер органына тауар биржалары және (немесе) тауар биржаларының клирингтік орталықтары ұсынатын тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен тұлғалардың мәмілелері туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша түсіндірме (ТБӨБТТММ – 4, ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын)
1. Нысанның 1-бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.
2. Нысанның 2-бағанында биржалық мәміледе өткізілетін тауар түрі көрсетіледі.
3. Нысанның 3-бағанында биржалық мәміленің жасалған күні көрсетіледі.
4. Нысанның 4-бағанында биржалық мәміленің нөмірі көрсетіледі.
5. Нысанның 5-бағанында биржалық тауардың атауы көрсетіледі.
6. Нысанның 6-бағанында нысанның 5-бағанында көрсетілген тауардың саны
көрсетіледі.
7. Нысанның 7-бағанында лоттың сомасы теңгеде көрсетіледі.
8. Нысанның 8-бағанында биржалық тауарды сатып алушының жеке сәйкестендіру
нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
9. Нысанның 9-бағанында нысанның 8-бағанында көрсетілген сатып алушының және
(немесе) дилердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе)/атауы көрсетіледі.
10. Нысанның 10-бағанында нысанның 8-бағанында көрсетілген сатып алушы
брокерінің атауы көрсетіледі.
11. Нысанның 11-бағанында биржалық тауар сатушының жеке сәйкестендіру
нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
12. Нысанның 12-бағанында сатушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын
куәландыратын құжатта көрсетілсе)/атауы көрсетіледі.
13. Нысанның 13-бағанында сатушы брокерінің атауы көрсетіледі.
14. Нысанның 14-бағанында сауда-саттық режимі көрсетіледі.
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитетіне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан kgd.gov.kz интернет–
ресурсында орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: Мемлекеттік кірістер органына бағалы қағаздар
нарығының кәсіби қатысушылары ұсынатын жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен,
туынды қаржы құралдарымен мәмілелер туралы мәліметтер.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан
атауының қысқаша әріптік- цифрлық көрінісі): БҚТҚҚММ – 9.
Кезеңділігі: ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын.
Есепті кезең:
_____ай____жылға;
_____тоқсан____жыл үшін;
_____ жыл үшін.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар
тобы: бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы келіп түскен күннен кейін 30 (отыз)
жұмыс күні ішінде.
Жеке сәйкестендіру нөмірі/ |
|
(деректерді жеке тұлғалар, сондай-ақ біріктірілген түрде ұсынған жағдайда
толтырылмайды)
Жинау әдісі: электрондық түрде және (немесе) қағаз жеткізгіште.
20____ "___" ________ бастап 20____ "___" ________ дейінгі кезең үшін
______________________________________________________________
(кәсіби қатысушының атауы, кәсіби қатысушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
№ | Жеке сәйкестендіру нөмірі | Тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) | Бағалы қағаздармен, туынды қаржы құралдарымен мәмілелер / операциялар | Бағалы қағаздармен, туынды қаржы құралдарымен мәмілені немесе операцияны тіркеу күні мен уақыты | Контрагенттің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі | Контрагенттің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы | Бағалы қағаздардың (ISIN коды), туынды қаржы құралының халықаралық сәйкестендіру нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
кестенің жалғасы
Эмитенттің немесе басқарушы компанияның бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Эмитенттің немесе басқарушы компанияның атауы | Саны | Мәміленің немесе операцияның көлемі | Мәміле немесе операция валютасы | Мәміле немесе операциялар түрі | Орталықтан депозитарийдің ақша аударымының белгісі | Биржада жасалған мәміленің белгісі |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
Атауы ______________________ Мекенжайы ______________________
____________________________ ________________________________
Телефоны ____________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _________________________________
Орындаушы __________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе), қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
____________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе) қолы
Мөр орны ___________________________________________
Ескертпе: "Қазақстан қор биржасы" АҚ және "KASE Клирингтік орталығы" АҚ
қоспағанда, кәсіби қатысушылар мемлекеттік кірістер органынан сұрау салуды алған
күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде ұсынады.
Мәлімет ұйыммен жүйеде қамтылған деректер негізінде, техникалық тұрғыдан мүмкін
болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс
комитетінің "Smart Data Finance" цифрлық жүйесіне электронды түрде ұсынылады.
"SDF" ЦЖ-да техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайда, Мәліметтер
мемлекеттік кірістер органдарына ілеспе хатпен CD дискіде ұсынылады.
"Мемлекеттік кірістер органына бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары
ұсынатын жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен, туынды қаржы құралдарымен
мәмілелер туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға
қосымшада келтірілген.
| "Мемлекеттік кірістер органына бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары ұсынатын жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен, туынды қаржы құралдарымен мәмілелер туралы мәліметтер" нысанына қосымша |
"Мемлекеттік кірістер органына бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары ұсынатын жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен, туынды қаржы құралдарымен мәмілелер туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша түсіндірме (БҚТҚҚММ – 9, ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын)
1. Нысанның 1-бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.
2. Нысанның 2-бағанында мемлекеттік кірістер органына бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары ұсынатын жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен, туынды қаржы құралдарымен мәмілелер туралы мәліметтер ұсынылатын жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
3. Нысанның 3-бағанында мемлекеттік кірістер органына бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары ұсынатын жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен, туынды қаржы құралдарымен мәмілелер туралы мәліметтер ұсынылатын жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі.
4. Нысанның 4-бағанында бағалы қағаздармен жүргізілген мәмілелер немесе операциялар туралы мәліметтер көрсетіледі.
5. Нысанның 5-бағанында бағалы қағаздармен жүргізілген мәмілелер немесе операциялар күні мен уақыты көрсетіледі.
6. Нысанның 6-бағанында контрагенттің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
7. Нысанның 7-бағанында контрагенттің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы көрсетіледі.
8. Нысанның 8-бағанында бағалы қағаздың халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) көрсетіледі.
9. Нысанның 9-бағанында эмитенттің немесе басқарушы компанияның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
10. Нысанның 10-бағанында эмитенттің немесе басқарушы компанияның атауы көрсетіледі.
11. Нысанның 11-бағанында бағалы қағаздардың саны көрсетіледі.
12. Нысанның 12-бағанында мәміленің немесе операцияның көлемі көрсетіледі.
13. Нысанның 13-бағанында "Валюталар мен ақшалай қаражаттарды ұсыну кодтары" ҚР НҚ 07 ISO 4217 ұлттық жіктеуішіне сәйкес операцияның немесе операцияның валютасы көрсетіледі.
14. Нысанның 14-бағанында мәміленің немесе операцияның түрі көрсетіледі (актив бірлігінің саны немесе транзакциялар саны).
15. Нысанның 15-бағанында Орталық депозитарийдің ақша аудару белгісі көрсетіледі (егер ақша аударуды Орталық депозитарий жүзеге асырған болса, онда "Y" таңбасы көрсетіледі, қалған жағдайларда "N" таңбасы көрсетіледі).
16. Нысанның 16-бағанында биржада жасалған мәміленің белгісі көрсетіледі (егер мәміле биржада жасалса, онда "Y" таңбасы көрсетіледі, қалған жағдайларда "N" таңбасы көрсетіледі).
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитетіне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан kgd.gov.kz интернет–
ресурсында орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: Тауар биржалары және (немесе) тауар биржаларының
клирингтік орталықтары ұсынатын тауар биржасында өткізілген биржалық
тауарлармен жеке тұлғалардың мәмілелері туралы мәліметтер.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан
атауының қысқаша әріптік- цифрлық көрінісі): ТБЖТММ – 10.
Кезеңділігі: ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын.
Есепті кезең:
_____ай____жылға;
_____тоқсан____жыл үшін;
_____ жыл үшін.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар
тобы: бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы келіп түскен күннен кейін 30 (отыз)
жұмыс күні ішінде.
Жеке сәйкестендіру нөмірі/ |
|
(деректерді жеке тұлғалар, сондай-ақ біріктірілген түрде ұсынған жағдайда
толтырылмайды) Жинау әдісі: электрондық түрде және (немесе) қағаз жеткізгіште.
20____ "___" ________ бастап 20____ "___" ________ дейінгі кезең үшін
_________________________________________________________________
(тауар биржасының және (немесе) тауар биржасының клирингтік орталығының
атауы, тауар биржасының және (немесе) тауар биржасының клирингтік орталығының
бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
№ | Тауар түрі | Биржалық мәміле | Тауар туралы мәліметтер | |||
күні | нөмірі | атауы | саны | лот сомасы | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
кестенің жалғасы
Сауда-саттық биржасына қатысушылар | сауда-саттық режимі | |||||
жеке сәйкестендіру нөмірі | тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) | сатып алушының брокері | сатушының жеке сәйкестендіру/бизнес сәйкестендіру нөмірі | сатушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)/ атауы | сатушының брокері | |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Атауы ______________________ Мекенжайы _______________________
____________________________ __________________________________
Телефоны _____________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы __________________________________
Орындаушы____________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе), қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
_______________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе) қолы
Мөр орны ___________________________________________
Ескертпе: Ұйым Мәліметтерді мемлекеттік кірістер органының сұрау салуын алған
күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде ұсынады.
Мәлімет ұйыммен жүйеде қамтылған деректер негізінде, техникалық тұрғыдан мүмкін
болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс
комитетінің "Smart Data Finance" цифрлық жүйесіне электронды түрде ұсынылады.
"SDF" ЦЖ-да техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайда, Мәліметтер
мемлекеттік кірістер органдарына ілеспе хатпен CD дискіде ұсынылады.
"Тауар биржалары және (немесе) тауар биржаларының клирингтік орталықтары
ұсынатын тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен жеке тұлғалардың
мәмілелері туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға
қосымшада келтірілген.
| "Тауар биржалары және (немесе) тауар биржаларының клирингтік орталықтары ұсынатын тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен жеке тұлғалардың мәмілелері туралы мәліметтер" нысанына қосымша |
"Тауар биржалары және (немесе) тауар биржаларының клирингтік орталықтары ұсынатын тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен жеке тұлғалардың мәмілелері туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша түсіндірме (ТБЖТММ – 10, ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын)
1. Нысанның 1-бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.
2. Нысанның 2-бағанында биржалық мәміледе өткізілетін тауардың түрі көрсетіледі.
3. Нысанның 3-бағанында биржалық мәміленің жасалған күні көрсетіледі. мемлекеттік кірістер органына бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары ұсынатын жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен, туынды қаржы құралдарымен мәмілелер туралы мәліметтер ұсынылатын жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі.
4. Нысанның 4-бағанында биржалық мәміленің нөмірі көрсетіледі.
5. Нысанның 5-бағанында биржалық тауардың атауы көрсетіледі.
6. Нысанның 6-бағанында нысанның 5-бағанында көрсетілген тауарлардың саны көрсетіледі.
7. Нысанның 7-бағанында лоттың сомасы теңгеде көрсетіледі.
8. Нысанның 8-бағанында биржалық тауарды сатып алушының жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
9. Нысанның 9-бағанында 8-бағанда көрсетілген сатып алушының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі.
10. Нысанның 10-бағанында 8-бағанда көрсетілген сатып алушы брокерінің атауы көрсетіледі.
11. Нысанның 11-бағанында биржалық тауар сатушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
12. Нысанның 12-бағанында сатушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)/атауы көрсетіледі.
13. Нысанның 13-бағанында сатушы брокерінің атауы көрсетіледі.
14. Нысанның 14-бағанында биржалық сауда-саттық режимі көрсетіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі 2026 жылғы 8 қазандағы № 679 бұйрығына 5-қосымша Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 697 бұйрығына 14-қосымша |
Мемлекеттік кірістер органына кредиттік бюролардың активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғалардың коллекторлық және (немесе) микроқаржы ұйымдар алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтерді ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ереже
1. Осы Мемлекеттік кірістер органына кредиттік бюролардың активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғалардың коллекторлық және (немесе) микроқаржы ұйымдар алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтерді ұсыну қағидалары Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 56-бабының 19-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органына кредиттік бюролардың осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғалардың коллекторлық және (немесе) микроқаржы ұйымдар алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтерді (бұдан әрі - Мәліметтер) ұсыну тәртібін айқындайды.
2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғалардың тізімін қалыптастырғаннан кейін Комитеттің "Smart Data Finance" цифрлық жүйесі (бұдан әрі – "SDF" ЦЖ) арқылы кредиттік бюроға жеке тұлғалардың тізімін (жеке сәйкестендіру нөмірін) жолдайды.
3. Кредиттік бюро сұрау салуды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде "SDF" ЦЖ арқылы Мәліметтерді береді.
4. "SDF" ЦЖ-да техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайда, Мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына ілеспе хатпен CD дискіде ұсынылады.