БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жеке тұлғаның салық берешегіне байланысты шешімдер нысандарын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 541 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36968 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі 2026 жылғы 5 қазандағы № 671 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 541 бұйрығына 1-қосымша Нысан |
Жеке тұлғалардың салық берешегін өтеу туралы хабарлама
20 __ жылғы "___" _________ | № _____ |
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 83-бабы
1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес
____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
Сізге __________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
(бұдан әрі – тегі, аты және әкесінің аты) немесе төлеушінің толық атауы)
____________________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), заңды мекен жайы)
Сіздің мына салық түрлері бойынша салық берешегінің сомасын өтемегеніңіз туралы
хабардар етеді:
теңге
№ | Төлемнің атауы | Бюджеттік сыныптама коды (БСК) | Төлемнің сомасы (төлем тағайындау коды (ТТК) 911) | Өсімпұл сомасы (төлем тағайындау коды (ТТК) 912) |
1 | ||||
2 |
Аталған салық берешегін өтеу үшін қажетті банк деректері:
Бенефициар атауы:
____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
Бенефициар Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН): _____________________
Бенефициар банкі: _______________________________________________
Бенефициар Банкінің сәйкестендіру коды (БСК): _____________________
Салық кодексінің 190-бабы 1 және 2-тармақтарына сәйкес тиісті қаржы жылында 1 қаңтарда қолданыста болған, 1 еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық мөлшердегі салықтық берешек сомасын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда, жеке тұлғаға салықтық берешегін өтеу туралы хабарламаны табыс еткен күннен бастап отыз жұмыс күнінің өтуі бойынша мемлекеттік кірістер органы жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады.
Салықты және бюджетке төленетін төлемді төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындаудың мерзімі өткен әрбір күні үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мерзімі өткен әрбір күнге базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі.
Сіздің осы хабарлама табыс етілген күннен бастап үш ай ішінде
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(жеке тұлғалардың салықтық берешегін өтеу туралы хабарламаны шығарған
мемлекеттік кірістер органның атауы)
арқылы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің
(бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабында көзделген тәртіппен
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(шағым берілетін жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органының атауы)
немесе сотқа ҚР ӘРПК-де көзделген тәртіппен және мерзімдерде шағым жасауға
құқығыңыз бар.
Мемлекеттік кірістер органның басшысы
____________________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты, қолы, мемлекеттік кірістер органының мөрі)
Хабарламаны алды ______________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты, қолы, күні)
Хабарлама төлеушіге табыс етілді
____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органы лауазымды тұлғасының адамының тегі, аты, әкесінің
аты, қолы, күні)
Хабарлама төлеушіге жіберілді
____________________________________________________________________
(жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)
Ескертпе: осы жеке тұлғалардың салықтық берешегін өтеу туралы хабарламаны мемлекеттік кірістер органының автоматтандырылған цифрлық жүйесі пайдаланыла отырып қабылдаған кезде ол осындай цифрлық жүйенің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі 2026 жылғы 5 қазандағы № 671 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 541 бұйрығына 2-қосымша Нысан |
Жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығы
20__ жылғы "___" ________ | № ________ |
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі)
190-бабынас сәйкес
____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
БҰЙЫРАДЫ:
________________________________________________________________ -дан
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
(бұдан әрі – тегі, аты және әкесінің аты) немесе төлеушінің толық атауы, жеке
сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), заңды мекенжайы)
салықтың мынадай түрлері бойынша салықтық берешек сомасы өндіріліп алынсын:
теңге
№ | Төлемнің атауы | Бюджеттік сыныптама коды (БСК) | Төлемнің сомасы (төлем тағайындау коды (ТТК) 911) | Өсімпұл сомасы (төлем тағайындау коды (ТТК) 912) |
1 | ||||
2 |
Салық кодексінің 83-бабы 2-тармағына сәйкес салық төлеушіге
20__ жыл "___" _________ (хабарлама тапсырылған күні) жеке тұлғаның салық
берешегін өтеу туралы 20__ жыл "___" _________ № ___ хабарлама табыс етілді
(хабарламаның күні және нөмірі).
Салық кодексінің 190-бабының 3-тармағына сәйкес жеке тұлға салық бұйрығын
орындамаған кезде мемлекеттік кірістер органы салық бұйрығы табыс етілген күнінен
кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктермей "Атқарушылық iс жүргiзу және сот
орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында
айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындату үшін аумағы бойынша тиісті әділет
органына не жеке сот орындаушыларының тиісті өңірлік палатасына осындай салық
бұйрығын жібереді.
Сіздің осы салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап 3 (үш) ай ішінде
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарған мемлекеттік
кірістер органның атауы)
арқылы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің
(бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабында көзделген тәртіппен ____________________
____________________________________________________________________
(шағым берілетін жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органының атауы)
немесе сотқа ҚР ӘРПК-де көзделген тәртіппен және мерзімдерде шағым жасауға
құқығыңыз бар.
Мемлекеттік кірістер органның басшысы
____________________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты, қолы, мемлекеттік кірістер органының мөрі)
Жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын алды
____________________________________________________________________
(салық төлеушінің тегі, аты және әкесінің аты, қолы, күні)
____________________________________________________________________
(орындау өндірісі органының лауазымды тұлғасы тегі, аты, әкесінің аты қолы, күні)
Ескертпе: осы жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын мемлекеттік кірістер органының автоматтандырылған цифрлық жүйесін пайдаланыла отырып қабылдаған кезде ол осындай цифрлық жүйенің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады.