"Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін екінші санаттағы рұқсаттарды беру кезінде оларға сәйкестікті растайтын рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 шілдедегі № 271 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 484 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 қыркүйекте № 40001 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін екінші санаттағы рұқсаттарды беру кезінде оларға сәйкестікті растайтын рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 шілдедегі № 271 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34798 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін екінші санаттағы рұқсаттарды беру кезінде оларға сәйкестігін растайтын рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесінде осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
Р. Исакулов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 484 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
міндетін атқарушының
2024 жылғы 19 шілдедегі
№ 271 бұйрығына
қосымша

Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін екінші санаттағы рұқсаттарды беру кезінде оларға сәйкестікті растайтын рұқсат беру талаптары мен құжаттарының тізбесі

№ р/н

Рұқсат беру талаптары

Құжаттар

Ескерту

1

2

3

4

Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларда мыналардың болуын

1

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде
санитариялық-эпидемиологиялық, өрт, экологиялық талаптарына сәйкес мамандандырылған өндірістік базаның болуы

меншік немесе меншік құқығын растайтын құжат


2

Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдау үшін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі көлік құралының (жүк автомобильдері және /немесе басқа автокөлік) болуы

көлік құралының паспорты, көлік құралын жалға алған жағдайда жалдау шарты


3

Меншік құқығында және/немесе басқа да заңды негізде автокөлік үшін кірме жолдары және/немесе кірме темір жол-тұйықтары бар жер учаскесінің болуы

жер учаскесіне акті


4

Заңды тұлғаның басшысы бекітетін түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі нұсқаулықтың болуы

заңды тұлғаның басшысы бекіткен түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі нұсқаулық


5

Кәсіпорынның штат кестесіне сәйкес қолданылатын жабдықта жұмыс істеу үшін білікті персоналдың болуы

түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін осы рұқсат беру талаптарына қосымшаға сәйкес, оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың болуы мен тізбесін қамтитын мәліметтер нысаны


6

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде көзделген жағдайларда қызметтің тиісті түріне экологиялық рұқсаттың не қоршаған ортаға әсері туралы декларацияның болуы

Заңды тұлғаның қоршаған ортаға теріс әсерді жүзеге асыру құқығын куәландыратын және қызметті жүзеге асырудың экологиялық жағдайларын айқындайтын құжат

Көрсетілетін қызметті беруші мәлеметтерді мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынады

Мамандандырылған өндірістік база және болған жағдайда филиалдар, мұндай филиалдарға мыналар жатады:

1

Қара металдардың сынықтары мен қалдықтарына арналған оттегі мен пропан баллондарын сақтауға арналған орындар

түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін осы рұқсат беру талаптарына қосымшаға сәйкес, оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың болуы мен тізбесін қамтитын мәліметтер нысаны


2

Топтары, түрлері, маркалары мен сорттары бойынша сынықтар мен қалдықтарды бөлек сақтай отырып, түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға және қайта өңдеуге арналған (түсті сынықтар үшін) қатты бетонды немесе өзге де жабыны бар жабық үй-жайлар не асфальтталған не қатты бетонды немесе өзге де жабыны бар орындар (түрлі-түсті сынықтар үшін)

түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін осы рұқсат беру талаптарына қосымшаға сәйкес, оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың болуы мен тізбесін қамтитын мәліметтер нысаны


3

Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын сұрыптауға, кесуге және пакеттеуге арналған жабдықтары мен құралдары бар арнайы алаңдар немесе өндірістік үй-жайлар

түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін осы рұқсат беру талаптарына қосымшаға сәйкес, оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың болуы мен тізбесін қамтитын мәліметтер нысаны


4

Өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған түсті және қара металдардың жарылыс қаупі бар сынықтары мен қалдықтарына арналған қоймалар немесе жабық металл контейнерлер

түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін осы рұқсат беру талаптарына қосымшаға сәйкес, оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың болуы мен тізбесін қамтитын мәліметтер нысаны


5

Кәсіпорында бекітілген осы жұмыстарды жүргізу үшін технологиялық процеске сәйкес келетін стационарлық немесе жылжымалы жүк көтергіш жабдық, сондай-ақ жүк көтергіштігі бойынша айлабұйымдар

жүк көтергіш тетігінің паспорты, жүк көтергіш тетігін пайдалануға беру жөніндегі нұсқаулық


6

Түсті және қара металдардың сынықтарын кесуге, бөлуге, сондай-ақ түсті және қара металдардың сынықтарын қайта өңдеуге арналған престерге және/немесе гидравликалық қайшыларға арналған кәсіпорындағы технологиялық процеске сәйкес келетін жабдық

түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін осы рұқсат беру талаптарына қосымшаға сәйкес, оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың болуы мен тізбесін қамтитын мәліметтер нысаны


7

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшем құралдары (автомобиль немесе темір жол таразылары және/немесе басқа да өлшем құралдары) оларда тексеру туралы қолданыстағы сертификат болған кезде

Мұндай жабдық меншік құқығында болған кезде жабдықты тексеру туралы сертификат. Жабдықты жалға алу кезінде қосымша осындай жабдықты жалға алу шарты қоса беріледі

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының Заңы және "Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексеру мерзімділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18094 болып тіркелген).

8

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарының радиация деңгейін өлшеуге арналған дозиметриялық немесе радиометриялық жабдық, оған тексеру туралы қолданыстағы сертификат болған кезде

Мұндай жабдық меншік құқығында болған кезде жабдықты тексеру туралы сертификат. Жабдықты жалға алу кезінде қосымша осындай жабдықты жалға алу шарты қоса беріледі

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының Заңы және "Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29292 болып тіркелген).

Заңды тұлғаның немесе оның филиалының мамандандырылған өндірістік базасының бөлігі болып табылатын түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын қабылдауды жүзеге асыратын қабылдау пункті мыналарды қамтиды:

1

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшем құралдары (автомобиль немесе темір жол таразылары және/немесе басқа да өлшем құралдары) оларда тексеру туралы қолданыстағы сертификат болған кезде

Мұндай жабдық меншік құқығында болған кезде жабдықты тексеру туралы сертификат. Жабдықты жалға алу кезінде қосымша осындай жабдықты жалға алу шарты қоса беріледі

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының Заңы және "Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексеру мерзімділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18094 болып тіркелген).

2

Қабылдау пунктінің заңды тұлғаға немесе оның филиалына тиесілігін растайтын құжаттар

меншік құқығына немесе өзге де иелік ету құқығына шарт


3

Деректерді жүргізу үшін технологиялық процеске сәйкес келетін стационарлық немесе жылжымалы жүк көтергіш жабдық, сондай-ақ жүк көтергіштігі бойынша айлабұйымдар

жүк көтергіш тетігінің паспорты, жүк көтергіш тетігін пайдалану беру жөніндегі нұсқаулық


4

Қабылдау пунктінің заңды тұлғаға немесе оның филиалына тиесілігі, атауы, БСН, жұмыс режимі және сатып алу бағалары прейскуранты көрсетілген маңдайшалар көруге ыңғайлы жерде, сондай-ақ заңды тұлғаның ресми сайтында (ол болған кезде)

маңдайшаның фотосы


5

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес келіп түсетін түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтары, қабылдау-тапсыру актілері және бухгалтерлік есептің басқа да құжаттары туралы мәліметтер көрсетілетін есепке алу журналдарының және/немесе электрондық есепке алу журналдарының болуы

журналдардың фотосы


      Ескертпе:

      1. Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар:

      қабылдау пункттерін тұрғын аймақтардың және жеке қоғамдық ғимараттардың шекараларынан қауіпсіз (кемінде тоғыз метр) қашықтықта орналастыруға;

      түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын өткізу мақсатында тек заңды тұлғаның немесе оның филиалдарының өндірістік базасының аумағынан тиеп жөнелтуге;

      түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын сатып алу-сату шарты және (немесе) қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын қабылдау туралы жүкқұжат негізінде қабылдауға;

      түсті және (немесе) қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын өткізуді жүзеге асыратын тұлғаларға Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен ақы төлеуге тиіс.

      2. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды, шаруа немесе фермер қожалықтарын қоспағанда, жай серіктестіктен немесе жеке тұлғалардан рельстерді, теміржол төсемінің және жылжымалы құрамның элементтерін, кәріз құдықтарының қақпақтары қабылданбайды.

      Осы ескертпенің 1 және 2-тармақтарында көзделген талаптар заңды тұлғаларға түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өндеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат берген кезде тексеруге жатпайды.

  Түсті және қара металдардың
сынықтары мен қалдықтарын
жинау (дайындау), сақтау, қайта
өңдеу және өткізу жөніндегі
қызметті жүзеге асыратын заңды
тұлғаларға рұқсат беру
талаптарына
қосымша

Мәліметтер нысаны

      1. Өндірістік база туралы мәліметтер:

      1) Өндірістік базаның мекенжайы _____________________________________

      2 Өндірістік базаның көлемі __________________________________________

      3 Жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы куәліктің нөмірі: _________________

      4) Жалдау (сатып алу-сату, т. б.) туралы шарттың нөмірі:

      _______________________________________________________________________

      5) Филиалдар, қабылдау пункттері (олар болған кезде) мекенжайы:

      _______________________________________________________________________

      6) База мәлімделген қызмет түрін орындау үшін қажетті жабдықтармен

      жарақтандырылған ______________________________________________________

      2. Кәсіпорынның штат кестесіне сәйкес қолданылатын жабдықта жұмыс істеу үшін білікті персоналдың болуы:

      1) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________________

      2) Осы ұйымда _ _ _ _ _ бастап жұмыс істейді (күнін, айын, жылын көрсету)

      3) аттестатталған, кәсіпорында оқытылған (күні, айы, жылы)

      _______________________________________________________________________

      3. Қара металдардың сынықтары мен қалдықтарына арналған оттегі мен пропан баллондарын сақтауға арналған орындар:

      бар, сипаттамасы ___________________________________________________

      4.Топтары, түрлері, маркалары мен сорттары бойынша сынықтар мен қалдықтарды бөлек сақтай отырып, түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға және қайта өңдеуге арналған (түсті сынықтар үшін)қатты бетонды немесе өзге де жабыны бар жабық үй-жайлар не асфальтталған не қатты бетонды немесе өзге де жабыны бар орындар (түрлі-түсті сынықтар үшін):

      бар, сипаттамасы ___________________________________________________

      5. Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын сұрыптауға, кесуге және пакеттеуге арналған жабдықтары мен құралдары бар арнайы алаңдар немесе өндірістік үй-жайлар:

      бар, сипаттамасы ___________________________________________________

      6. Өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған түсті және қара металдардың жарылыс қаупі бар сынықтары мен қалдықтарына арналған қоймалар немесе жабық металл контейнерлер:

      саны, сипаттама ____________________________________________________

      7. Түсті және қара металдардың сынықтарын кесуге, кесуге, сондай-ақ түсті және қара металдардың сынықтарын қайта өңдеуге арналған престерге және/немесе гидравликалық қайшыларға арналған кәсіпорындағы технологиялық процеске сәйкес келетін жабдық:

      атауы, саны ________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады