Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері қатарынан қайтыс болған зейнетақы төлемдерін алушыны жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны) және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Бастығының 2026 жылғы 1 қазандағы № 11-197 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 8 қазанда № 40123 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 734 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері қатарынан қайтыс болған зейнетақы төлемдерін алушыны жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны) және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау жөніндегі нұсқаулықты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Қаржылық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Бастығының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы
С. Исабеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметінің
Бастығы
2026 жылғы 1 қазандағы
№ 11-197 Бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері қатарынан қайтыс болған зейнетақы төлемдерін алушыны жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны) және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері қатарынан қайтыс болған зейнетақы төлемдерін алушыны жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны) және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 734 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдарындағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне (бұдан әрі - еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар) еңбек ciңipгeн жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар қатарынан қайтыс болған зейнетақы төлемдерін алушыны жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны) және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау рәсімдерін нақтылайды.

      2. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларды зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Қаржылық қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – ҚҚД), сондай-ақ еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін қажетті құжаттар пакетін қалыптастыру және жалпы еңбек өтілін есептеу бөлігінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадр бөлімшесі жүзеге асырады.

      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде (бұдан әрі – МКҚ) зейнетақымен қамтамасыз етуге кіреді:

      1) МКҚ-да қызмет өткерген әскери қызметшiлер мен қызметкерлерге, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарындағы, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі адамдарға және тұрғылықты жері өзгерген азаматтарға, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (бұдан әрі – ТМД) қатысушы мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрғылықты тұруға келген ТМД қатысушы мемлекеттердің әскери қызметшілері, ішкі істер органдарының қызметкерлері қатарынан осы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу, тағайындау, қайта есептеу, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау;

      2) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылардың және олардың зейнеткерлік істерінің жеке есебін жүргізу;

      3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушының мәртебесін растайтын зейнеткерлік куәлігін беру;

      4) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамның (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалдарымен өзара әрекеттесу.

2-тарау. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібі

      4. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға жүгінген тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) соңғы қызмет орны бойынша кадр бөлімшесіне ұсынады:

      1) салыстырып тексеру үшін жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы;

      2) Қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      3) Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар.

      5. Кадр бөлімшесінің лауазымды тұлғасы ұсынған құжаттардың көшірмелерін түпнұсқамен салыстырғаннан кейін куәландырады, егер құжаттардың көшірмелері "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен куәландырылмаған жағдайларды қоспағанда.

      Әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъгерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда осындай адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын жеке зейнетақы шотынан есептен шығару туралы растау-анықтамасы жоқ болған кезде, 1998 жылғы 1 қаңтарына жағдайы бойынша он жылдан көп әскери қызметі, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында қызметі бар қызметкерлер мен әскери қызметшілер соңғы қызмет орны бойынша кадр бөлімшесіне 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша жеке зейнеткерлік шотынан үзіндіні ұсынады.

      6. Құжаттардың толық емес пакетін ұсынған немесе толық емес не дұрыс емес мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсынған жағдайда, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы құжаттар қайтару себептері көрсетіліп, екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге пысықтау үшін жазбаша түрде қайтарылады.

      Өтініш беруші ескертулерді жойғаннан кейін құжаттарды кадр бөлімшесіне ұсынады.

      Ескертулер жойылмаған жағдайда, құжаттар қарастырылусыз қайтарылады.

      Бұл ретте, өтініш беруші осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көзделген тәртіппен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті қайта беруге құқылы.

      7. Кадр бөлімшесі өтініш түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттар пакетін әзірлейді және оны ҚҚД-да мынадай құжаттарды қоса беріп жолдайды:

      1) осы Нұсқаулықтағы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға жалпы еңбек өтілінің есебі (бұдан әрі – есеп);

      2) уәкілетті басшының қызметтен шығару және жеке құрам тізімінен шығару туралы бұйрықтан үзінді;

      3) соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай жабдықталым мөлшерін растайтын ақшалай аттестаты;

      4) бар болған жағдайда:

      Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар;

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 208-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес оқуды растайтын білім туралы құжаттардың және оған қосымшалардың көшірмелері, немесе мұрағаттық анықтама немесе білім алғандығын растайтын заңды фактіні белгілеу туралы сот актісі;

      сауалнама мәліметтерінің өзгертуін (өтініш берушінің тегі, аты немесе әкесінің аты (бар болса) өзгерген жағдайда) растайтын құжаттардың көшірмелері;

      әскери билеттің көшiрмесi.

      8. ҚҚД кадрлық бөлімшеден осы Нұсқаулықтың 4 және 7-тармақтарында қарастырылған құжаттар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде келесі тәртіпте еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауды жүзеге асырады:

      1) осы Нұсқаулықтағы 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау немесе қайта бастау (қайта есептеу) туралы қорытынды (бұдан әрі – Қорытынды) жасайды;

      2) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға негіз болған Қорытынды мен материалдарды тіркеп зейнеткерлік істі қалыптастырады;

      3) осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша зейнетақы істерін тіркеудің электронды журналында жазба жасайды;

      4) осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша зейнеткерлік куәлікті ресімдейді және дайындайды;

      5) зейнеткерлік куәлігін осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша журналда тіркейді және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерiн алушыға немесе оның өкіліне сенімхат бойынша қол қою арқылы береді.

      Кадр бөлімшесінен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға жалпы еңбек өтілінің есебінде қателері бар, сонымен қатар еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда ҚҚД құжаттар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде құжаттарды бас тарту себептері туралы хатпен кадр бөлімшесіне қайтарады.

      Кадр бөлімшесі құжаттарды қайтарған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      9. Зейнеткерлік куәлікті алмастыру өлшемі 3х4 сантиметр екі дана фотосуреттері қоса берілген еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушының жазбаша өтініші негізінде келесі жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) зейнеткерлік куәлікті жоғалту (ұрлату);

      2) зейнеткерлік куәліктің бүлінуі;

      3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушының тегі, аты немесе әкесінің аты (ол бар болған кезде) өзгеруі.

      Зейнеткерлік куәлікті жоғалту (ұрлату) жағдайында еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы қайтарылған заттар бюросына жүгінгендігі туралы құжаттардың көшірмелерін, талон-хабарлама, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында жоғалған зейнеткерлік куәлігінің жарамсыздығы туралы хабарламаны жарияланымын ұсына отырып ҚҚД-н хабардар етеді.

      Тегі, аты немесе әкесінің аты (бар болған жағдайда) өзгерген жағдайда еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы өзгерген деректері бар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ҚҚД-ға ұсынады.

      Зейнеткерлік куәлік бүлінген жағдайда, сондай-ақ оның тегі, аты немесе әкесінің аты (бар болған жағдайда) өзгерген жағдайда еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы ҚҚД-ға бұрын берілген зейнеткерлік куәлігін кейін жою үшін ұсынады.

      10. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалғаннан кейін ҚҚД Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес 1-В/Л нысаны бойынша хабарламаны қоса беріп, Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес қағаз немесе электрондық форматта бір данада 1-BC нысаны бойынша зейнеткерлік істен үзінді көшірмені жолдайды. Үзіндінің екінші данасы зейнеткерлік ісіне тігіледі.

      11. Алушының тегі, аты немесе әкесінің аты (бар болған жағдайда), банктік шотының нөмірі, туған күні, тұрғылықты жері өзгерген жағдайда еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы ҚҚД-ға тиісті өзгерістерді растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидалардың 6-1-қосымшасына сәйкес өзгерістер туралы өтініш береді.

      ҚҚД жаңа деректемелері бар үзінді көшірмені қағаз немесе электрондық форматта Мемлекеттік корпорация филиалдарына жібереді.

      Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушының тұрғылықты жері өзгерген кезде ҚҚД Қағидалардың 28-тармағына сәйкес бұрынғы тұрғылықты жері бойынша және Қағидалардың 11-тармағына сәйкес жаңа тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорация филиалдарын хабардар етеді.

3-тарау. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі

      12. Қызмет өтілінің, ақшалай жабдықталым мөлшерінің өзгеруіне байланысты еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерлері өзгерген жағдайда ҚҚД қорытындыны әзірлейді және Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 1-В/Л нысаны бойынша хабарламаны қоса беріп, Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес қағаз немесе электрондық форматта бір данада 1-BC нысаны бойынша зейнеткерлік істен үзінді көшірмені жолдайды.

      Үзінді көшірмелердің екінші даналары зейнеткерлік іске тіркеледі.

      13. Еңбек өтілі туралы бұрын ұсынылған құжаттарды толықтыратын құжаттарды еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы ұсынған жағдайда, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін өзгертуді ҚКД еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы мөлшерін қайта қарау туралы өтініш берілген күннен бастап жүргізеді .

      14. Кодексте көзделген жыл сайынғы арттыруға, айлық есептік көрсеткіштің, ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерлері өзгерген жағдайда ҚҚД осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес 1-BC-арттыру нысаны бойынша қағаз немесе электрондық форматта еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемінің жаңа мөлшері туралы үзінді көшірмелерді дайындайды және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 1-В/Л нысаны бойынша хабарламаны қоса беріп, Мемлекеттік корпорацияның филиалдарына бір данада жолдайды.

      15. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыны әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бере отырып, мемлекеттік қызметке (резервтегі әскери қызметтен басқа) қабылдау жағдайында кадр бөлімшесі ҚҚД-ға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін (бар болған жағдайда) қызмет өткеру кезеңіне тоқтата тұру үшін сәйкес ақпаратты жолдайды.

      16. Еңбек сіңірген жылдар үшін зейнетақы төлемдерін алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрғылықты тұруға кеткен кезде, алушы ҚҚД-ға бұрынғы тіркелген орны бойынша зейнетақы төлемдерін тоқтату туралы еркін нысандағы өтінішпен жүгінеді. Өтінішке бұрынғы тұрақты тіркелген орны бойынша тіркеуден шыққанын растайтын құжат қоса беріледі.

      Зейнетақы төлемдерін тоқтату (тоқтата тұру) туралы шешім осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      ҚҚД Мемлекеттік корпорация филиалдарына Қағидалардың 9 және 10-қосымшаларына сәйкес алушыны төлемнен алып тастау туралы хабарламаны жолдайды.

4-тарау. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарындағы және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі

      17.  Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында стационар жағдайында және толық мемлекеттік қамсыздандыруында тұратын еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларға төлемдер Қағидалардың 4-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

      Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында стационар жағдайында түсуі (шығуы) кезінде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тоқтата тұру (қайта бастау) туралы шешім осы Нұсқаулықтың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      18.  Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларға төлемдер Қағидалардың 5-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне түскен кезде зейнетақы төлемдерін тоқтату (тоқтата тұру) туралы шешім осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

5-тарау. Тұрғылықты жері өзгерген кезде азаматтарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі

      19. ҚҚД Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кететін адамның зейнеткерлік істі басқа елдердің уәкілетті органдарының сұратуы бойынша он жұмыс күні ішінде жібереді.

      Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тоқтату үшін ҚҚД Мемлекеттік корпорацияның филиалдарына Қағидалардың 9 және 10-қосымшаларына сәйкес 1-Б/ВС, 1-Б/ВС/2 нысандары бойынша қағаз немесе электрондық форматта хабарламаларды бір данада Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес 1-В/Л нысаны бойынша хабарламаны қоса беріп ұсынады.

      20. ТМД-ға қатысушы мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрғылықты тұруға келген адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері жүгінген күннен бастап, бірақ ТМД-ға қатысушы мемлекетте зейнетақы төленген күннен кейін жыл сайынғы индексациялар ескеріле отырып тағайындалады (қайта басталады).

      21. ТМД мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушының қоныс аударуына байланысты еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындау (қайта бастау) үшін өтініш беруші ҚҚД-ға ұсынады:

      1) салыстырып тексеру үшін жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы;

      2) Қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

      3) Қағидалардың 7-тармағының 1),2),4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды.

      22. ҚҚД еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін құжаттар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, зейнеткердің бұрынғы тұрғылықты жері бойынша еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша басқа елдердің сәйкес уәкілетті органдарына Қазақстан Республикасы ратификациялаған халық аралық шарттарда өзгеше көзделмесе, зейнеткерлік ісін сұратады.

      23. ҚҚД зейнеткерлік ісі келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны кадр бөлімшесіне жолдайды. Кадр бөлімшесі зейнеткерлік ісі келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушінің қызметтен босатылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күнгі лауазымын МКҚ-ға ұқсас не теңестірілген лауазымы бойынша анықтама дайындайды.

      24. ҚҚД кадр бөлімшесінен өтініш берушінің ұқсас не теңестірілген лауазымы бойынша анықтамасы қоса берілген зейнеткерлік ісі келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Кодекстің 213-бабы 3-тармағы екінші бөлігіне сәйкес ақшалай жабдықталымның мөлшерін айқындайды және осы Нұсқаулықтың 2-тарауында көрсетілген тәртіпте еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындайды.

6-тарау. Қайтыс болған адамды жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны) және оның отбасына берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау және оны Мемлекеттік корпорациядан төлеу тәртібі

      25. Қайтыс болған адамды жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны) және оның отбасына берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау үшін ҚҚД-ға Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш және Қағидалардың 31-тармағына сәйкес құжаттар ұсынылады.

      26. Қайтыс болған адамды жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны) және оның отбасына берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау үшін ҚҚД осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытындыны дайындайды.

      27. ҚҚД Қайтыс болған адамды жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны) және оның отбасына берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындауды Қағидалардың 7-тарауына сәйкес жүзеге асырады.

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметінің
қызметкерлері мен әскери
қызметшілеріне еңбек сіңірген
жылдары үшін зейнетақы
төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері қатарынан қайтыс болған зейнетақы төлемдерін алушыны жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны) және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны
тағайындау жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша
  Нысан

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жалпы еңбек өтілінің ЕСЕБІ

      ________________________________________________________________________

      (атағы (арнаулы немесе әскери), тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке

      нөмірі, лауазымы)

      _________________________________________________________________________

      (туған күні, айы, жылы)

      ҚР МКҚ тағайындайтын еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне еңбек

      өтілін есептеуге жататын_______________ азаматтың (азаматшаның) қызметі

      (жұмысы) (күнтізбелік, жеңілдік санауда және басқа жағдайларда):

Атқаратын лауазымы, мемлекеттік мекеменің атауы

Қызмет өткеру мерзімі (күні, айы, жылы)

Қызмет атқарған жылы, айы, күні

Қызметін растайтын бұйрықтар мен басқа да құжаттардың №№ мен күндері (орган, бөлімді көрсете отырып) және қызметті жеңілдікпен есептеу үшін негіздеме

Мерзім басы

Мерзім аяғы

күнтізбелік

коэффициент

жеңілдік

1

2

3

4

5

6

7




























































































Қорытынды:







Барлығы


Еңбек өтілі
















Қорытынды:


Жалпы еңбек өтілі:


      Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін ____жылғы

      "_____"_________ жалпы еңбек өтілі ____________________құрайды.

      Есеп жасаған:

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы, арнаулы (әскери) атағы, қолы, тегі, инициалдары)

      МО

      Кадр бөлімшесінің басшысы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, арнаулы (әскери) атағы, қолы, тегі, инициалдары)

      Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне еңбек сіңірген жылдары

      бойынша есеппен келісемін ___________________________________________

      (қызметтен шығарылатын қызметкердің (әскери қызметшінің) тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда), қолы)

      20____ жыл "__" _____________

ҚЫЗМЕТКЕРДІ (ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІНІ) ҚЫЗМЕТТЕН ШЫҒАРУ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР

      _____________________________ жеке құрам тізімінен шығарылды

      (арнаулы (әскери) атағы, тегі, инициалдары)

      _________________________________Қазақстан Республикасы Заңының негізінде

      20______жылғы "___" ______ бастап 20___ жылғы "____"__________ №____

      уәкілетті басшының бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің

      запасына (отставкаға) еңбек сіңірген жылдарымен: күнтізбелік __________, жеңілдік

      санауда, басқа еңбек сіңірген жылдары _________ барлығы _________ шығарылды.

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметінің
қызметкерлері мен әскери
қызметшілеріне еңбек сіңірген
жылдары үшін зейнетақы
төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері қатарынан қайтыс болған зейнетақы төлемдерін алушыны жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны) және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны
тағайындау жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша
  Нысан
  "БЕКІТЕМІН"
  __________________________
  __________________________
  __________________________
  ___________________________
  (лауазымы, арнаулы (әскери) атағы, тегі, инициалдары, қолы)
20___ж. "____" ___________

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау немесе қайта бастау (қайта есептеу) туралы ҚОРЫТЫНДЫ

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)___________________________

      2. Туған күні ____________________________________________________

      3. Арнаулы (әскери) атағы_______________________________________

      4. Соңғы қызмет орны бойынша лауазымы _______________________________

      5. Қызметтен шығарылған күні мен себебі (Қазақстан Республикасы Заңының сәйкес

      нормасына сілтеме)

      6. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін есептеуге арналған ақшалай

      қамтылым:

      1) лауазымдық жалақы ______________теңге _____ тиын

      2) арнаулы (әскери) атағы бойынша жалақы ______________теңге _____ тиын

      Барлығы ______________теңге _____ тиын

      7. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері 20___ж. "___" _________

      бастап тағайындалды, 20___ж. "___"______________ күніне еңбек сіңірген жылдары

      үшін (күнтізбелік санауда ___жыл ____ай ____күн, жеңілдік

      санауда________жыл____ай ____ күн, жалпы қызмет өтілі ______жыл_____ай ____

      күн, еңбек өтілі ______жыл _____ай____ күн. Жалпы еңбек өтілі барлығы ______жыл

      ____ай____күн.

      8. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің сомасы айына ақшалай

      қамтылымның ______% мөлшерінде____________ теңге.

      9. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері:______________теңге.

      10. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға негіздеме

      (Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің бабы, тармағы, тармақшасы)

      ___________________________________________________________________

      Қаржы бөлімшесінің басшысы ________ _____________________ (қолы) (тегі,

      инициалдары)

      Қаржы бөлімшесінің жауапты қызметкері ________ ______________________ (қолы)

      (тегі, инициалдары)

      Зейнеткерлік куәлігі 20___ж. "_____" _____________ № ______

Зейнетақы төлемдерін қайта есептеу

р/с №

Құқықтық актінің нөмірі мен күні

Тағайындау күні

Көтеру мөлшері (%)

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің бір айлық мөлшері (теңге)

Орындаушының тегі, инициалдары, қолы















































































      Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тоқтату туралы белгі

      Төлем қай уақыттан бастап тоқтатылған ____________________________________

      Негіздеме __________________________________________________________

      Орындаушының қолы ____________________________ (___________________)

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметінің
қызметкерлері мен әскери
қызметшілеріне еңбек сіңірген
жылдары үшін зейнетақы
төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері қатарынан қайтыс болған зейнетақы төлемдерін алушыны жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны) және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны
тағайындау жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша

      Нысан

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылардың зейнеткерлік істерін тіркеу журналы

Зейнеткерлік істің №

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Арнаулы (әскери) атақ

Соңғы қызмет орны және лауазымы

Қызметтен шығару негіздемесі

Тағайындау негіздемесі

























      кестенің жалғасы

Тағайындау күні

Мөлшері, теңге

Зейнетақы төлемдерін тоқтату туралы белгі

Қайтыс болған адамды жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны) және оның отбасына берілетін біржолғы жәрдемақыны сомасы, теңге

Зейнеткерлік істі архивке беру туралы белгі (архив нөмірі)


























  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметінің
қызметкерлері мен әскери
қызметшілеріне еңбек сіңірген
жылдары үшін зейнетақы
төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері қатарынан қайтыс болған зейнетақы төлемдерін алушыны жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны) және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны
тағайындау жөніндегі нұсқаулыққа 4-қосымша
  Нысан

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушының мәртебесін растайтын зейнеткерлік куәліктің нысаны

     



     


      Ескертпе:

      1. Зейнеткерлік куәліктің сырты қызылша түсті бумвинилден дайындалады. Ашық түрде зейнеткерлік куәліктің өлшемі 20х7 сантиметр.

      2. Зейнеткерлік куәліктің алдыңғы жағының ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген, оның астында типографиялық қаріппен "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ ЗЕЙНЕТКЕРІНІҢ КУӘЛІГІ" жазуы бар.

      3. Зейнеткерлік куәліктің сол және оң ішкі жағы көгілдір түсте белгіленген тангирді тормен жасалған және оң жағында МКҚ-нің үлкен эмблемасы бар.

      4. Зейнеткерлік куәліктің сол ішкі жағында Қазақстан Республикасы ұлттық стандартына сәйкес жасалған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы орналастырылған, астыңғы жағында зейнеткерлік куәлік бланкісінің нөмірі көрсетілген. Жоғары жағында қызыл түсті жазу "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ", оның астында қызыл түсті "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ" микромәтіні орналастырылған.

      Сол жақтың ортасында қызыл түсті "ЗЕЙНЕТКЕРЛІК КУӘЛІК № __" жазу бар, оның астында қара түспен запастағы немесе отставкадағы әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіледі. Зейнеткерлік куәліктің нөмірі қара түспен басылады. Астыңғы бөлікте ортада зейнеткерлік куәліктің берілген күні жазылады.

      5. Зейнеткерлік куәліктің оң ішкі жақтың жоғары жағында қызыл түсті "СЛУЖБА ГОСУДАРСТВЕННОЙ ОХРАНЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН" жазу бар, оның астында қызыл түсті "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ" микромәтіні орналастырылған. Сол жақта 3х4 сантиметр мөлшерінде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушының түсті фотосуреті (анфас) орналасады. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушысы салтанатты киім үлгісінде көгілдір немесе ақ фонда бас киімсіз немесе іскерлік киім үлгісінде ақ фонда бас киімсіз фотоға түседі. Погондағы айырым белгілері зейнеткерлік куәлікті толтыру күніне берілген арнаулы немесе әскери атағына сәйкес болу керек. Оң жақтың ортасында қызыл түсті "ПЕНСИОННОЕ УДОСТОВЕРЕНИЕ № __" жазуы бар, оның астында запастағы немесе отставкадағы әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіледі. Зейнеткерлік куәліктің нөмірі қара түспен басылады. Астыңғы жағында зейнеткерлік куәлікке қол қойған лауазымды тұлғаның лауазымы, арнаулы (әскери) атағы, қолы, тегі және инициалдары көрсетіледі.

      6. Зейнеткерлік куәлігі уәкілетті басшының қолымен куәландырылады және дөңгелек ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бар және шеңбер бойында қазақ және орыс тілдерінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ СЛУЖБА ГОСУДАРСТВЕННОЙ ОХРАНЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН" жазуы бар дөңгелек мөрмен бекітіледі.

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметінің
қызметкерлері мен әскери
қызметшілеріне еңбек сіңірген
жылдары үшін зейнетақы
төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері қатарынан қайтыс болған зейнетақы төлемдерін алушыны жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны) және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны
тағайындау жөніндегі нұсқаулыққа 5-қосымша
  Нысан

Зейнеткерлік куәліктерді тіркеу журналы

Зейнеткерлік куәлік №

Зейнеткерлік істің №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Арнаулы (әскери) атақ

Беру немесе жіберу туралы белгі (еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алушының немесе сенімхат бойынша өкілінің қолы


























  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметінің
қызметкерлері мен әскери
қызметшілеріне еңбек сіңірген
жылдары үшін зейнетақы
төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері қатарынан қайтыс болған зейнетақы төлемдерін алушыны жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны) және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны
тағайындау жөніндегі нұсқаулыққа 6-қосымша
  Нысан

Хабарламаларды тіркеу журналы

Хабарлама нөмірі

Хабарлама беру күні

Мемлекеттік корпорация филиалының атауы

Хабарламада көрсетілген зейнеткерлердің зейнеткерлік істерінің нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

































  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметінің
қызметкерлері мен әскери
қызметшілеріне еңбек сіңірген
жылдары үшін зейнетақы
төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері қатарынан қайтыс болған зейнетақы төлемдерін алушыны жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны) және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны
тағайындау жөніндегі нұсқаулыққа 7-қосымша
  Нысан
  "БЕКІТЕМІН"
  ________________________
________________________
_________________________
(лауазымы, арнаулы (әскери) атағы, тегі, инициалдары, қолы)
"____" ____________20___г.

Зейнетақы төлемдерін тоқтату (тоқтата тұру) туралы шешім

      Зейнеткерлік істің № ______________

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)____________________________

      2. Туған күні __________жылғы "______"__________________

      3. Арнаулы (әскери) атағы _______________________________________

      4. Тоқтату (тоқтата тұру) себебі және негізі ___________________

      ___________________________________________________________________ 

      5. Төлемдер 20___жылғы "_____"__________ бастап тоқтатылсын (тоқтата тұрсын):

      1) Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері _____________теңге

      2) 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мемлекеттік базалық

      зейнетақы төлемі ______________________теңге

      3) Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ________________________теңге

      4) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған асыраушысын жоғалту

      жағдайы бойынша жәрдемақы _______________________________теңге

      М.О.

      Қаржы бөлімшесінің басшысы ________ _____________________

      (қолы) (тегі, инициалдары)

      Қаржы бөлімшесінің жауапты қызметкері ________ _____________________

      (қолы) (тегі, инициалдары)

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметінің
қызметкерлері мен әскери
қызметшілеріне еңбек сіңірген
жылдары үшін зейнетақы
төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері қатарынан қайтыс болған зейнетақы төлемдерін алушыны жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны) және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны
тағайындау жөніндегі нұсқаулыққа 8-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тоқтату (қайта бастау) туралы және стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарындағы еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін белгілеу туралы шешім

      Зейнеткерлік істің № ______________

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)___________________________

      2. Туған күні __________ жылғы "______"__________________

      3. Арнаулы (әскери) атағы_____________________________________________

      4. 20____жылғы "______"_______________жай-күй бойынша төлем мөлшері:

      1) Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемі ____________________теңге

      2) 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы

      төлемі__________________________________________ теңге

      5. АӘҚКО атауы ____________________________________________________

      6. АӘҚКО мекенжайы _________________________________________________

      7. Негіздемесі _______________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      8. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы

      төлемін төлеу _________ жылғы "____" _________ бастап тоқтатылсын.

      9. Еңбек сіңірген жылдары үшін төленуге тиіс зейнетақы төлемдерінің мөлшері _____

      жылғы "____" ____________________ бастап белгіленсін:

      1) Зейнетақы төлемдерін алушыға – еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы

      төлемдері мөлшерінің , сомасы – __________________________________ теңге;

      2) АӘҚКО – еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мөлшерінің , сомасы

      – __________________________________________________ теңге.

      М.О.

      Қаржы бөлімшесінің басшысы ________ _____________________

      (қолы) (тегі, инициалдары)

      Қаржы бөлімшесінің жауапты қызметкері ________ _____________________

      (қолы) (тегі, инициалдары)

Зейнетақы төлемдерін қайта есептеу

р/с №

Тағайындау күні

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің жалпы сомасы

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері

Орындаушының тегі, инициалдары, қолы

алушыға (%)

АӘҚКО
(%)



























































































      АӘҚКО-нан шығу кезінде:

      1. _____ жылғы "____" _________________ бастап __________________ теңге

      (сомасы сөзбен) сомасын құрайтын 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған

      мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін төлеу қайта басталсын.

      2. _____ жылғы "____" _______________ бастап ___________________ теңге

      ____________________________________________________(сомасы сөзбен)

      сомасын құрайтын еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері

      белгіленсін.

      3. Негіздеме _______________________________________________________

      М.О.

      Қаржы бөлімшесінің басшысы ________ _____________________

      (қолы) (тегі, инициалдары)

      Қаржы бөлімшесінің жауапты қызметкері ________ ______________________

      (қолы) (тегі, инициалдары)

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметінің
қызметкерлері мен әскери
қызметшілеріне еңбек сіңірген
жылдары үшін зейнетақы
төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері қатарынан қайтыс болған зейнетақы төлемдерін алушыны жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны) және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны
тағайындау жөніндегі нұсқаулыққа 9-қосымша
  Нысан
  "БЕКІТЕМІН"
  _________________________
  _________________________
  __________________________
  (лауазымы, арнаулы (әскери)
  атағы, тегі, инициалдары, қолы)
  20___ж. "____" ____________

Қайтыс болған зейнетақы төлемдерін алушыны жерлеуге біржолғы төлем (өтемақы) және оның отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақы тағайындау туралы ҚОРЫТЫНДЫ

      Зейнеткерлік істің № ______________

      1. Қайтыс болған зейнетақы төлемдерін алушының тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда)________________________________________________

      2. Арнаулы (әскери) атағы_______________________________________

      3. Последняя занимаемая должность_____________________________________

      4. 20___жылғы "____"_____________ жай-күй бойынша еңбек сіңірген жылдары үшін

      зейнетақы төлемдерінің мөлшері ______________________________ теңге

      5. Қайтыс болған күні 20_____жылғы "______"____________

      6. 20____жылғы "____"________________________№ _________ еңбек сіңірген

      жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушының қайтыс болуын растайтын құжат

      7. Қайтыс болған зейнетақы төлемдерін алушыны жерлеуге біржолғы төлем (өтемақы)

      және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындауға

      негіздеме: Қазақстан Республикасы Заңының ______________бабы

      _______тармағының _______тармақшасына сәйкес

      ___________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      8. Қайтыс болған зейнетақы төлемдерін алушыны жерлеуге біржолғы төлем

      (өтемақы):

      Алушы ________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні

      сомасында_____________________________________________________ теңге

      9. Біржолғы жәрдемақы келесі отбасы мүшелеріне тағайындалады:

Туыстық дәрежесі

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған күні

Қайтыс болғанмен туыстық қатынастарды куәландыратын құжат

Төленуге тиіс сома (теңге)






      Қаржы бөлімшесінің басшысы ________ _____________________

      (қолы) (тегі, инициалдары)

      Қаржы бөлімшесінің жауапты қызметкері ________ ______________________

      (қолы) (тегі, инициалдары)

      М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады