БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28566 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары объектілерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге эпидемиялық маңызы жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және тіркеу жүзеге асырылады, олардың қабылданған күні, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі берілген күні көрсетіле отырып, олардың қабылданғаны туралы ерікті нысанда қолхат беріледі және басшыға қарауға беріледі, ол 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты қызметкерді айқындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмеген, тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттар жиынтығы толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Портал арқылы өтініш және (немесе) құжаттарды беру жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) көрсетілетін қызметті беруші оларды сақтауға қабылдамай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 (бес) жұмыс күні мерзім белгіленеді, ол тізбенің 3-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.
Анықталған кемшіліктер жойылған жағдайда, өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының бастапқы жүгінген күні болып есептеледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойған күннен бастап қайта басталады.
Белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктер жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.";
6-тармақ мыналай редакцияда жазылсын:
"6. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салуды қабылдау мәртебесі туралы, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмеген, тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттар жиынтығы толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 (бес) жұмыс күні мерзім белгіленеді, ол тізбенің 3-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.
Анықталған кемшіліктер жойылған жағдайда, өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының бастапқы жүгінген күні болып есептеледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойған күннен бастап қайта басталады.
Белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктер жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Көрсетілетін қызметті беруші осы тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша объектілерге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде, көрсетілетін қызметті беруші бас тарту себептерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыға жауап жібереді.
Объектілерге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда қызмет алушымен тыңдау жүргізілмейді.";
14-тармақтың алтыншы және жетінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Тексеру нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші:
1) объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта бастау туралы шешім қабылдайды;
2) бұзушылықтарды жою расталмаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту жібереді.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Көрсетілетін қызметті алушының ерікті өтініші бойынша тоқтатыла тұрған объектілерге арналған санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданысын қайта бастау "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 7-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта бастау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті оны алған күні тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта бастау туралы шешім қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмеген, тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттар жиынтығы толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Портал арқылы өтініш және (немесе) құжаттарды беру жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) көрсетілетін қызметті беруші оларды сақтауға қабылдамай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні мерзім белгіленеді, ол тізбенің 3-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.
Анықталған кемшіліктер жойылған жағдайда, өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының бастапқы жүгінген күні болып есептеледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойған күннен бастап қайта басталады.
Белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктер жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген жағдайларда объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуге негіз болған тиісті өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оны тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмеген, тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттар жиынтығы толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Портал арқылы өтініш және (немесе) құжаттарды беру жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) көрсетілетін қызметті беруші оларды сақтауға қабылдамай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні мерзім белгіленеді, ол тізбенің 3-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.
Анықталған кемшіліктер жойылған жағдайда, өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының бастапқы жүгінген күні болып есептеледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойған күннен бастап қайта басталады.
Белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктер жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Оң қорытынды болған кезде көрсетілетін қызметті беруші 4 (төрт) жұмыс күні ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдейді.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Көрсетілетін қызметті алушы жоғары эпидемиялық мәні бар объектідегі қызметті тоқтатқан не заңды тұлға таратылған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушіге қызметті тоқтатуды не заңды тұлғаны таратуды растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жазбаша өтінішпен не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны қабылданған шешім туралы хабардар ете отырып, объектілерге арналған санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмеген, тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттар жиынтығы толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Портал арқылы өтініш және (немесе) құжаттарды беру жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) көрсетілетін қызметті беруші оларды сақтауға қабылдамай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні мерзім белгіленеді, ол тізбенің 3-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.
Анықталған кемшіліктер жойылған жағдайда, өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының бастапқы жүгінген күні болып есептеледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойған күннен бастап қайта басталады.
Белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктер жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Объектілерге қағаз түрінде берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды жоғалған, бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен немесе осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын алу үшін жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті беруші өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде объектілерге оң жақ жоғарғы бұрышта "телнұсқа" деген жазуы бар және бастапқы берілген күнін және оларды қайта ресімдеу күнін көрсете отырып, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын береді.
Егер объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды қағаз түрінде берілген болса, оны электрондық форматқа аудару және электрондық нысанды алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен немесе портал арқылы жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті беруші объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын немесе электрондық форматқа ауыстырып беруді "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмеген, тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттар жиынтығы толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Портал арқылы өтініш және (немесе) құжаттарды беру жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) көрсетілетін қызметті беруші оларды сақтауға қабылдамай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні мерзім белгіленеді, ол тізбенің 3-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.
Анықталған кемшіліктер жойылған жағдайда, өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының бастапқы жүгінген күні болып есептеледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойған күннен бастап қайта басталады.
Белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктер жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушіге беріледі, оның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғарғы әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не өзге де әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымды қайратын органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жауап |
";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; |
";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары объектілерінде адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздері бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, санитариялық қорғау аймақтарын белгілеуге, пайдалануға берілген объектілердің белгіленген санитариялық-қорғау аймақтарын өзгертуге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және тіркеу жүзеге асырылады, олардың қабылданған күні, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі берілген күні көрсетіле отырып, олардың қабылданғаны туралы ерікті нысанда қолхат беріледі және басшыға қарауға беріледі, ол 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты қызметкерді айқындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмеген, тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттар жиынтығы толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Портал арқылы өтініш және (немесе) құжаттарды беру жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) көрсетілетін қызметті беруші оларды сақтауға қабылдамай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 (бес) жұмыс күні мерзім белгіленеді, ол тізбенің 3-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.
Анықталған кемшіліктер жойылған жағдайда, өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының бастапқы жүгінген күні болып есептеледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойған күннен бастап қайта басталады.
Белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктер жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салуды қабылдау мәртебесі туралы, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмеген, тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттар жиынтығы толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 (бес) жұмыс күні мерзім белгіленеді, ол тізбенің 3-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.
Анықталған кемшіліктер жойылған жағдайда, өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының бастапқы жүгінген күні болып есептеледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойған күннен бастап қайта басталады.
Белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктер жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Көрсетілетін қызметті беруші осы тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша жобаларға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде, көрсетілетін қызметті беруші бас тарту себептерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыға жауап жібереді.
Жобаларға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда қызмет алушымен тыңдау жүргізілмейді.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген жағдайларда жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен не осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуге негіз болған тиісті өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оны тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмеген, тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттар жиынтығы толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Портал арқылы өтініш және (немесе) құжаттарды беру жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) көрсетілетін қызметті беруші оларды сақтауға қабылдамай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні мерзім белгіленеді, ол тізбенің 3-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.
Анықталған кемшіліктер жойылған жағдайда, өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының бастапқы жүгінген күні болып есептеледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойған күннен бастап қайта басталады.
Белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктер жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Оң қорытынды болған кезде көрсетілетін қызметті беруші 4 (төрт) жұмыс күні ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдейді.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Жобаларға қағаз түрінде берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды жоғалған, бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын алу үшін жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті беруші өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде объектілерге оң жақ жоғарғы бұрышта "телнұсқа" деген жазуы бар және бастапқы берілген күнін және оларды қайта ресімдеу күнін көрсете отырып, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын береді.
Егер жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды қағаз түрінде берілген болса, оны электрондық форматқа аудару және электрондық нысанды алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен немесе портал арқылы жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмеген, тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттар жиынтығы толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Портал арқылы өтініш және (немесе) құжаттарды беру жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) көрсетілетін қызметті беруші оларды сақтауға қабылдамай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні мерзім белгіленеді, ол тізбенің 3-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.
Анықталған кемшіліктер жойылған жағдайда, өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының бастапқы жүгінген күні болып есептеледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойған күннен бастап қайта басталады.
Белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктер жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.";
18-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік және әлеуметтік жауапты көрсетілетін қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызметтер көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушіге беріледі, оның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғарғы әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не өзге де әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымды қайратын органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жауап |
";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; |
".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери-медициналық орталығы (департаменті) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында оны орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Е. Сагимбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Жасанды
интеллект және цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі