"Резидентура бағдарламасы бойынша оқыту туралы үлгілік шарттың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № ҚР ДСМ-178/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 122 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 30 қыркүйекте № 40041 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Резидентура бағдарламасы бойынша оқыту туралы үлгілік шарттың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № ҚР ДСМ-178/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21594 тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 222-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған резидентура бағдарламасы бойынша оқыту туралы үлгілік шарттың нысаны бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген резидентура бағдарламасы бойынша оқыту туралы үлгілік шартта:

      жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрінің

      2020 жылғы 3 қарашадағы

      № ҚР ДСМ-178/2020

      бұйрығымен бекітілген

      нысан";

      1-бөлімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шарт "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 222-бабының 5-тармағына сәйкес жасалды.";

      4-бөлімнің 12-тармағында:

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) резидентура базасында тәлімгерлерге еңбекақы төлеу бойынша өтемақы төлемдерін жүзеге асыруға;";

      мынадай редакциядағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) резидент-дәрігердің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру талаптарын сақтауға міндетті.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады