"Қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 380 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі № 219 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 қазанда № 40068 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 380 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24493 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 337-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жинау, сұрыптау және (немесе) тасу, қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі кәсіпкерлік субъектілерінің субъектілері (бұдан әрі – Кәсіпкерлік субъектілері) тізілімін жүргізу тәртібін белгілейді.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кодекстің 337-бабының 3-тармағына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар етпестен, қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасу, қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Кодекстің 337-бабының 1-тармағына сәйкес Кәсіпкерлік субъектілері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасу, қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызметтің бастау немесе тоқтату туралы хабарлама беруге міндетті.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Кәсіпкерлік субъектісі қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасу, қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызметті ерікті түрде тоқтатқан жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ерікті тоқтату туралы хабарламаны алған кезден бастап күнтізбелік 15 күн ішінде оны кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімінен шығару туралы шешім қабылдайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады