"Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың мазмұны мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 152, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 684, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 28 жетоқсандағы № 3 және Қазақстан Ресубликасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1062 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 28 тамыздағы № 144, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасының 2026 жылғы 31 тамыздағы № 15 және Қазақстан Ресубликасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 31 тамыздағы № 621 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылы 31 тамызда № 39774 болып тіркелді

       БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың мазмұны мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 152, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 684, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 3 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1062 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда № 12798 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларының:

      34-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Академияда кәсіби даярлау экономикалық тергеу қызметіне бірінші рет тұратын адамдар үшін арнайы бастапқы оқыту нысанында жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына бірінші рет қызметке тұратын адамдар үшін арнайы бастапқы оқыту "Ішкі істер органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын және одан өту шарттарын, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 211 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20123 санымен тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.".

      Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметін ұйымдастыруға жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
_________Е. Саденов
      Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
_______Ж. Элиманов
      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
_____Б. Асылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады