БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы |
Ж. Шарабасов |
| Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 1 қазандағы № 287-НҚ бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Отбасылық үлгідегі балалар ауылы мен жасөспірімдер үйлерінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық кесімерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 18 шілдедегі № 583 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1629 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Отбасылық үлгідегі балалар ауылы мен жасөспірімдер үйлерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы";
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Отбасылық үлгiдегi балалар ауылы мен жасөспiрiмдер үйлерiнiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актілер:";
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Тәрбиеші аналардың біліктілік санаттарында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тәрбиешi ана өз қызметiнде Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын (1994 жыл), Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актілерді, оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі әдiстемелiк ұсынымдарды басшылыққа алады.";
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілген Балалар ауылындағы отбасында балаларды күтіп-бағуды және тәрбиелеуді жүзеге асыратын тәрбиеші аналарды конкурстық іріктеуді жүргізу тәртібінде:
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;";
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілген Балаларды балалар ауылының отбасына беру туралы үлгі шартта:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы шарт бұдан әрі "Орган" деп аталатын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларының негізінде әрекет ететін
__________________________________________________________________
(астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың)
әкімі жанындағы қорғаншылық және қамқоршылық органы атынан
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
бір жағынан және бұдан әрі "Әкімшілік" деп аталатын және Жарғы негізінде
әрекет ететін "___________________" балалар ауылы _____________ (атауы)
(балалар үйі, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған мектеп-интернат) әкімшілігінің директоры
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
екінші жағынан және бұдан әрі "тәрбиеші ана" деп аталатын Қазақстан
Республикасының азаматы __________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке куәлігінің №, кім және қашан
берді) төмендегі туралы осы шартты жасасты:";
көрсетілген бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес бекітілген Балалар ауылы, балалар үйі
және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған
мектеп-интернат пен тәрбиеленуші (бітіруші) арасында жасалған Жасөспірімдер
үйінде күтіп-бағу туралы 2.4.5-тармақ:
2.1.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2.1.2. егер тәрбиеленуші (бітіруші) оқу орнында білім алған жағдайда, білім алу үшін
тиісті жағдайлар жасауға;";
2.4.5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2.4.5. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген жеңілдіктерді
пайдалануға құқылы.".
2. "Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14223 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 1-тармағына сәйкес баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін белгілейді.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Қажет болған жағдайда тапсырыс беруші сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын әзірлеу және әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмаға сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сарапшыны тартады.
Сарапшыға Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35238 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 129-тармағында көзделген талаптар қойылады.";
24-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Конкурстық құжаттамаға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып, мөрімен (болған жағдайда) куәландырылған конкурсқа қатысуға өтінім;";
25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінім беру арқылы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабында көзделген шектеулер туралы хабардар екендігін білдіреді.
26. Құжаттар топтамасың әлеуетті өнім беруші конкурсты ұйымдастырушыға тігілген, парақтары нөмірленген түзетусіз түрде ұсынады. Өтінімнің соңғы парағына бірінші басшының қолы қойылады және мөрімен (болған жағдайда) бекітіледі.
Конкурс лоттар бойынша бөлінген жағдайда, әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға құжаттарды әр лотқа бөлек ұсынады.".
Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу қағидаларына 1, 2 және 3-қосымшаларда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшалар осы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу қағидаларына 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшалар осы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 8, 9, 10, 11 және 12-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34327 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларында:
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;
3) жұбайын (зайыбын) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) егер некеде тұрған жағдайда жұбайының (зайыбының) келісімі. Егер ерлі-зайыптылар іс жүзінде отбасылық қатынастарын тоқтатса немесе бір жылдан астам уақыт бөлек тұрса, жұбайының (зайыбының) келісімі талап етілмейді;";
көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалар осы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 13, 14, 15, 16 және 17-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Кімге _____________________________ (конкурсты ұйымдастырушының атауы)
Конкурсқа қатысуға өтінім (заңды тұлғалар үшін)
Кімнен_______________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің толық атауы)
1. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер:
1) әлеуетті өнім берушінің заңды, пошталық мекенжайы және байланыс телефондары;
2) заңды тұлғаның банктік деректемелері (БСН, БСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет
көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы;
3) заңды тұлғаның бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
4) заңды тұлғаның резиденттігі.
2.____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
осы өтініммен _________________________________________________
(конкурстың толық атауы)
конкурсына әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық
құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес
________________________________________________________________
(қажеттісін көрсету керек)
қызмет көрсетуді немесе тауарларды жеткізуді жүзеге асыруға келісім береді.
3._____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
осы өтініммен "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
7-бабында көзделген шектеулер туралы хабардар екендігін білдіреді.
4._____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
Конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға және
конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеті, біліктілігі, көрсетілетін
қызметтердің немесе сатып алынатын тауарлардың сапалық
________________________________________________________________
(қажеттісін көрсету керек)
сипаттамалары туралы дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілігі туралы
хабардар етілгендігін растайды.
5. Осы конкурстық өтінім күнтізбелік_______ күн ішінде қолданылады.
6. ____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
конкурс жеңімпазы деп танылған жағдайда, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді
шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгізуге міндеттенеміз.
7. Конкурсқа қатысуға өтінім біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін атқарады.
Күні _______________________
Басшының қолы __________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы)
Мөр орны (болған жағдайда)
Кімге _____________________________ (конкурсты ұйымдастырушының атауы)
Конкурсқа қатысуға өтінім (жеке тұлға үшін)
Кімнен ___________________________________
(әлеуетті өнім берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
1. Конкурсқа қатысуға үміткер жеке тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:
1) жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің жеке басын куәландыратын құжатқа
сәйкес тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
2) жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың
деректері (№, кім берген);
3) жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің тіркелген мекенжайы;
4) тіркеу туралы куәліктің, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурс
мәніне сәйкес келетін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқық беретін патенттің (не
негіздеменің) нөмірі;
5) жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері (СТН, БСН, ЖСК),
сондай-ақ жеке тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық
атауы мен мекенжайы;
6) жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің байланыс телефондары, поштасының
мекенжайы мен электрондық пошта мекенжайы (болған жағдайда);
7) жеке тұлғаның резиденттігі.
2. ____________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі)
осы өтініммен ______________________________________________________
(конкурстың толық атауын көрсету)
конкурсына әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық
құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуді немесе
тауарларды жеткізуді (қажеттісін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.
3. ____________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
осы өтініммен "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-
бабында көрсетілген шектеулер туралы хабардар екендігін білдіреді.
4. ____________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
Конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға өзінің
құқықтық қабілеті, біліктілігі, көрсетілетін қызметтердің немесе сатып алынатын
тауарлардың сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (қажеттісін көрсету) дұрыс
емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі туралы хабардар етілгендігін растайды.
5. Осы конкурстық өтінім күнтізбелік _____ күн ішінде қолданылады.
6. ____________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шарттың орындалуын қамтамасыз
етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгізу міндеттеледі
(конкурстық құжаттамада шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген
болса көрсетіледі).
7. Конкурсқа қатысуға өтінім біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін атқарады.
Күні ________________
Басшының қолы __________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы)
Мөр орны (болған жағдайда)
Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарларын жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма
1. Тауардың сипаттамасы (функционалдық сипаттама мен тұтынушылық қасиеттері).
2. Тауардың қажеттілігі және пайдалану мақсаты.
3. Тауардың қажетті техникалық сипаттамасы, өлшемі, қаптамасы.
4. Тауарды тиеу және жеткізу бойынша, саны, кезеңділігі, мерзімі және жеткізу орны,
персоналды оқыту бойынша шарттар.
5. Тауардың сапалық көрсеткіші және қауіпсіздігі, шыққан жеріне қойылатын нұсқау.
6. Шығыс материалдардың қажетті санына және тауармен бірге тапсырыс берушіге
берілетін құжаттарға қойылатын шарттар.
7. Кепілдеме және кепілдемеден кейінгі күтуге қойылатын шарттар (мерзімі, орны).
Күні ________________
Басшының қолы __________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы)
Мөр орны (болған жағдайда)
Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың көрсетілетін қызметтерін жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма
Қызмет көрсетудің техникалық тапсырмасы келесі кезеңдерден тұрады:
1) қызмет көрсетудің нақты мақсатын анықтау;
2) қойылған мақсаттарға, олардың көлеміне (санына), қызмет көрсетудің мерзіміне барынша қол жеткізуге мүмкіндік беретін көрсетілетін қызметтердің құрамына кіретін іс-әрекеттердің тізбесін анықтау;
3) көрсетілетін қызметті ұсынатын мамандардың қажетті біліктілігінің деңгейін анықтау;
4) көрсетілетін қызметті орындаушының тапсырыс беруші алдында есеп беру тәртібін анықтау.
Қызмет көрсетудің техникалық тапсырмасы мыналарды:
1) тапсырыс берушіге қажетті қызметтердің қысқаша сипаттамасымен көрсетілетін қызметтердің атауын және пайдалану мақсатын;
2) тапсырыс берушінің нақты қажеттіліктерін ескере отырып орындаушыдан талап етілетін көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен іс-әрекеттердің көлемін (санын).
3) біркелкі көрсетілетін қызметтердің түрін сатып алған жағдайда көрсетілетін қызметтердің түрлерін;
4) нақты мекенжайы (мекенжайлары) көрсетілген қызмет көрсетудің орнын;
5) көрсетілетін қызметті орындау шарттары, қызмет көрсету туралы шарт бойынша міндеттерді орындау үшін жеткілікті қажетті материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарының болуын;
6) қызмет көрсету кезінде кезеңі (кезеңдері) көрсетілген қызмет көрсету мерзімдерін (кезеңдерін) немесе аяқталуы тиіс көрсетілетін қызметтердің нақты күнтізбелік күндерін, немесе тапсырыс беруші үшін минимальды қабылдауға болатын қызмет көрсетуді аяқтау күндерін, немесе орындаушының қызмет көрсетуге кірісуі тиіс (аванс төлеу, өзге де сәттер) шартты жасасқан сәттен бастап мерзімін;
7) ілеспе жұмыстарды орындау, ілеспе қызметтерді көрсету, қажетті тауарларды, оның ішінде жабдықтарды жеткізу жөніндегі шарттарын;
8) қызмет көрсетуге, олардың сапасына, оның ішінде қызмет көрсету технологияларына, әдістері мен әдістемесіне қойылатын жалпы шарттарды;
9) қызмет көрсетуге және қызмет көрсету нәтижелеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын. Егер келісімшартты орындау процесінде үшінші тұлғалардың алдындағы жауапкершілікті сақтандыру қажет болса немесе көрсетілетін қызметтермен байланысты адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп мүмкін болса, бұл бөлімде тиісті қажетті талаптар қойылуы тиіс;
10) қызмет көрсету нәтижелерін тапсыру және қабылдау тәртібін. Көрсетілетін қызметті орындаудың әрбір кезеңі және жалпы есептіліктің, техникалық және ресімдеу мен әрбір кезең бойынша және жалпы тапсыруға жататын өзге де құжаттардың мазмұны бойынша көрсетілетін қызметтерді тапсыруды және қабылдап алуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар (сынақтарды, бақылауды қосуды, техникалық бақылау актілеріне қол қоюды көрсетілетін қызметтерді тапсыру кезіндегі өзгеде құжаттарды талап ету) көрсетіледі;
11) қызметтерді аяқтау және тапсыру бойынша техникалық және басқа да құжаттарды тапсырыс берушіге беру бойынша шарттарды;
12) өнім берушінің тапсырыс беруші персоналдарын қызмет көрсету нәтижесінде дайындалған объектілерде жұмыс жасауға техникалық оқыту бойынша шарттарды;
13) көрсетілген қызметтердің сапасына кепілдік көлемі бойынша талаптарды (тапсырыс берушіге лайықты ең төменгі немесе орындаушының кепілдік кезеңіндегі қатаң белгіленген міндеттері);
14) қызметтер нәтижесінің сапасына кепілдіктің мерзімі бойынша талаптарды (тапсырыс берушіге лайықты ең төменгі немесе қатаң белгіленген мерзім) қамтиды.
Күні ________________
Басшының қолы _________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы)
Мөр орны (болған жағдайда)
Тауарларды жеткізушіні таңдау өлшемшарттары
№ | Өлшемшарттар | Болмаған жағдайда | Болған жағдайда |
1 | Конкурстың мәні болып табылатын тауар нарығындағы әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі | 0 балл | әр жылға 2 балдан, бірақ 10 балдан аспауы тиіс |
2 | Отандық тауар өндірушілер үшін тауарларды ерікті түрде сертификаттау туралы құжаттың бар болуы | 0 балл | 1 балл |
3 | Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) бар болуы | 0 балл | 1 балл |
4 | Ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) және (немесе) экологиялық таза өнім стандартына сәйкестікті растаудың бар болуы | 0 балл | 1 балл |
5 | Жеке өндірісінің бар болуы (2 балдан аспауы тиіс) | 0 балл | 2 балл |
6 | Тауарды арнайы көлікпен жеткізу (кемінде 3 балл) | жеке көлігінің болуы (3 балл), жалдап алу, өтеусіз пайдалану, лизинг және басқа да шарттар негізінде көліктің болуы (2 балл) | |
7 | Тауарларды жеткізушіге сипаттамалардың бар болуы (кемінде 3 балл) | 0 балл | бар (әр сипаттамаға 1 балдан, бірақ 3 балдан аспауы тиіс) |
8 | Әлеуетті өнім берушілердің конкурс өткізілетін астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында кәсіпкер ретінде тіркелуінің бар болуы | 0 балл |
2 балл |
Ескертпе: 1-тармақ бойынша конкурстың мәні жөнінде тәжірибе бұған дейін жасасқан шарттармен расталады, 5-тармақ бойынша жабдықтарға құқық белгілеуші құжаттарды ұсыну қажет.
Көрсетілетін қызмет берушіні таңдау өлшемшарттары
№ | Өлшемшарттар | Болмаған жағдайда | Болған жағдайда |
1 | Конкурстың мәні болып табылатын қызмет көрсету нарығындағы әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі | 0 балл | әр жылға 2 балдан, бірақ 10 балдан аспауы тиіс |
2 | Экологиялық менеджмент жүйесін қанағаттандыратын көрсетілетін қызметке қолданылатын сәйкестік сертификатының бар болуы | 0 балл | 1 балл |
3 | Көрсетілетін қызметке қолданылатын сапа менеджменті жүйесі сертификатының бар болуы | 0 балл | 1 балл |
4 | Жеке өндірісінің немесе қызметті көрсетуге қажетті техниканың бар болуы (кемінде 2 балл) | 0 балл | 2 балл |
5 | Өндірістік бақылау жоспарының бар болуы (кемінде 1 балл) | 0 балл | 1 балл |
6 | Көрсетілетін қызметті жеткізушіге сипаттамалардың бар болуы (кемінде 3 балл) | 0 балл | бар (әр сипатта-маға 1 балдан, бірақ 3 балдан артық емес) |
7 | Әлеуетті өнім берушілердің конкурс өткізілетін астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында кәсіпкер ретінде тіркелуінің бар болуы | 0 балл |
2 балл |
Ескертпе: 1-тармақ бойынша конкурстың мәні жөнінде тәжірибе бұған дейін жасасқан шарттармен расталады, 4-тармақ бойынша жабдықтарға құқық белгілеуші құжаттарды ұсыну қажет
Сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі
_________________________ сатып алу бойынша конкурс (толық атауын көрсету)
№ | Тапсырыс берушінің атауы | Тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) атауы | Өлшем бірлігі | Саны, көлемі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
кестенің жалғасы
* Тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) толық сипаты мен сипаттамасы техникалық тапсырмада көрсетіледі.
Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналы
Конкурсты өткізудің атауы | Конкурсты өткізу мерзімі | Әлеуетті өнім берушінің немесе заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | ЖСН/БСН |
2 | 3 | 4 |
5 |
кестенің жалғасы
Жеке тұлғаны куәландыратын құжат нөмірі (кім берді және берілген күні) | Заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер | Орналасқан жері және байланыс телефондары | Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған уақыты және күні |
6 | 7 | 8 |
9 |
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы
Конкурсты өткізудің атауы | Конкурсты өткізу мерзімі | Әлеуетті өнім берушінің немесе заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | ЖСН/БСН |
2 | 3 | 4 |
5 |
кестенің жалғасы
Жеке тұлғаны куәландыратын құжат нөмірі (кім берді және берілген күні) | Заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер | Орналасқан жері және байланыс телефондары | Конкурсқа қатысуға өтінімді берген уақыты және күні |
6 | 7 | 8 | 9 |
Конверттерді ашу хаттамасы
___________________ _________________ (өткізілетін орын) (уақыты мен күні)
Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия: (конкурстық комиссия төрағасының,
оның орынбасарының, мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
лауазымы, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу күні, уақыты мен орны көрсетіледі)
конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттерді ашу рәсімін жүргізді.
Конкурстық құжаттаманың көшірмесі мынадай әлеуетті өнім берушілерге берілді:
(конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілердің
атауы, мекенжайы).
Мынадай әлеуетті өнім берушілердің ____________________ конкурсқа қатысуға
өтінімдері (конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін
конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынған барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы,
мекенжайы көрсетіледі) _____________________ негізінде ашылмай қайтарылды.
(ашылмау себебі көрсетілсін)
Белгіленген мерзімде конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін
конкурстық өтінімді ұсынған мынадай әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа
қатысуға өтінімдері: ____________________________ (конкурстық өтінімдерді
берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімдер ұсынған барлық әлеуетті
өнім берушілердің атауы, мекенжайы, конкурсқа қатысуға өтінімді беру уақыты)
ашылды және конкурстық өтінімдерді ашу кезінде барлық қатысушы және комиссия
конкурсқа қатысуға рұқсат берген тұлғаларға жарияланған
____________________________ (конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың бар
болуы немесе жоқтығы туралы ақпарат және конкурстық өтінімдер ашылған кезде
жарияланған басқа ақпарат) қамтиды.
Конкурстық өтінімдерді ашқан кезде мынадай әлеуетті өнім берушілер қатысты (олар
қатысқан жағдайда): ______________________________________ (конкурсқа қатысуға
өтінімдерді ашқан кезде қатысқан барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы,
мекенжайы).
Конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарларының, мүшелерінің және
хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолдары.
Конкурсқа қатысуға жіберілгендігі туралы хаттама
______________ _____________________ (өткізілетін орын) (уақыты мен күні)
__________________________________________________ (ұйымының атауы)
_____________________________ бойынша көрсетілетін (қызметтердің атауы)
қызметтерді немесе тауарларды жеткізушіні таңдау конкурсы
1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия:
______________________________________________________________
(конкурстық комиссияның құрамын көрсету)
__________________________ (күнін көрсету) ______________________
бойынша көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі
конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарады.
2. Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін белгіленген
мерзімде өтінім берген мынадай әлеуетті өнім берушілердің:
___________________________________________________________________
(конкурстық өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімдер
берген барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы, конкурсқа қатысуға
өтінім берген уақыты, өтінім қамтитын құжаттар тізбесі, конкурстық құжаттамада
көзделген қандай да бір құжаттың болуы болмауы туралы ақпарат, конкурсқа
қатысуға өтінімдерді кері қайтару және өзгерту туралы және басқа ақпарат
көрсетіледі)
конкурсқа қатысуға өтінімдері конкурстық комиссия отырысының барлық
қатысушыларына жарияланды.
3. Конкурсқа қатысуға арналған мынадай конкурстық өтінімдер конкурсқа қатысуға
жіберілмейді: _______________________________________________
(конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтіндігінің себебін көрсете
отырып, конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім
берушілер (оның деректемелері) көрсетіледі).
4. Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін
конкурстық өтінімдері ____________________________________.
(барлық әлеуетті өнім берушілердің тізбесі көрсетіледі)
5. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді қарау нәтижелері
бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп шешті:
1) келесі әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберілсін:
____________________________________________________________________
(конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін көрсету)
2) келесі әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберілмесін:
____________________________________________________________________.
(конкурсқа қатысуға жіберілмеген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін және
жіберілмеу себебін көрсету)
3) Конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттамаларын қарау
орны, күні, уақыты _______________ белгіленсін.
Осы шешімге дауыс бергендер:
Жақтаушы дауыс _______ (конкурстық комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда))
Қарсы дауыс __________ (конкурстық комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда))
Конкурстық комиссия төрағасының, төраға орынбасарының, мүшелері мен
хатшысының қолдары.
Конкурс қорытындылары туралы хаттама
___________________________________________________ (конкурстың атауы)
______________ _____________________ (өткізілетін орын) (уақыты мен күні)
1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия: _______________________.
(конкурстық комиссияның құрамын көрсету)
2. Мынадай әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері конкурсқа қатысуға жіберілді:
_________________________________________________________.
(рұқсат беру туралы хаттамаға сәйкес конкурсқа жіберілген әлеуетті өнім
берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін көрсету)
3. Конкурстық комиссия өлшемдерге сәйкес қарастыру нәтижелері бойынша ашық
дауыс беру жолымен былай деп шешті:
1) конкурстың жеңімпазы ретінде _____________________ танылсын;
(конкурсқа қатысушының атауы мен орналасқан жерін, сондай-ақ ол жеңімпаз деп
танылған шарттарды көрсету)
2) конкурс ___________________________ өткізілмеді деп танылсын. (конкурс атауы)
Егер конкурсқа қатысушылардың конкурстық өтінімдерін қарастыру кезінде конкурс
жеңімпазы анықталмаса немесе барлық конкурстық өтінімдер қабылданбаса, тиісті
себебін көрсету.
3) Конкурсты ұйымдастырушы ____________________________________
(атауын және орналасқан жерін көрсету)
жылға дейінгі мерзімде ________________________ бойынша
(конкурс жеңімпазының атауын көрсету)
қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасассын.
Осы шешімге дауыс бергендер:
Жақтаушы дауыс ____ (конкурстық комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған жағдайда))
Қарсы дауыс ____ (конкурстық комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған жағдайда))
Конкурстық комиссия төрағасының, төраға орынбасарының, мүшелері мен
хатшысының қолдары.
| Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 13-қосымша Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті ұйымдастыру Қағидаларына 1-қосымша нысан |
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның тәлімгерлік жөніндегі ұйыммен жасасатын тәлімгерлік туралы шарты
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган
____________________________________________________ (органның атауы)
атынан ___________________________________________________________,
(уәкілетті лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
жағдайда))
тәлімгерлік жөніндегі ұйым ___________________________________________
(ұйымның атауы)
атынан _____________________________________________________________
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
жарғы негізінде әрекет ететін, бұдан әрі Тараптар, төмендегілер туралы осы шартты
(бұдан әрі – Шарт) жасасты.
1. Шарттың мәні\
1.1. Осы Шарттың мәні Тараптардың жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы он жасқа
толған жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгер
болуға ниет білдірген адамдарды оқыту жөніндегі міндеттемелерді орындауы болып
табылады.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге орган:
1) тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқыту процесін ұйымдастыруға
жәрдемдесуге;
2) осы Шарттың талаптары бұзылған кезде тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды
жағдайды анықтағанға және шешкенге дейін оқытуды тоқтатуға құқылы.
2.2. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын
орган:
1) тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқыту бағдарламасына сәйкес тәлімгер
болуға ниет білдірген адамдарды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі шарттардың
сақталуын қамтамасыз етуге;
2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім
беру ұйымындағы он жасқа толған балаға тәлімгерді іріктеуге қатысуға;
3) тәлімгерлікке тартылған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын
қамтамасыз етуге;
4) балалардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнген кезде ден қою шараларын
қабылдауға міндетті.
2.3. Тәлімгерлік жөніндегі ұйым:
1) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындаған көлемде жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпаратты олардың заңды өкілдерінің келісімімен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алуға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2.4. Тәлімгерлік жөніндегі ұйым:
1) тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарға консультациялық көмек көрсетуге;
2) тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқыту бағдарламасына сәйкес тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқытуды жүргізуге;
3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы он жасқа толған жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлерді іріктеуді жүзеге асыруға;
4) тәлімгерлерге құқықтық және психологиялық көмек көрсете отырып, тәлімгерлік процесінде сүйемелдеуді қамтамасыз етуге;
5) өз қызметі туралы тоқсан сайынғы есепті қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға ұсынуға;
6) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы он жасқа толған жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ тәлімгерлердің дербес деректерінің құпиялылығын қамтамасыз етуге;
7) бала орналасқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымын, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органды, ішкі істер органдарын тәлімгерлік жүзеге асырылатын баланың қайтыс болу, оған қатыгездікпен қарау, оның ішінде балаға қатысты күштеп немесе психикалық зорлық-зомбылықты жүзеге асыру, сондай-ақ баланың жыныстық тиіспеушілігіне қол сұғу фактісі анықталған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде хабардар етуге;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді сақтауға міндетті.
3. Тараптардың жауапкершілігі
3.1. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде олар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылықта болады.
4. Қорытынды ережелер
4.1. Шарт қазақ және орыс тілдерінде 2 (екі) данада жасалды, олардың әрқайсысының заңды күші бірдей.
4.2. Осы Шарт 1 (бір) жыл мерзімге жасалады және қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді. Шарт тараптардың келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
4.3. Осы Шартта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
5. Тараптардың қолдары
Мен, ________________________________________________
________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім
беру ұйымдарындағы он жасқа толған жетім балаларға, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгер ретінде менің кандидатурамды қарауды
сұраймын.
Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларға тексеру жүргізуге қарсы емеспін.
Ақпараттық жүйелерде сипатталған Қазақстан Республикасының "Дербес деректер
және оларды қорғау туралы" Заңымен құпия қорғалатын мәліметтерді қолдануға
келісемін.
20____ жылғы "____" _____________
қолы
| Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 15-қосымша Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті ұйымдастыру Қағидаларына 3-қосымша нысан |
Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды тексеру актісі
Тексеру жүргізілген күн ___________________________________________
Тексеру жүргізген ________________________________________________
(тексеру жүргізген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда),
лауазымы, жұмыс орны)
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын
органның мекенжайы және телефоны: ___________________________
1. ______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған жылы)
тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары тексерілді.
Жеке басын куәландыратын құжат ___________________________________
Тұрғылықты жері (тіркеу орны бойынша) _____________________________
Нақты тұрғылықты жері ___________________________________________
Білімі ___________________________________________________________
Жұмыс орны _____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған жылы) ______________
Жеке басын куәландыратын құжат___________________________________
Тұрғылықты жері (тіркеу орны бойынша) _____________________________
Нақты тұрғылықты жері ___________________________________________
Білімі ___________________________________________________________
Жұмыс орны _____________________________________________________
2. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларының жалпы сипаттамасы
_____________________________________________________________________
Тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжат ____________________
Тұрғын үйдің меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда),
_______________________________________________________________
Жалпы көлемі ______ (шаршы метр) тұрғын көлемі _____ (шаршы метр)
Тұрғын бөлмелердің саны ___________, тіркеуде тұрғандар ____________
(тұрақты, уақытша)
Тұрғын үйдің жайлылығы ________________________________________
(абаттандырылған, абаттандырылмаған, ішінара жайлы)
Санитариялық-гигиеналық жай-күйі _____________________________
(жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)
3. Отбасының бірге тұратын басқа мүшелері:
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Туған күні | Жұмыс орны, лауазымы немесе оқу орны | Туыстық қатынастары | Ескерту |
Жүктеу |
4. Отбасының табысы туралы мәлімет:
жалпы сома ________теңге, оның ішінде жалақы, басқа да табыстар
___________________________ (жазу).
5. Отбасының сипаттамасы (отбасындағы адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас,
олардың жеке қасиеттері, қызығушылығы, балалармен қарым-қатынас тәжірибесі)
_____________________________________________
6. Қорытынды (тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлардың болуы)
________________________________________________________________
____________ _________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
____________ (күні)
Таныстым: ______________________________________________________
(тәлімгер болуға ниет білдірген адамдың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда),
күні, қолы)
| Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 16-қосымша Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті ұйымдастыру Қағидаларына 4-қосымша нысан |
Тәлімгерлік туралы шарт жасасу мүмкіндігі туралы қорытынды
Тәлімгерлік туралы шарт жасасу мүмкіндігі туралы қорытынды берілді:
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Туған күні _____________________________________________________
Мекенжайы (тұрғылықты жері) ___________________________________
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган
______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Мөр орны (болған жағдайда)
| Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 17-қосымша |
|
| Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті ұйымдастыру Қағидаларына 5-қосымша нысан |
Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлік ету туралы үлгілік шарт
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган
_________________________________________________ (органның атауы)
атынан ___________________________________________________________,
(уәкілетті лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
жағдайда)),
жарғы негізінде әрекет ететін және "Неке (ерлі-зайыптылық) отбасы туралы"
Қазақстан Республикасы Кодексінің 122-бабы негізінде баланың заңды өкілі болып
табылатын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған білім беру ұйымы ____________________________________,
(ұйымның атауы)
атынан _____________________________________________________________,
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
сондай-ақ тәлімгер, ___________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Қазақстан Республикасының азаматы, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі
___________________________________________, қашан және кім берді
_____________________ осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасастық.
1. Шарттың мәні
1.1. Осы Шарттың мәні Тараптардың жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлік ету жөніндегі міндеттемелерді орындауы болып табылады.
1.2. Осы Шартқа қол қоя отырып, Тараптар тәлімгерлікті іске асыру жөніндегі ынтымақтастықты бастаудың, жүзеге асырудың және тоқтатудың жалғыз негізі жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды мүдделері және Тараптардың олардың әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз етуге ұмтылысы болып табылатынын мәлімдейді.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның құқықтары мен міндеттері:
1) тәлімгерлікке тартылған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
2) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлік процесін ұйымдастыруға жәрдемдеседі;
3) тәлімгердің баламен қарым-қатынасында қиындықтар туындаған кезде тәлімгермен қосымша кездесулер ұйымдастырады және өткізеді. Кейбір жағдайларда психологтер тәлімгермен осындай кездесуге қатыса алады;
4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы әкімшілігінің келісімі бойынша тәлімгер осы Шарттың талаптарын бұзған кезде тәлімгердің баламен кездесуін жағдай анықталғанға және шешілгенге дейін тоқтата тұрады;
5) балалардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнген кезде жедел ден қою шараларын қабылдайды.
2.2. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы:
1) "тәлімгер-бала" жұптарын іріктеуді жүзеге асырады;
2) тәлімгерге тәлімгерлік қызметі туралы ақпарат береді, тәлімгердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
3) тәлімгердің баламен кездесулерін ұйымдастыруға көмек көрсетеді;
4) баланың психологиялық және мінез-құлық ерекшеліктері бойынша тәлімгерге ұсыныстар береді;
5) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың эмоционалдық және мінез-құлық ерекшеліктері туралы білімдерін Тараптар арасында келісілген мерзімде кеңейтуге бағытталған тәлімгерлер үшін тренингтер ұйымдастырады;
6) тәлімгерді интернет, кездесулер, телефон арқылы кеңес беру арқылы, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының тәлімгері мен мамандарының тікелей қарым-қатынасы арқылы ақпараттық хабарламалармен тәлімгерлік жөніндегі қызметті жүзеге асыру процесінде сүйемелдейді;
7) тәлімгердің баламен өзара іс-қимылында қиындықтар туындаған жағдайларда, сондай-ақ тәлімгерлік жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде тәлімгердің басқа қатысушылармен өзара іс-қимылында қиындықтар туындаған жағдайларда тәлімгермен қосымша кездесулер ұйымдастырады және өткізеді. Кейбір жағдайларда тәлімгермен мұндай кездесуге психологтер немесе білім беру ұйымының өкілдері тартылуы мүмкін;
8) тәлімгердің өз міндеттемелерін адал орындауына негізделген күмән туындаған кезде тәлімгердің тәлімгерлік жөніндегі қызметті жүзеге асыруын тоқтата тұрады. Жағдайды жан-жақты зерделеу қорытындысы бойынша тәлімгердің тәлімгерлік жөніндегі қызметті жүзеге асыруын тоқтата тұру не жалғастыру туралы шешім қабылдайды.
2.3. Тәлімгер:
1) жеке жұмыс кезінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының ұсынымдарын ескереді, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында айқындалған баланың құқықтарын сақтайды;
2) шарттың қолданылу мерзімі ішінде туындайтын қиындықтар, проблемалар туралы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының мамандарын хабардар етеді және олармен байланыста болады;
3) баламен эмоционалды маңызды, тұрақты және ұзақ мерзімді қарым-қатынасты қалыптастырады, оның жағымды құндылықтарын қолдайды және дамытады; оның әлеуетін дамытуға және оның күшті жақтарын ашуға көмектеседі; өзінің жеке мақсаттарын және оларға жету жолдарын анықтауға ықпал етеді; оған қысқа немесе ұзақ мерзімді мақсаттар қоюға көмектеседі; жоспарлаудың өмірдегі маңыздылығы туралы түсінік қалыптастырады; балаға дос және кеңесші болуға, лайықты үлгі болуға ұмтылады, балаға көмек көрсетеді, оның қабілеттері мен таланттарын дамытады; білім мен тәжірибені жеткізеді, оқудағы жетістіктерін қолдайды, өзін-өзі бағалауды арттырады; тәуелсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастырады.
2.4. Тәлімгер:
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оның тұрғылықты жері бойынша балаға баруға, сондай-ақ баланың және осы білім беру ұйымы басшысының келісімімен тұрғылықты жерінен тыс жерде баламен қарым-қатынас жасауға;
2) балаға білім беру процесіне байланысты емес кезеңдерде (каникулдар, демалыс және мереке күндері) қосымша білім алуға, тәрбие және медициналық қызметтер алуға көмек көрсетуге;
3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымын бас тарту себептерін көрсете отырып, баламен қарым-қатынасты тоқтатудың болжамды күніне дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын алдын ала міндетті жазбаша хабардар ете отырып, тәлімгерлік процесіне қатысудан бас тартуға құқылы. Осы мерзім ішінде тәлімгер баламен кездесуді жалғастырады және оны қарым-қатынасты аяқтауға дайындайды.
2.5. Тәлімгердің:
1) баланы елді мекен мен Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге әкетуге;
2) балаға медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымға орналастыру немесе оны ішкі істер органдарына жеткізу жағдайларын қоспағанда, баламен оның тұрғылықты жерінен тыс жерде қарым-қатынас жасау кезінде баланы үшінші тұлғалардың (жеке және (немесе) заңды тұлғалардың) қадағалауына қалдыруға;
3) баланы білім беру ұйымында болу тәртібін/ережелерін бұзуға итермелейтін әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасауға;
4) баланы қандай да бір діни, саяси, идеологиялық бағыттарға/қозғалыстарға тартуға, оның жыныстық бағдарына әсер етуге, балаға өзінің осы тармақта белгіленген қалауын көрсетуге, оны заңсыз әрекеттерге тартуға;
5) тәлімгерлік туралы шарттың талаптарын бұзуға құқығы жоқ.
2.6. Тәлімгер:
1) баланың өмірі мен денсаулығы үшін онымен бірге болу кезеңінде жауапты болуға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының басшысымен келісілген мерзімдерде баланы жеке өзі алып, қайтаруға;
2) қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға немесе жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарына сонда тұрған баланың өміріне және (немесе) денсаулығына қауіп төндіретін жағдайдың туындағанын, оның ауруы, оның жарақат алуы, балаға медициналық көмек көрсетілуі үшін оны медициналық ұйымға орналастырылғаны туралы жедел түрде хабарлауға немесе оны ішкі істер органдарына жеткізуге;
3) осы Шартты орындау жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, бала туралы ақпаратқа, оның эмоционалдық және физикалық жай-күйіне, биологиялық ата-аналары туралы ақпаратқа, білім беру ұйымдарындағы қатынастарға қатысты құпиялылықты сақтауға;
4) баламен кездесулер күнделігін жүргізуге және есепті айдан кейінгі әрбір айдың 10 (оныншы) күніне дейінгі мерзімде баламен кездесулер туралы ай сайынғы есептерді қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымына ұсынуға;
5) тәлімгерлік туралы шарттың талаптарын сақтауға міндетті.
3. Тараптардың жауапкершілігі
3.1. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде олар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылықта болады.
4. Қорытынды ережелер
4.1. Шарт қазақ және орыс тілдерінде 3 (үш) данада жасалды, олардың әрқайсысының заңды күші бірдей.
4.2. Осы Шарт 1 (бір) жыл мерзімге жасалады және қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
4.3. Осы Шартта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
5. Тараптардың қолдары