БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 558 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6518 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеуді, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзетуді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган), қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылып немесе кеңейтіліп отырған орталық немесе астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдардың техникалық тапсырмалары бойынша мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-іздестіру) ұйымдары екі кезеңде жүргізеді.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Техникалық-экономикалық негіздеменің жобасы жер учаскелерінің меншік иелерімен және жер пайдаланушылармен, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарымен келісіледі.";
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"45. Қорықтар, табиғи саябақтар, табиғи резерваттар шекаралары бойына күзет аймағын орналастыру көзделеді.
Сыртқы шекарасы меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерінің шекаралары немесе табиғи географиялық шептер бойынша белгіленетін күзет аймағының ені екі шақырымнан кем болмауы тиіс.
Қазақстан Республикасы Жер кодексіне және Заңға сәйкес астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары шешімдер шығару үшін күзет аймағының аумағында күзет режимі және табиғат пайдалану тәртібі анықталады."
49 және 50-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер бөлу жобасы уәкілетті органмен келісуге және облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органымен бекітуге жіберіледі.
50. Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер бөлу жобасы уәкілетті органның аумақтық органымен, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі облыстық органдармен келісіледі және облыстың (астана, республикалық маңызы бар қала) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органымен бекітіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі |
А. Куантыров |