ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20212 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6-1. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.";
9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9-1. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";
мынадай мазмұндағы 9-2-тармақпен толықтырылсын:
"9-2. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзім белгіленеді, ол мемлекеттік қызметтің тиісті кіші түрін көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі 2026 жылғы 30 қыркүйектегі № 659 бұйрығына қосымша |
|
| "Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – негізгі талаптар тізбесі)
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметтің нәтижелерін алу: "Цифрлық үкіметтің" веб-порталдары (бұдан әрі – портал) www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
лицензия беру – 4 (төрт) жұмыс күні; лицензияны қайта ресімдеу – 4 (төрт) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу және лицензияның қолданылуын тоқтату немесе осы негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық. |
6 |
|
Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 616-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді: |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 08.30-ден бастап 18.00-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
1) лицензия алу үшін: осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген, Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны алу үшін заңды тұлғаның өтініші; |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: |
10 | Мемлекеттік қызметін көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар. |