"Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 335 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 2 қазандағы № 250 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 5 қазанда № 40088 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 343-бабының 1-тармағына сәйкес

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 335 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24386 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа қосымшадағы "Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар шеңбері" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар шеңбері: қызметі барысында, жеке тұлғалардың коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрамдастарын түзетін, мұндай қалдықтарды тұрмыстық қатты қалдықтарды басқарудың орталықтандырылған жүйесіне тапсыратын жағдайларды қоспағанда, қауіпті қалдықтар түзілетін жеке және заңды тұлғалар (қалдық түзушілер)."

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады