ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 қазандағы № 994 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12812 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-20) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілгі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
Н. Сауранбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
даму министрлігі
Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 1-тармағының 41-20) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) сәйкес әзірленді және сертификаттау және үлгі сертификатын беру тәртібін, сондай-ақ "Азаматтық әуе кемесінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі сертификатын беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) әзірлеуші мемлекет – әуе кемесі типінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің, қозғалтқыштың немесе әуе винтінің конструкциясына жауапты ұйымға қатысты юрисдикциясы бар мемлекет;
2) зауыттық сынақтар – әуе кемесінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісін, оның сипаттамаларын және пайдалану құжаттамасын сертификаттау базисінің талаптарына сәйкестігіне дейін жеткізу;
3) мемлекеттік сынақтар – азаматтық әуе кемесінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін көрсету;
4) модификация – әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі конструкциясын өзгерту;
5) дайындаушы – әуе кемесін, қашықтықтан пилоттау пунктін, қозғалтқышты және әуе винтін түпкілікті құрастыруға жауапты ұйым;
6) өтінім – өтініш берушінің азаматтық әуе кемесінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісіне үлгі сертификатын алу үшін уәкілетті ұйымға жүгінуі;
7) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
8) пайдалану құжаттамасы – техникалық қызмет көрсетуді қоса алғанда, азаматтық әуе кемесінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің ұшу және техникалық пайдаланылуын регламенттейтін және пайдалану шектеулерін, рәсімдері мен ұсынымдарын қамтитын құжаттама;
9) пайдалану сынақтары – әуе кемесінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің әртүрлі климаттық (физикалық) жағдайларда жерде және ауада пайдалану процесінде оның үлгісін сынау;
10) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласының орнықты дамуын, ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;
11) үлгі конструкциясы – ұшуға жарамдылықты белгілеу мақсатында әуе кемесінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісін айқындауға қажетті деректер мен ақпарат жиынтығы;
12) үлгі конструкциясына жауапты ұйым (бұдан әрі – әзірлеуші) – әзірлеуші мемлекет берген әуе кемесінің, қозғалтқыштың немесе әуе винтінің үлгісіне қатысты үлгі сертификаты немесе оған теңестірілген құжаты бар ұйым;
13) үлгі сертификаты – әуе кемесі үлгісінің конструкциясын, қашықтықтан пилоттау пунктін, қозғалтқышты немесе әуе винтін айқындау және бұл конструкцияның осы мемлекеттің ұшуға жарамдылықтың тиісті нормаларына сәйкес келетінін растау үшін әуе кемелерін сертификаттауды жүзеге асыратын уәкілетті ұйым не әзірлеуші шет мемлекеттің авиациялық өкіметі берген құжат;
14) ірі жөндеу – конструкцияның беріктігіне, ұшу сипаттамаларына, қозғалтқыштың жұмысына, пайдалану сипаттамаларына және ұшуға жарамдылыққа немесе қоршаған ортаны қорғауға байланысты сипаттамаларға әсер ететін басқа да қасиеттерге елеулі әсер ететін әуе кемесін, қозғалтқышты және әуе винтін жөндеу;
15) ірі модификация – үлгі сертификаты берілген әуе кемесіне, қашықтықтан пилоттау пунктіне, қозғалтқышқа немесе әуе винтіне қатысты масса мен орталықтандыру шектеулеріне, конструкция беріктігіне, күш қондырғысының жұмысына, ұшу сипаттамаларына, сенімділікке, пайдалану сипаттамаларына немесе бұйымның ұшуға жарамдылығына не қоршаған ортаға байланысты сипаттамаларына әсер ететін өзге де қасиеттеріне елеулі немесе болмашыдан өзгеше ықпал ететін үлгі конструкциясының өзгеруі;
16) сертификаттау базисі – авиациялық техниканың үлгі конструкциясын бекіту немесе қабылдау немесе осындай үлгі конструкциясын өзгерту үшін мемлекет белгілеген ұшуға жарамдылық пен қоршаған ортаны қорғаудың қолданылатын стандарттары. Сертификаттау базисі сондай-ақ ұшуға жарамдылықтың арнайы шарттарын, қауіпсіздіктің баламалы деңгейін растау және (немесе) мемлекет олардың осы үлгі конструкциясына қолданылуын айқындаған жағдайда талаптардан босату шарттарын қамтиды;
17) ұшуға жарамдылықтың арнайы шарттары – егер үлгі конструкциясының жаңа немесе әдеттен тыс ерекшеліктері не үлгі конструкциясының өзгеруі салдарынан қолданылатын ұшуға жарамдылық нормаларында жеткілікті немесе тиісті қауіпсіздік талаптары болмаса, сертификаттау базисінің құрамында уәкілетті ұйым белгілейтін ұшуға жарамдылықтың қосымша талаптары.
2-тарау. Сертификаттау және үлгі сертификатын беру тәртібі
3. Азаматтық әуе кемесінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісін сертификаттау (бұдан әрі – үлгіні сертификаттау) үшін "Азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен төлем алынады.
Төлем мөлшері "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) айқындалған.
Үлгіні сертификаттау уәкілетті ұйымның бюджетіне төлем түскеннен кейін азаматтық әуе кемесінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі конструкциясының Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12038 болып тіркелген) (бұдан әрі – Ұшу жарамдылығы нормалары) сәйкестігін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
4. Сериялық өндіріс процесінде әзірлеуші жұмыс конструкторлық құжаттама жиынтықтарын сақтауды ұйымдастырады және сериялық өндірісті авторлық бақылауды, материалдар қасиеттерінің, технологиялық процестердің, сериялық өндірілетін сертификатталған үлгі даналарына арналған бөлшектер мен тораптар сипаттамаларының тұрақтылығын сақтауды қамтамасыз етеді.
5. Азаматтық әуе кемесінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісіне зауыттық сынақтар жүргізу басталғанға дейін әзірлеуші формулярды, осы дананың жұмыс конструкторлық құжаттамасының сәйкестігіне паспортты ресімдейді. Мемлекеттік сынақтар көрсетілген құжаттар болған кезде ғана басталады.
6. Азаматтық әуе кемесінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісін зауыттық сынау әуе кемесі, қозғалтқыш және әуе винті данасының, оның компоненттері мен жүйелерінің сынақтар жүргізуге дайын болуына қарай жүргізіледі.
7. Әзірлеуші уәкілетті ұйымға әуе кемесінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісінің зауыттық сынақтар жүргізуге дайындығы туралы ақпаратты, метрологиялық қамтамасыз ету туралы есептерді және техникалық құжаттаманы жібереді.
8. Зауыттық сынақтар мынадай мақсаттарда өткізіледі:
1) азаматтық әуе кемесінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі конструкциясын, оның сипаттамаларын және пайдалану құжаттамасын пайдаланудың күтілетін жағдайларында ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне дейін жеткізу;
2) ұшуға жарамдылыққа әсер ететін азаматтық әуе кемесінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің (планер, шасси, басқару жүйесі, аэродинамикалық сипаттамалар, тежегіш, гидравликалық, электрлік және басқа жүйелер) аса жауапты функционалдық жүйелерінің үлгі конструкциясын белгілеу;
3) азаматтық әуе кемесін, қашықтықтан пилоттау пунктін, қозғалтқышты және әуе винтін мемлекеттік сынақтар жүргізу үшін ұсыну мүмкіндігін белгілеу.
9. Әзірлеуші зертханалық, стендтік, жердегі, ұшу кезіндегі және арнайы сынақтарды қоса алғанда, зауыттық сынақтар бағдарламасын тіркеген сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде оны әзірлейді және бекітеді.
10. Егер азаматтық әуе кемесінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің, қозғалтқыштың және әуе винті үлгісінің сәйкессіздіктері мен кемшіліктері анықталған кезде зауыттық сынақтарды одан әрі жүргізу тәуекелмен байланысты екені анықталса, уәкілетті ұйым сынақтарды тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды. Зауыттық сынақтар әзірлеуші анықталған сәйкессіздіктерді жойғаннан және растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін қайта басталады.
11. Азаматтық әуе кемесінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісін мемлекеттік сынау уәкілетті ұйымның қатысуымен әзірлеуші бекіткен жоспарға сәйкес жүргізіледі. Әзірлеуші мемлекеттік сынақтарды өткізу мерзімдері туралы уәкілетті ұйымды сынақтар басталғанға дейін күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын хабардар етеді. Мемлекеттік сынақтардың нәтижелері бойынша уәкілетті ұйым және әзірлеуші еркін нысанда бірлескен қорытынды дайындайды.
Әзірлеуші азаматтық әуе кемесінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісіне пайдалану сынақтарын әзірлеуші әзірлеген және бекіткен кестеге сәйкес әртүрлі климаттық (физикалық) жағдайларда жүргізеді.
12. Зауыттық, мемлекеттік және пайдалану сынақтары аяқталғаннан кейін әзірлеуші уәкілетті ұйымға мынадай құжаттарды жібереді:
1) азаматтық әуе кемесі, қашықтықтан пилоттау пункті, қозғалтқыш және әуе винті үлгісінің сертификаттау базисіне, оның ішінде қолданылатын ұшуға жарамдылық нормаларына, қоршаған ортаны қорғау талаптарына, олар болған кезде зауыттық және пайдалану сынақтарының нәтижелері бойынша түзетілген және әзірлеуші бекіткен ұшуға жарамдылықтың арнайы шарттарына сәйкестік кестесін,;
2) ұшу кезінде пайдалану жөніндегі нұсқаулықты, бекітілген пайдалану шектеулерін, ұшуға жарамдылықты қолдау жөніндегі нұсқаулықты, техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты, конструкцияны жөндеу жөніндегі нұсқаулықты, техникалық қызмет көрсету жөніндегі міндетті жұмыстардың тізбесін және оларды орындау кезеңділігін қоса алғанда, зауыттық, мемлекеттік және пайдалану сынақтарының нәтижелері бойынша нақтыланған пайдалану құжаттамасының жиынтығын;
ең жоғары сертификатталған ұшу массасы 5700 килограмнан асатын ұшақтар үшін өтініш беруші, егер коррозияның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі арнайы ақпаратты қамтитын конструкцияның тұтастығын сақтау бағдарламасы осы әуе кемесінің типіне қолданылатын болса, осы бағдарламаны ұсынады;
3) әуе кемесі, қашықтықтан пилоттау пункті, қозғалтқыш және әуе винті үлгісінің жұмыс конструкторлық құжаттамасының бақылау және ағымдағы жиынтықтары (жиынтықтардың нөмірлері көрсетіледі) зауыттық және пайдалану сынақтарының нәтижелері бойынша түзетілгені туралы хабарламада азаматтық әуе кемесі, қашықтықтан пилоттау пункті, қозғалтқыш және әуе винті үлгісінің үлгі конструкциясы көрсетіледі, осы типтегі азаматтық әуе кемесі, қашықтықтан пилоттау пункті, қозғалтқыш және әуе винті үлгісін сериялық өндіруге жарамды, бекітілген және әзірлеуші мен дайындаушыда сақталады.
13. Пайдаланушы конструкцияға және пайдалану құжаттамасына өзгерістерді осындай өзгерістерді әзірлеушімен келіскеннен кейін ғана енгізеді.
14. Азаматтық әуе кемелеріне, қозғалтқыштар мен әуе винттеріне Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго, 1944 жыл) (бұдан әрі – Конвенция) 16-қосымшада белгіленген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қолданылатын талаптар қолданылады.
Азаматтық әуе кемесінің үлгісін сертификаттау кезінде Конвенцияға 16-қосымшаның I томында белгіленген әуе кемелерін шу бойынша сертификаттау талаптары қолданылады.
Авиациялық қозғалтқыштың үлгісін сертификаттау кезінде Конвенцияға 16-қосымшаның II томында белгіленген авиациялық қозғалтқыштарды эмиссия бойынша сертификаттау талаптары қолданылады.
Ұшақтың үлгісін сертификаттау кезінде Конвенцияға 16-қосымшаның III томында белгіленген ұшақтарды CO₂ эмиссиясы бойынша сертификаттау талаптары қолданылады.
15. Қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптар азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің сертификаттау базистеріне дербес бөлімдер ретінде енгізіледі.
16. Азаматтық әуе кемесі, қозғалтқыш және әуе винті үлгісінің қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптарға сәйкестігі Жергілікті жердегі шуыл бойынша әуе кемесінің үлгі сертификатымен куәландырылады. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым әзірлеуші мемлекет берген қозғалтқыштар эмиссиясы бойынша сертификаттарды, сондай-ақ сертификаттау жүргізілген талаптар Конвенцияға 16-қосымшаның II томындағы ережелерден қатаңдығы кем болмаған жағдайда басқа мемлекеттің уәкілетті сертификаттаушы ұйымы берген эмиссия бойынша сертификаттарды таниды.
17. Үлгіні сертификаттау мынадай негізгі кезеңдерді қамтиды:
1) өтінімді қабылдау және қарау;
2) сертификаттау базисін белгілеу;
3) сертификаттау жұмыстарының бағдарламасын және сәйкестікті растау әдістерін келісу;
4) талдаулар, сынақтар, тексерулер және сертификаттық бағалау жүргізу;
5) сертификаттау базисіне сәйкестікті растау;
6) сертификаттық тексеру жүргізу;
7) анықталған сәйкессіздіктерді жою;
8) үлгі конструкциясын, пайдалану шектеулерін және ұшуға жарамдылықты қолдау жөніндегі құжаттаманы бекіту;
9) үлгі сертификатын және үлгі сертификатының деректер картасын беру не дәлелді бас тарту.
1-параграф. Мемлекеттік қызмет көрсету және үлгіні сертификаттауды жүргізу тәртібі
1-тарау. Өтінімді беру және қарау
18. Уәкілетті ұйым Сериялық өндіріске арналған жаңа конструкциялы (жаңа үлгідегі) азаматтық әуе кемесін, қашықтықтан пилоттау пунктін, қозғалтқышты және әуе винтін Ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне сертификаттауға тиіс және олар зауыттық, мемлекеттік және пайдалану сынақтарынан өткеннен кейін уәкілетті ұйым берген үлгі сертификаты болады.
19. Үлгі сертификатын алу үшін әзірлеуші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінімді және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Азаматтық әуе кемесінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі сертификатын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағында көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жібереді.
Мемлекеттік қызметті портал арқылы алған кезде әзірлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған немесе әзірлеушінің бір реттік паролімен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінім құжаттарды қабылдаған күні портал шлюзі арқылы уәкілетті ұйымның "Е-лицензиялау" (бұдан әрі – ЕЛ) цифрлық жүйесіне жіберіледі.
Өтінімді өңдеуді уәкілетті ұйым өтініш ЕЛ-ге келіп түскен сәттен бастап жүзеге асырады.
Портал арқылы жүгінген кезде әзірлеушіге "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы уәкілетті ұйым "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
20. Уәкілетті ұйым құжаттарды келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. Егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінім уәкілетті ұйымның жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түссе, онда мерзім келесі жұмыс күнінен басталады.
Әзірлеуші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өтінімді тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету Тізбенің 7-тармағында көзделген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
21. Құжаттарды қарау мерзімі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.
Осы тармақта көрсетілген мерзімнің өтуі уәкілетті ұйымды мемлекеттік қызмет көрсетуден босатпайды.
Осы Қағидалардың 24-тармағында белгіленген жағдайларда мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері тоқтатыла тұруы мүмкін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін ұзартуға жол берілмейді.
22. Уәкілетті ұйым ұсынылған құжаттардың Тізбеге сәйкес толықтығын және Қазақстан Республикасының заңнамасына, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын тәжірибесіне сәйкес әзірленген нұсқаулық материалды (бұдан әрі – нұсқаулық материал) пайдалана отырып, Ұшуға жарамдылық нормалары мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді.
Өтінімде және (немесе) әзірлеуші ұсынған құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, әзірлеуші осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда уәкілетті ұйым өтінімдерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Анықталған кемшіліктерді жою үшін уәкілетті ұйым өтініш берушіге 14 (он төрт) жұмыс күнін береді. Көрсетілген мерзім мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне енгізілмейді.
Уәкілетті ұйым мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне енгізілмейтін анықталған кемшіліктерді жою үшін әзірлеушіге мерзім белгілейді.
Құжаттарды қайта ұсынуды тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін әзірлеуші жүзеге асырады.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, әзірлеушінің бастапқы өтініш берген күні мемлекеттік қызметті алуға арналған өтінімді және (немесе) құжаттарды қабылдау күні болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда уәкілетті ұйым өтінім мен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
23. Осы Қағидалардың 24-тармағында көзделген мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімін тоқтата тұру әзірлеушіге Мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы уәкілетті ұйым хабарлама жіберген күннен басталады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі уәкілетті ұйым мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.
24. Уәкілетті ұйым мемлекеттік қызмет көрсету процесін келесі жағдайларда тоқтата тұрады:
1) егер өтініш берушілердің тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқығы құқықтық мирасқорлыққа жол берсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;
2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) мемлекеттік органдар не сот қарайтын мәселелер шешілгенге дейін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсетудің мүмкін еместігі;
4) өтінімде және (немесе) әзірлеуші ұсынған құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталса, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмесе, осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген Тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылса.
24-1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрады:
1) осы Қағидалардың 24-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – тиісті адамның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін;
2) осы Қағидалардың 24-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда – мемлекеттік орган позицияны айқындағанға дейін немесе сот актісі заңды күшіне енгенге дейін немесе мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге тәртіппен шешкенге дейін жүзеге асырылады.
3) осы Қағидалардың 24-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда – анықталған кемшіліктер уәкілетті ұйым белгілеген ақылға қонымды мерзімде жойылғанға дейін.
Осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген тоқтата тұру мерзімі тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімінен аспауға тиіс.
25. Уәкілетті ұйым әзірлеушінің өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай жағдайларда тоқтата тұруға құқылы:
1) қызмет көрсетудің одан әрі процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әрекеттері. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан әрі процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әрекеттері деп төтенше жағдай енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайға қауіп төндіру немесе оның туындауы түсініледі;
2) қызметті заңды өкілдері алған жағдайларды қоспағанда, өтініш берушінің қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын стационарлық емделуде болуы.
26. Уәкілетті ұйым азаматтық әуе кемесінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің, қозғалтқыштың немесе әуе винтінің мәлімделген үлгі конструкциясы үшін сертификаттау базисін белгілейді.
Сертификаттау базисі ұшуға жарамдылықтың қолданыстағы нормаларын және қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптарды, сондай-ақ қажет болған жағдайда мыналарды қамтиды:
1) ұшуға жарамдылықтың арнайы шарттары;
2) қауіпсіздіктің баламалы деңгейі туралы қорытындылар;
3) егер мұндай босатуларды беруге Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілсе, жекелеген талаптардан босату.
Сертификаттау базисі жазбаша нысанда ресімделеді және әзірлеушіге мәлімделеді.
27. Егер үлгі конструкциясының жаңа немесе ерекше ерекшеліктеріне не үлгі конструкциясының өзгеруіне байланысты қолданылатын ұшуға жарамдылық нормаларында жеткілікті немесе тиісті қауіпсіздік талаптары болмаса, ұшуға жарамдылықтың арнайы шарттары белгіленеді.
28. Ұшуға жарамдылықтың арнайы шарттары қолданыстағы ұшуға жарамдылық нормаларымен белгіленген деңгейге баламалы қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша талаптарды қамтиды.
Ұшуға жарамдылықтың арнайы шарттары:
1) уәкілетті ұйым жазбаша нысанда ресімделеді;
2) әзірлеушіге жеткізіледі;
3) сертификаттау базисіне енгізіледі;
4) сертификаттау жұмыстарының бағдарламасында, сынақ бағдарламаларында және сәйкестік кестесінде ескеріледі.
29. Күрделі, бірегей, жаңа, екіұшты немесе дәстүрлі емес конструкциялық шешімдер болған кезде уәкілетті ұйым тиісті біліктілігі бар мамандарды тарта отырып, арнайы сертификаттық бағалау жүргізуді ұйымдастырады. Қажет болған жағдайда уәкілетті ұйым тиісті мемлекеттік органдарға, тәуелсіз консалтингтік ұйымдарға, ғылыми ұйымдарға, авиация саласының өкілдеріне және тиісті біліктілігі бар мамандарға көмек алу үшін жүгінеді. Арнайы сертификаттық бағалаудың нәтижелері ұшуға жарамдылықтың арнайы шарттарын белгілеу, сәйкестікті растау әдістерін айқындау және үлгі сертификатын беру не беруден бас тарту туралы шешім қабылдау кезінде ескеріледі.
2-тарау. Азаматтық әуе кемесінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі сертификатын сертификаттық тексеру және беру (беруден бас тарту)
30. Сертификаттық тексеру авиациялық инспекторлар үшін уәкілетті ұйым әзірлеген нұсқаулы материалды пайдалана отырып жүзеге асырылады.
31. Сертификаттық тексеру жүргізу кезінде мыналар тексеріледі:
1) әуе кемесінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі конструкциясы;
2) жабдықтар, орнату тораптары және т.б.;
3) ұшу-техникалық сипаттамасы;
4) ұшу кезіндегі сынақтарының құжаттамасы;
5) пайдалану шектеулері;
6) бұйым мен жабдықтың сызбалары мен конфигурациясының ерекшеліктері;
7) сертификаттау базисі;
8) ұшуға жарамдылықтың арнайы шарттары болған кезде;
9) сертификаттау базисіне сәйкестік кестесі және қолданылатын талаптардың орындалуын растайтын материалдар.
32. Сертификаттық тексеру конструкцияның сертификаттау базисіне және Ұшуға жарамдылық нормаларының талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.
33. Сертификаттық тексеру басталғанға дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын әзірлеушіге сертификаттау рәсімінің басталу күні, рәсімге енгізілуі мүмкін өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты, сондай-ақ сертификаттық тексеру жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық ұйымдар құжаттарының тізбесін қамтитын еркін нысандағы хабарлама жіберіледі.
34. Сертификаттық тексеру нәтижелері бойынша әуе кемесі, қашықтықтан пилоттау пункті, қозғалтқыш және әуе винті үлгісінің сертификаттау базисіне, оның ішінде қолданылатын ұшуға жарамдылық нормаларына, қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптарға және олар болған кезде ұшуға жарамдылықтың арнайы шарттарына сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы актіге (бұдан әрі – акт) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада қол қойылады. Актіде әуе кемесі, қашықтықтан пилоттау пункті, қозғалтқыш және әуе винті үлгісінің нақты жай-күйі, қорытындылар, ұсынымдар және үлгі сертификатын беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды көрсетіледі. Актінің бір данасы әзірлеушіге уәкілетті ұйымның кеңсесі арқылы немесе порталдағы әзірлеушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Уәкілетті ұйым әуе кемесі, қашықтықтан пилоттау пункті, қозғалтқыш және әуе винті үлгісінің үлгі конструкциясының Ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін белгілейтін зауыттық, мемлекеттік және пайдалану сынақтарының оң нәтижелері және үлгі сертификатын беру мүмкіндігі туралы қорытынды негізінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес үлгі сертификатын осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша деректер картасын қоса бере отырып ресімдейді не үлгі сертификатын беру мүмкін еместігі туралы қорытынды негізінде азаматтық әуе кемесінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі сертификатын беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.
Үлгі сертификаты шектеусіз мерзімге беріледі.
Актінің теріс нәтижесі болған кезде және (немесе) Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша уәкілетті ұйым мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімдейді, ол уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының не оны алмастыратын тұлғаның ЭЦҚ-сымен қол қойылып, порталдағы әзірлеушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан кезде уәкілетті ұйым бас тарту себептерін көрсете отырып, әзірлеушіге жауап жібереді.
Жауапта уәкілетті ұйым мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдаған негіздердің негіздемелері бар толық тізбесі, сондай-ақ шағымдану мерзімдері мен тәртібі көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін осы қызметті алу құқығының туындауына байланысты емес талаптар негіз бола алмайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан кезде әзірлеушімен тыңдау жүргізілмейді.
Әзірлеуші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, әзірлеуші осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгіне алады.
35. Сәйкессіздік анықталған жағдайда әзірлеуші актіге қол қойылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларды жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынады.
Әзірлеуші анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша ұсынған шаралар негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде түзету іс-қимылдарының жоспары бекітіледі не оның себептерін негіздей отырып пысықтауға қайтарылады.
Түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген мерзімді әзірлеуші оны өзгерту қажеттігі туралы негіздеме ұсынған жағдайда уәкілетті ұйым ұзартады.
36. Уәкілетті ұйым әзірлеушінің түзету іс-қимылдары жоспарын ұсынуын және (немесе) оның орындалуын бақылайды.
Егер әзірлеуші осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген мерзімдерде түзету іс-қимылдарының қолайлы жоспарын ұсынбаса немесе жоспарда белгіленген мерзімдерде түзету іс-әрекеттерін орындамаса, уәкілетті ұйым үлгі сертификатын беруден бас тартады.
Анықталған сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін әзірлеуші уәкілетті ұйымға тексеру үшін жоспарда белгіленген мерзімдерде растайтын құжаттаманы қоса бере отырып, түзету іс-қимылдарының орындалуы туралы еркін нысандағы анықтаманы ұсынады.
Тексерудің оң не теріс қорытындысының нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 34-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ресімделеді және әзірлеушіге портал арқылы жіберіледі.
37. Уәкілетті ұйым "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес "Азаматтық әуе кемесінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі сертификатын беру" мемлекеттік қызметін көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылым операторына, уәкілетті ұйымға және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
38. Уәкілетті ұйым қызметкерлерінің әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Әзірлеушінің шағымы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қаралуға тиіс:
уәкілетті ұйым – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
Шағым уәкілетті ұйымға және (немесе) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
Уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылданса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
39. Уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес мынадай жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген әзірлеушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша түрде (шағым қағаз тасығышта берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық нысанда берілген кезде) хабарлайды.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
3-тарау. Үлгі сертификаты берілгеннен кейін деректерді сақтау және оның қызметі
40. Әзірлеуші сызбаларды, ерекшеліктерді, есептерді, сынақ нәтижелерін, пайдалану шектеулерін, ұшуға жарамдылықты қолдау жөніндегі құжаттарды, үлгі конструкциясының өзгеруі жөніндегі құжаттарды және үлгі конструкциясының сертификаттау базисіне сәйкестігін растайтын өзге де материалдарды қоса алғанда, үлгі конструкциясының деректерін сақтауды қамтамасыз етеді.
41. Құжаттарды сақтау олардың сақталуын, қадағалануын, қолжетімділігін және қабылданған шешімдерді растау мүмкіндігін қамтамасыз ететін тәртіппен үлгі сертификатының бүкіл қолданылу мерзімі ішінде жүзеге асырылады.
42. Әзірлеуші үлгі конструкциясының конструктивтік тұтастығын сақтауды және ұшуға жарамдылығын сақтауға байланысты міндеттерді орындауды қамтамасыз етеді.
43. Әзірлеуші пайдаланушылардан, техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымдардан және өзге де көздерден келіп түсетін үлгі конструкциясының ұшуға жарамдылығын қолдауға әсер ететін істен шығулар, ақаулықтар, ақаулар және басқа да оқиғалар туралы ақпаратты алуды, есепке алуды және талдауды қамтамасыз етеді.
44. Қауіпті жағдай анықталған кезде әзірлеуші түзету шараларын әзірлейді және оларды қарау үшін уәкілетті ұйымға ұсынады.
45. Уәкілетті ұйым қауіпті жай-күй туралы ұсынылған ақпаратты қарайды және ұшуға жарамдылықты қолдау жөніндегі міндетті ақпаратты шығару, бекітілген құжаттарға өзгерістер енгізу, үлгі сертификатының қолданылуын тоқтата тұру не өзге де шаралар қабылдау қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.
4-тарау. Үлгі сертификатының қолданылуын тоқтата тұру, қалпына келтіру
46. Уәкілетті ұйым ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін кемшіліктер анықталған жағдайда, мұндай кемшіліктер жойылғанға дейін үлгі сертификатының қолданылуын тоқтата тұрады.
47. Үлгі сертификатының қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда уәкілетті ұйым осы әуе кемесі, қашықтықтан пилоттау пункті, қозғалтқыш және әуе винті үлгісін пайдаланатын әзірлеуші мен пайдаланушыларды, сондай-ақ аэронавигациялық ақпарат қызметін қабылданған шешім туралы дереу хабардар етеді.
48. Үлгі сертификатының қолданылуын қайта бастауды әзірлеуші анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін және әуе кемесі, қашықтықтан пилотталатын авиациялық жүйе, қозғалтқыш және әуе винті үлгісінің ұшуға жарамдылық нормаларының талаптарына сәйкестігін растайтын зауыттық, мемлекеттік және пайдалану сынақтарын жүргізгеннен кейін ғана уәкілетті ұйым жүзеге асырады.
2-параграф. Бекітілген үлгі конструкциясын өзгерту
50. Азаматтық әуе кемесінің, азаматтық қашықтықтан пилотталатын авиациялық жүйенің, қозғалтқыштың және әуе винтінің бекітілген үлгі конструкциясына (тип конструкциясына) немесе олардың ұшуды орындауға жарамдылығына немесе қоршаған ортаны қорғауға байланысты сипаттамаларына әсер ететін пайдалану-техникалық құжаттамасына енгізілетін өзгерістер:
1) конструкция өзгерістерін бағалау үшін осы Қағидалардың 2-тарауында белгіленген тәртіппен уәкілетті ұйымның қосымша сертификаттауына;
2) ірі модификацияны немесе жөндеуді орындауды бекітуді алу үшін уәкілетті ұйымның конструкция өзгерістерін бағалауына жатады.
51. Үлгі сертификатына толықтыру енгізу арқылы бекітуге жататын бекітілген үлгі конструкциясының өзгерістеріне әуе кемесінің, азаматтық қашықтықтан пилотталатын авиациялық жүйенің, қозғалтқыштың және әуе винтінің жаңа моделін немесе модификациясын енгізу, үлгі сертификатының деректер картасында белгіленген пайдалану шарттарын немесе шектеулерді қайта қарау, сондай-ақ әуе кемесіндегі жолаушылар орындарының санын немесе жолаушылар салонының конфигурациясын өзгерту жатады.
52. Өзгерістің сипаты мен күрделілігін, сондай-ақ қажетті инженерлік талдау көлемін ескере отырып, үлгі сертификатына толықтыру алу үшін қосымша сертификаттау жүргізу талап етілмейтін жағдайларда, бекітілген үлгі конструкцияға енгізілетін өзгеріс ірі модификацияны немесе жөндеуді орындауға мақұлдау алу үшін уәкілетті ұйымның бағалауына жатады.
53. Ірі модификацияны немесе ірі жөндеуді орындауды бекіту үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді мынадай құжаттарды қоса бере отырып береді:
1) авиациялық техника үлгісінің бастапқы сертификатталған үлгі конструкциясынан айырмашылықтарды қамтитын модификацияның немесе жөндеудің техникалық сипаттамасы;
2) модификацияны негізгі немесе екінші дәрежелі өзгеріс ретінде жіктеу;
3) сәйкестігі белгіленуге тиіс ұшуға жарамдылығы мен қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптардың тізбесі;
4) модификацияны әзірлеуші мен үлгі сертификатын ұстаушы арасындағы модификацияланған үлгінің үлгі конструкциясының ұшуға жарамдылығы мен қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершілікті олардың арасында бөлу туралы келісімнің көшірмесі;
5) әуе кемесінің үлгі конструкциясының пайдаланылатын деректері туралы мәліметтерді қоса алғанда, мәлімделген модификацияны немесе жөндеуді әзірлеу, талдау және оның ұшуға жарамдылығы мен қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптарға сәйкестігін растау үшін жеткілікті қолданылатын технологиялар саласындағы білімнің, тәжірибенің, техникалық деректердің, рәсімдер мен мүмкіндіктердің модификацияны әзірлеушіде бар екенін растайтын құжаттар;
6) сертификаттау жұмыстарының тізбесі.
54. Ірі модификацияны немесе ірі жөндеуді орындауды бекітудің жалпы мерзімі өтінім тіркелген сәттен бастап 22 (жиырма екі) жұмыс күнін құрайды.
55. Өтінімді Ұшуға жарамдылық нормаларына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тиісті нұсқаулы материалды пайдалана отырып қарау нәтижелері бойынша уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шектеусіз мерзімге берілетін ірі модификацияны немесе ірі жөндеуді орындауды бекіту туралы хабарламаны ресімдейді не өтініш берушіге дәлелді бас тартуды жібереді.
3-параграф. Әзірлеуші шет мемлекеттің авиациялық билігі берген үлгі сертификатын тану тәртібі
56. Азаматтық әуе кемесінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің үлгі сертификатын тану (бұдан әрі – үлгі сертификатын тану) Қазақстан Республикасында пайдалануға берілетін және Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне алғаш енгізілуге жататын азаматтық әуе кемесінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің жаңа үлгісі мен жаңа моделі үшін талап етіледі.
57. Үлгі сертификатын тануды уәкілетті ұйым өтінім берілген күннен бастап 22 (жиырма екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады және мынадай шарттар сақталған кезде осы Қағидаларға 9-қосымшада белгіленген нысан бойынша азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын тану туралы шешім (бұдан әрі – Шешім) түрінде ресімделеді:
1) үлгі сертификатын әуе кемелерін, қашықтықтан пилоттау пунктін сертификаттауды жүзеге асыратын әзірлеуші шет мемлекет берген;
2) үлгі сертификаты берілген талаптар Ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкес келеді.
58. Шешімнің қолданылу мерзімі онда көрсетілген үлгі сертификаты тапсырылғанға дейін не оның қолданылуы осы Қағидалардың 62 және 64-тармақтарына сәйкес тоқтатыла тұрғанға немесе кері қайтарып алынғанға дейін шектеусіз болып табылады.
59. Шешімді алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тануға өтінім жібереді.
Үлгі сертификатын тануға арналған өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) әзірлеуші шет мемлекет қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде берген қолданыстағы үлгі сертификатының көшірмесі;
2) қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі үлгі сертификатының қолданыстағы деректер картасының көшірмесі.
60. Ұсынылған құжаттар немесе мәліметтер дәйексіз болған, сондай-ақ олар осы Қағидалардың және Ұшуға жарамдылық нормаларының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті ұйым Шешім беруден бас тартады.
61. Шешімнің телнұсқасын алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға еркін нысанда өтінім жібереді.
Уәкілетті ұйым өтінімді алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге Шешімнің телнұсқасын береді, оның жоғарғы оң жақ бұрышына "Телнұсқа" деген белгі қойылады.
62. Шешімнің қолданылуын уәкілетті ұйым мынадай жағдайларда тоқтата тұрады:
1) пайдалану процесінде әуе кемесі үлгісінің оның ұшуды орындауға жарамдылығына әсер ететін және ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін қауіпті жай-күйі анықталса;
2) әуе кемесін, қашықтықтан пилоттау пунктін, қозғалтқышты немесе әуе винтін әзірлеуші мемлекет әуе кемесінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің, қозғалтқыштың немесе әуе винтінің тиісті үлгісінің үлгі сертификатының қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрса;
3) егер Шешімнің телнұсқасы осы Қағидалардың 61-тармағына сәйкес алынбаса, берілген Шешім бүлінсе немесе жоғалса (ұрланса).
63. Шешімнің қолданылуын уәкілетті ұйым мынадай шарттар болған кезде қайта бастайды:
1) ұшу қауіпсіздігіне қатер төндірген кемшіліктер жойылған;
2) әуе кемесін, қозғалтқышты немесе әуе винтін әзірлеуші мемлекет әуе кемесінің, қозғалтқыштың немесе әуе винтінің үлгі сертификатының қолданылуын қалпына келтірген.
64. Уәкілетті ұйым Шешімді мынадай жағдайларда кері қайтарып алады:
1) әуе кемесін, қашықтықтан пилоттау пунктін, қозғалтқышты, әуе винтін әзірлеуші мемлекет әуе кемесінің белгілі бір үлгісінің, авиациялық қозғалтқыштың немесе әуе винтінің үлгі сертификатының күшін жойса;
2) сертификатталған әуе кемесінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің, қозғалтқыштың немесе әуе винтінің не олардың компонентінің бекітілген үлгі конструкциясына немесе олардың пайдалану-техникалық құжаттамасына ұшуға жарамдылыққа әсер ететін және әуе кемесін, авиациялық қозғалтқышты, әуе винтін сертификаттаудың жаңа рәсімін талап ететін өзгерістер енгізілсе;
3) әуе кемесін, қашықтықтан пилоттау пунктін, қозғалтқышты, әуе винтін әзірлеуші мемлекет үлгі сертификатына құқықтарды басқа мемлекетке берген кезде, көрсетілген мемлекет бұрын Шешім берілген әуе кемесінің, қозғалтқыштың немесе әуе винтінің тиісті үлгісін әзірлеуші мәртебесіне ие болса.
65. Шет мемлекеттің авиациялық билігі бекіткен ірі модификация модификацияны әзірлеуші мемлекет берген қосымша үлгі сертификатының негізінде танылады.
Қосымша үлгі сертификатын тану үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді мынадай құжаттарды қоса бере отырып береді:
1) модификацияны әзірлеуші шет мемлекеттің уәкілетті органы қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілінде берген қосымша үлгі сертификатының көшірмесі;
2) модификацияны әзірлеуші ұйымның немесе дайындаушының сертификатының көшірмесі, бар болса;
3) модификацияның сипаттамасын, оны қолдану шарттары мен шектеулерін, сондай-ақ қосымша үлгі сертификаты қолданылатын әуе кемелерінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің, қозғалтқыштардың немесе әуе винттерінің тізбесін қамтитын құжаттар;
4) егер мұндай талаптар қолданылатын болса, модификацияның ұшуға жарамдылығы мен қоршаған ортаны қорғауға қойылатын қолданылатын талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттар.
Қосымша үлгі сертификатын тану тиісті әуе кемесінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің, қозғалтқыштың немесе әуе винтінің үлгі сертификатын уәкілетті ұйым таныған және осы Қағидалардың 69-тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылады.
66. Уәкілетті ұйым өтінім берілген күннен бастап 22 жұмыс күні ішінде өтінімді және ұсынылған құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына және Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің Ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі тұрғысынан тексереді.
67. Өтінімді және ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша үлгі сертификатын тану туралы шешімді ресімдейді және береді не өтініш берушіге дәлелді бас тартуды жібереді.
68. Қосымша үлгі сертификатын тану туралы шешім модификацияны әзірлеуші шет мемлекеттің уәкілетті органы берген қосымша үлгі сертификатын тіркеу мемлекеті танитынын және Қазақстан Республикасында тіркелген әуе кемесіне, қашықтықтан пилоттау пунктіне, қозғалтқышқа немесе әуе винтіне қатысты осындай қосымша үлгі сертификатында белгіленген шарттар мен шектеулерді ескере отырып қолданылатынын растайды.
69. Әуе кемесінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі конструкциясындағы елеулі өзгерістерге қосымша үлгі сертификатын тану үшін әуе кемесі модификацияларын әзірлеушілер бастапқы әзірлеуші болып табылмаған жағдайда, қосымша үлгі сертификатын танудың қажетті шарты әуе кемесін әзірлеуші мен қосымша үлгі сертификатын әзірлеуші арасында авторлық сүйемелдеу үшін жауапкершілікті бөлу туралы келісімнің болуы болып табылады.
Қосымша үлгі сертификатын беру немесе тану кезінде уәкілетті ұйым қолданылатын ұшуға жарамдылық нормаларын, қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптарды, олар болған кезде ұшуға жарамдылықтың арнайы шарттарын қоса алғанда, үлгі конструкциясы өзгерісінің сертификаттау базисін, сондай-ақ өзгерістің бұрын бекітілген үлгі конструкциясымен үйлесімділігін растауды ескереді.
| Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларына 1-қосымша Нысан |
Өтінім
Сертификаттауды жүргізуді және үлгі сертификатын беруді сұраймын:
| Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларына 2-қосымша Нысан |
"Азаматтық әуе кемесінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі сертификатын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
| Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Әуе кемесінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің, қозғалтқыштың, әуе винтінің үлгісінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы акт
1. Актіні жасау күні, уақыты және орны:
2. Негізінде сертификаттық тексеру жүргізілген бұйрықтың күні мен нөмірі:
3. Тексеруді жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы:
4. Сертификаттық тексеру жүргізу кезеңі:
5. Сертификаттық тексеру жүргізілетін орын:
6. Авиациялық техника санаты:
7. Қолданыстағы ұшуға жарамдылық нормаларын, қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптарды және олар болған кезде ұшу жарамдылығының арнайы шарттарын қоса алғанда, сертификаттау базисі:
8. Тексеру нәтижелері, оның ішінде анықталған сәйкессіздіктер, олардың сипаты туралы мәліметтер:
9. Тексерілетін жеке немесе заңды тұлғаның, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың актісімен танысу немесе танысудан бас тарту туралы мәліметтер, олардың қолдары немесе қол қоюдан бас тарту туралы жазба;
10. Тексеру жүргізген лауазымды адамның қолы.
| Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларына 4-қосымша Нысан |
Символ Қазақстан Республикасы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның атауы, мекенжайы, телефоны, e-mail, Интернет мекенжайы Наименование уполномоченной организации в сфере гражданской авиации Республики Казахстан, адрес, телефон, e-mail, Интернет адрес Name of Civil Aviation Authorized organization Republic of Kazakhstan Address, telefone, e-mail, the Internet
Үлгі сертификаты Сертификат типа Type Certificate №
Қазақстан Республикасының сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларына сәйкес үлгі сертификаты берілді
Согласно Правилам сертификации и выдачи сертификата типа Республики Казахстан настоящий сертификат типа выдан
Pursuant to Rules for Certification and Issuance of a Type Certificate of the Republic of Kazakhstan, this Type Certificate is issued to
Үлгі сертификатын ұстаушының атауы
Наименование держателя сертификата типа
Name of Holder of Type Certificate
Үлгі сертификатын ұстаушының толық мекенжайы
Полный адрес держателя сертификата типа
Complete Address of Holder of Type Certificate
Келесі авиациялық бұйымға (бұйымдарға) қатысты:
В отношении следующего(их) авиационного(ых) изделия(ий)
For the following aeronautical product(s)
Әуе кемесінің моделі
Модель воздушного судна
Aircraft Model
Осы үлгі конструкциясы, оның сертификаттау базисі, пайдалану шектеулері және олармен байланысты ұшуға жарамдылық жөніндегі өзге де талаптар туралы мәліметтер ________ үлгі сертификатының деректер картасында немесе оның кейінгі басылымында көрсетілген.
Сведения о данной типовой конструкции, ее сертификационном базисе, эксплуатационных ограничениях и иных связанных с ними требованиях к летной годности указаны в карте данных сертификата типа________ или более позднем ее издании
Details of this type design, basis of certification, operating limitations and other associated airworthiness requirements are specified in Type Certificate data sheet _____ or latest revision
Уәкілетті ұйымның лауазымды тұлға не оның орнындағы адам
Должностное лицо уполномоченной организации либо лицо, его замещающее
An official of an authorized organization or a person replacing him
(электронная цифровая подпись) (Фамилия, имя, отчество (при его наличии))
Берілген күні:
Дата выдачи:
Date of issue:
| Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларына 5-қосымша Нысан |
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР / ОБЩИЕ ПОЛОЖЕНИЯ / GENERAL
2. ӘУЕ КЕМЕСІНІҢ ҮЛГІСІ / ТИП ВОЗДУШНОГО СУДНА / AIRCRAFT TYPE
2.I Жалпы ережелер / Общие положения / General
Әуе кемесінің үлгісі / Тип воздушного судна / Aircraft Type
2.II Сертификаттау базисі / Сертификационный базис / Certification Basis
2.III Үлгілік конструкцияны айқындау, ӘК атауы, техникалық сипаттамалары және пайдалану шектеулері / Определение типовой конструкции, наименование ВС, технические характеристики и эксплуатационные ограничения / Aircraft name, technical characteristics and operational limitations type design definition
2.III.1 Үлгі конструкциясын айқындау / Определение типовой конструкции / Type design definition
2.III.2 Өлшемдер / Размеры / Dimensions
Параметр / Параметр / Parameter | Мәні / Значение / Value |
Ұзындығы / Длина / Length | xx м / xx м / xx m |
Қанат құлашы / Размах крыла / Span | xx м / xx м / xx m |
Биіктігі / Высота / Height | xx м / xx м / xx m |
Қанаттың жалпы ауданы / Полная площадь крыла / Gross wing area | xx м² / xx м² / xx m² |
2.III.3 Қозғалтқыштар / Двигатели / Engines
2.III.4 Көмекші қуат қондырғысы (КҚҚ) / Вспомогательная силовая установка (ВСУ) / Auxiliary power unit (APU)
Модель / Модель / Model: | |
КҚҚ шектеулері / Ограничения ВСУ / APU limits: |
2.III.5 Сұйықтықтар (отын/май/қоспалар) / Жидкости (топливо/масло/присадки) / Fluids (Fuel/Oil/Additives)
Бекітілген отын, майлар және қоспалар: әуе кемесінің ұшу пайдалану жөніндегі нұсқаулығын қараңыз. / Утвержденные топливо, масла и присадки: см. летное руководство воздушного судна. / Approved fuel, oils and additives: Refer to the Aircraft Flight Manual.
2.III.6 Сұйықтықтар көлемі / Объемы жидкостей / Fluid capacities
Отын қоры / Запас топлива / Fuel capacity
ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ОТЫН / ВЫРАБАТЫВАЕМОЕ ТОПЛИВО / USABLE FUEL | л / л / Litres |
АҚШ галлоны / галлоны США / | фунт (*) / фунт (*) / lbs (*) | |
Сол жақ жарты қанат / Левое полукрыло / Left circuit | ||||
Оң жақ жарты қанат / Правое полукрыло / Right circuit | ||||
Орталық қанат бөлігі / Центроплан / Centre circuit | ||||
Барлық пайдаланылатын отын / Всего вырабатываемого / Total usable | ||||
ПАЙДАЛАНЫЛМАЙТЫН ОТЫН / НЕВЫРАБАТЫВАЕМОЕ ТОПЛИВО / UNUSABLE FUEL | ||||
Ағызылатын / Сливаемое / Drainable | ||||
Ағызылмайтын / Несливаемое / Undrainable | ||||
Барлық пайдаланылмайтын отын / Всего невырабатываемого / Total unusable |
* Отын тығыздығы xx кг/л болған кезде. / * При плотности топлива, равной xx кг/л. / * Assuming a fuel density of xx kg/litre.
Қозғалтқыш май багының сыйымдылығы* / Емкость маслобака двигателя* / Engine Oil Tank Capacity*:
л / л / Litres | кг (**) / кг (**) / kg (**) | АҚШ галлоны / гал США / US gallons | фунт (**) / фунт (**) / lbs (**) | |
Майдың ең жоғары деңгейі / Максимальный уровень масла / Max oil level | ||||
Сол жақ қозғалтқыш / Левый двигатель / Left engine | ||||
Оң жақ қозғалтқыш / Правый двигатель / Right engine | ||||
Орталық қозғалтқыш / Центральный двигатель / Centre engine | ||||
Барлығы / Всего / Total | ||||
Майдың ең төменгі деңгейі / Минимальный уровень масла / Min oil level | ||||
Сол жақ қозғалтқыш / Левый двигатель / Left engine | ||||
Оң жақ қозғалтқыш / Правый двигатель / Right engine | ||||
Орталық қозғалтқыш / Центральный двигатель / Centre engine | ||||
Барлығы / Всего / Total |
* Бактардағы мөлшер ағызылмайтын майды немесе жетектер қорабындағы, май сүзгісі корпусындағы немесе ауамен салқындатылатын май радиаторындағы (ACOC) қалдық майды қамтымайды. / * Количество в баках не учитывает несливаемое масло или остатки масла в коробке приводов, корпусе масляного фильтра или в масло-радиаторе воздушного охлаждения (ACOC). / * Tank quantities do not include undrainable oil or residual oil in the Accessory Gearbox, oil filter bowl or air-cooled oil cooler (ACOC).
** Майдың тығыздығы 0,975 болған кезде. / ** На основе плотности масла, равной 0,975. / ** Based on specific gravity of 0.975.
2.III.7 Ұшақ жылдамдығының шектеулері / Ограничения скорости самолета / Aeroplane speed limits
(Егер өзгеше көрсетілмесе, аспаптық жылдамдық мәндері көрсетіледі) / (Если не указано иное, указываются значения приборных скоростей) / (Unless otherwise specified, speeds are indicated airspeeds)
VMO | теңіз деңгейінде / на уровне моря / at sea level | xx торап / xx уз / xx kt |
VMO | 10 000 футқа дейін сызықтық өзгеру / линейное изменение вплоть до 10 000 фут / straight line variation up to 10 000 ft | xx торап / xx уз / xx kt |
VMO | 10 000 футтан 28 000 футқа дейін / от 10 000 до 28 000 фут / from 10 000 ft to 28 000 ft | xx торап / xx уз / xx kt |
MMO | 28 000 футтан 51 000 футқа дейін / от 28 000 до 51 000 фут / from 28 000 to 51 000 ft | xx |
VA | маневрлік жылдамдық / эволютивная скорость / manoeuvring speed | xx торап / xx уз / xx kt |
VFE | қақпақшалар 1-қалыпта / закрылки в положении 1 / SF1 | xx торап / xx уз / xx kt |
қақпақшалар 2-қалыпта / закрылки в положении 2 / SF2 | xx торап / xx уз / xx kt | |
қақпақшалар 3-қалыпта / закрылки в положении 3 / SF3 | xx торап / xx уз / xx kt | |
Ескертпе. 20 000 футтан жоғары биіктіктерде алдыңғы қанатшалар мен қақпақшалар шығарылған конфигурацияларды белгілеуге және сақтауға жол берілмейді. / Примечание. На высотах, превышающих 20 000 фут, не допускаются конфигурации с выпущенными предкрылками и закрылками. / Note. Above 20 000 ft, do not establish nor maintain a configuration with the slats and the flaps extended. | ||
VLO | шассиді шығару немесе жинау кезінде / при выпуске или уборке шасси / landing gear operation | xx торап / xx уз / xx kt |
MLO | Xx | |
VLE | шығарылған шассимен / с выпущенными шасси / landing gear extended | xx торап / xx уз / xx kt |
MLE | Xx | |
VMCA | ұшудағы ең төменгі эволютивтік жылдамдық / минимальная эволютивная скорость в полете / minimum control speed in flight | xx торап (CAS) / xx уз (CAS) / xx kt (CAS) |
VMCG | екпін алу кезіндегі ең төменгі эволютивтік жылдамдық / минимальная эволютивная скорость при разбеге / minimum control speed on ground | xx торап (CAS) / xx уз (CAS) / xx kt (CAS) |
CAS | калибрленген әуе жылдамдығы / индикаторная земная скорость полета / calibrated airspeed. | |
2.III.8 Ең жоғары пайдалану ұшу биіктігі / Максимальная эксплуатационная высота полета / Maximum operating altitude
xx м (xx фут) / xx м (xx фут) / xx m (xx ft)
2.III.9 Барлық ауа-райындағы ұшулар мүмкіндігі / Возможность всепогодных полетов / All-weather capability
I санаттағы автопилот. / Автопилот категории I. / Category I Auto Pilot.
2.III.10 Ең жоғары масса / Максимальная масса / Maximum mass
Орташа аэродинамикалық хорда (ОАХ): xx мм. / Средняя аэродинамическая хорда (САХ): xx мм. / Mean aerodynamic chord (MAC): xx mm.
Тірек нүктесі - ОАХ-тың 25 %-ы: xx мм, самолет тұмсық конусының алдыңғы ұшынан. / Опорная точка - 25 % САХ: xx мм от передней оконечности носового обтекателя самолета. / Datum is 25 per cent of mean aerodynamic chord (MAC): xx mm from the forward end of the aircraft nose cone.
Масса / Масса / Mass | Алдыңғы шектеу / Переднее ограничение / Forward limit | Артқы шектеу / Заднее ограничение / Aft limit | ||
кг / кг / kg | фунт / фунт / lbs | % САХ / % MAC | % ОАХ / % САХ / % MAC | |
Ең төменгі ұшу - артқы / Минимальная полетная - задняя / Minimum flight - Aft | ||||
Ең төменгі ұшу - алдыңғы / Минимальная полетная - передняя / Minimum flight - Forward | ||||
Нөлдік отын кезінде ең жоғары масса / Максимальная при нулевой заправке / Maximum zero fuel | ||||
Ең жоғары қону массасы / Максимальная посадочная / Maximum landing | ||||
38,5 % артқы орталықтандыру үшін ең жоғары масса / Максимальная для задней центровки 38,5 % / Maximum for aft CG at 38.5 % | ||||
Ең жоғары ұшу массасы / Максимальная взлетная / Maximum take-off | ||||
Ең жоғары тұрақ массасы / Максимальная стояночная / Maximum ramp |
Масса мен орталықтандыруды есептеу жүктеу және орталықтандыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады (дайындаушы құжатының деректемелері). 1-ескертпені қараңыз. / Расчет массы и центровки согласно руководству по загрузке и центровке (реквизиты документа изготовителя). См. примечание 1. / For mass and balance calculation refer to the Loading Manual (manufacturer document reference). See Note 1.
2.III.11 Нивелирлеу құралдары / Нивелировочные средства / Leveling means
2.III.12 Ұшу экипажының ең аз құрамы / Минимальный состав летного экипажа / Minimum flight crew
2.III.13 Ең жоғары сыйымдылық / Максимальная вместимость / Maximum seating capacity
2-ескертпені қараңыз. / См. примечание 2. / See Note 2.
2.III.14 Шығу / Выходы / Exits
Тип / Тип / Type | Өлшем / Размер / Size | |
1 жолаушылар есігі / 1 пассажирская дверь / 1 Passenger door | I | |
1 авариялық шығу / 1 аварийный выход / 1 Emergency exit | III |
2.III.15 Багажға/жүкке арналған бөліктер/Отсеки для багажа/груза / Baggage/cargo compartments
Багаж бөлігі: xx кг, бір шаршы метрге xx кг-нан аспайды. 2-ескертпені қараңыз. / Багажный отсек: xx кг, не более xx кг на квадратный метр. См. примечание 2. / Baggage compartment: xx kg, not to exceed xx kg per square metre. See Note 2.
2.III.16 Дөңгелектер және шиналар / Колеса и шины / Wheels and tires
Осы ұшақ дөңгелектермен, тежегіштермен және H типті радиалды камерасыз шиналармен жабдықталған. / Данный самолет оснащен колесами, тормозами и радиальными бескамерными шинами типа H. / This aircraft is equipped with wheels, brakes and H type radial tubeless tires.
Негізгі шасси тіреулері дөңгелектерінің шиналары / Шины колес основных стоек шасси / Main wheel tires are
Алдыңғы шасси тірегі дөңгелектерінің шиналары / Шины колес носовой стойки шасси / Nose wheel tires are
Әртүрлі шиналарды бірге пайдалануға (дайындаушы көрсеткен шиналар + басқа шиналар) рұқсат етілмейді. / Совместное использование разных шин (шины, указанные изготовителем + другие) не разрешается. / Mixing of tires (tire manufacturer + others) is not approved.
2.IV Ұшу және техникалық пайдалану жөніндегі нұсқаулар (ӘК атауы) / Указания по летной и технической эксплуатации (наименование ВС) / Aircraft name Operating and Service Instructions
Осы ұшақ дайындаушы бекіткен ұшу кезінде пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес пайдаланылады (дайындаушы құжатының деректемелері)./Данный самолет эксплуатируется в соответствии с утвержденным летным руководством самолета (реквизиты документа изготовителя). / The aircraft must be operated according to the approved Aircraft Flight Manual (manufacturer document reference).
Ұшуға жарамдылықты қолдау жөніндегі нұсқаулар мынадай құжаттарда қамтылған/ Указания по поддержанию летной годности содержатся в следующих документах/ The Instructions for Continued Airworthiness consist of:
Құжат / Документ / Document | Деректемелер / Реквизиты / Reference |
MRB есебі / Отчет MRB / Maintenance Review Board Report | Дайындаушы құжатының деректемелері/ Реквизиты документа изготовителя / Manufacturer document reference |
Ұшақты ұшу кезінде пайдалану нұсқаулығы/ Летное руководство самолета / Aeroplane Maintenance Manual | Дайындаушы құжатының деректемелері/ Реквизиты документа изготовителя / Manufacturer document reference |
Планер конструкциясын жөндеу жөніндегі нұсқаулық / Руководство по ремонту конструкции планера / Structural Repair Manual | Дайындаушы құжатының деректемелері / Реквизиты документа изготовителя / Manufacturer document reference |
CMR және ALI / CMR и ALI / CMR and ALI |
2.V Ескертпелер / Примечания / Notes
1-ескертпе / Примечание 1 / Note 1:
a) ӘК бастапқы сертификатталған сәттен бастап оның бортында әрқашан масса және орталықтандыру туралы қолданыстағы есеп (орталықтандыру ведомосы) болады. / a) С момента первоначальной сертификации ВС на его борту все время находится действующий отчет о массе и центровке (центровочная ведомость). / a) A current mass and balance report must be carried in the aircraft at all times from the moment the aircraft is originally certified.
b) ӘК жүктелуі экипаж бен жолаушылардың орын ауыстыруын, сондай-ақ отын шығыны мен айдап құюды ескере отырып, орталықтандыруды белгіленген диапазонда тұрақты ұстауды қамтамасыз ететіндей орындалады. / b) Загрузка ВС выполняется таким образом, чтобы всегда выдерживать центровку в предписанном диапазоне с учетом передвижения экипажа и пассажиров, а также расхода и перекачки топлива. / b) Loading of the aircraft must be accomplished in a manner that always maintains the centre of gravity within the specified limits, considering crew and passenger movements as well as fuel consumption and transfer.
2-ескертпе / Примечание 2 / Note 2:
Жолаушылар салонының интерьері және креслолар конфигурациясы бекітілуге тиіс. / Интерьер пассажирского салона и конфигурация кресел подлежат утверждению. / Cabin interior and seating configuration must be approved.
| Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларына 6-қосымша Нысан |
Түзету іс-қимылдарының жоспары
Тармақ | Нормативтік құқықтық актінің талабы |
Ескертулер | Сәйкессіздік деңгейі | Түзету іс-қимылдары | Жою мерзімі | Құжаттар | Жабылу күні | |||
Кезек күттірмейтін іс-қимылдар | Пайда болу себептері | Түзету іс-қимылдары | Ескертудің қайталануын болдырмау жөніндегі іс-шаралар | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
| Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларына 7-қосымша Нысан |
| Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларына 8-қосымша Нысан |
Символ Қазақстан Республикасы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның атауы, мекенжайы, телефоны, e-mail, Интернет мекенжайы Наименование уполномоченной организации в сфере гражданской авиации Республики Казахстан, адрес, телефон, e-mail, Интернет адрес Name of Civil Aviation Authorized organization Republic of Kazakhstan Address, telefone, e-mail, the Internet address
ІРІ МОДИФИКАЦИЯНЫ НЕМЕСЕ ІРІ ЖӨНДЕУДІ ОРЫНДАУДЫ БЕКІТУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА УВЕДОМЛЕНИЕ ОБ УТВЕРЖДЕНИИ ВЫПОЛНЕНИЯ КРУПНОЙ МОДИФИКАЦИИ или КРУПНОГО РЕМОНТА NOTIFICATION OF APPROVAL OF PERFORMING MAJOR MODIFICATION or MAJOR REPAIRS
Осы арқылы модификация / жөндеу туралы хабарлаймыз:
Настоящим уведомляем, что модификация / ремонт:
Hereby notify that the modification / repair:
_____________________________________________________________________
(модификацияның / жөндеудің сәйкестендіру нөмірі / идентификационныйномер
модификации / ремонта / identification number of modification / repair) Әуе кемесінде /
на / on
_____________________________________________________________________
(әуе кемесінің, авиациялық қозғалтқыштың, әуе винтінің моделі / модель воздушного
судна, авиационного двигателя, воздушного винта / name of the authority and state who
issued the type certificate and date of issue)
бар / имеющая / having
____________________________________________________________________
(үлгі сертификатын берген органның және мемлекеттің атауы және берілген күні /
наименование органа и государства, выдавшего сертификат типа и дата выдачи)
және ұйым әзірлеген / и разработанная организацией / and developed by
_____________________________________________________________________
(сертификат алған әзірлеушінің, дайындаушының және т.б. атауы / наименование
разработчика, изготовителя и т. д., получившего сертификат / name of designer,
manufacture and etc., who received the certificate)
ұшуға жарамдылық талаптарын қанағаттандырады және модификацияны /
жөндеуді орындау бекітілген.
удовлетворяет требованиям летной годности и выполнение модификации /
ремонта утверждено.
meets airworthiness requirements and performing the modification / repairs is approved.
Лауазымы / должность / position ТАӘ / ФИО / Full name
Берілген күні / Дата выдачи / Date of issue:
| Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларына 9-қосымша Нысан |
Қазақстан Республикасы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның атауы, мекенжайы, телефоны, e-mail, Интернет мекенжайы Наименование уполномоченной организации в сфере гражданской авиации Республики Казахстан, адрес, телефон, e-mail, Интернет адрес Name of Civil Aviation Authorized organization Republic of Kazakhstan Address, telefone, e-mail, the Internet address
Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын тану туралы шешім Решения о признании сертификата типа гражданского воздушного судна Decision on recognition of civil aircraft type certificate
Бұл рұқсат "Әуе кеңістігін пайдалану және авиациялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 6-тармағына сәйкес берілді.
Этот разрешительный документ выдан в соответствии с пунктом 6 статьи 43 Закона Республики Казахстан "Об использовании воздушного пространства и деятельности авиации".
This decision is issued in accordance with Article 43(6) of Law on use of air space of the Republic of Kazakhstan and aviation activity.
Осы рұқсат тиісті үлгі сертификатының деректер картасында көрсетілген жағдайларда және шектеулермен пайдалану кезінде жоғарыда аталған үлгі сертификатында көрсетілген әуе кемесі үлгісі Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкес келетіндігі танылады.
При соблюдении условий и ограничений, указанных в карте данных сертификата типа, соответствующий тип воздушного судна, указанный в вышеуказанном сертификате, признаҰтся соответствующим Нормам лҰтной годности гражданских воздушных судов Республики Казахстан.
This decision recognizes that the aircraft type designs listed in the above-mentioned type certificate comply with the airworthiness requirements for civil aircraft of the Republic of Kazakhstan when operated within the conditions and limitations specified on the associated type certificate data sheet.
Осы шешім және оның ажырамас бөлігі болып табылатын қоса берілген деректер картасы бар көрсетілген үлгі сертификаты олардың қолданылуы тоқтатыла тұрғанға немесе кері қайтарып алынғанға дейін жарамды болып қалады.
Настоящее решение и указанный сертификат типа вместе с прилагаемым листом данных, являющимся его неотъемлемой частью, остаются действительными до тех пор, пока не будут приостановлены или отозваны.
This decision and specified type certificate with its associated type-certificate data sheet, which is a part thereof, shall remain valid unless otherwise suspendedor revoked.
Берілген күні:
Дата выдачи:
Date of issue:
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бірінші басшысы не оның орнын алмастыратын адам
Первый руководитель уполномоченной организации в сфере гражданской авиации либо лицо, его замещающее
The General Director of the authorized civil aviation organization or the person substituting for him/her
Фамилия Имя Отчество (при его наличии) подпись
| Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларына 10-қосымша Нысан |
Әуе кемесінің үлгі сертификатын тануға өтінім / Application for Recognition of an Aircraft Type Certificate
№ | Атауы / Item | Мәліметтер / Information |
1 | Өтініш берушінің атауы / Applicant name | |
2 | Өтініш берушінің заңды мекенжайы / Applicant legal address | |
3 | Байланыс тұлғасы (Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы) / Contact person (Full name, position) | |
4 | Телефон / Email / Phone / Email | |
5 | Үлгі конструкциясының сәйкестендіргіші (ӘК, қозғалтқыш немесе әуе винті моделінің белгіленуі) / Type design identifier (model designation of aircraft, engine, or propeller) | |
6 | Үлгі сертификатын ұстаушының аты (атауы) және мекенжайы / Name and address of the type certificate holder | |
7 | Ұшуға жарамдылықтың қолданылатын нормалары / Applicable airworthiness standards | |
8 | Әзірлеуші мемлекет / State of design | |
9 | Үлгі сертификаты № / Type certificate No. | |
10 | Үлгі сертификатының берілген күні / Date of issue of the type certificate | |
11 | Үлгі сертификатының деректер картасы / Type certificate data sheet | |
12 | Сертификаттау базисі / Certification basis | |
13 | Үлгі сертификатын берген орган / Authority issuing the type certificate | |
Бірінші басшының Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда) / Full name of the Chief Executive Officer | ||
Қолы / Signature | ||
Күні / Date | ||
| Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларына 11-қосымша Нысан |
Қосымша үлгі сертификатын тануға өтінім Заявка на признание дополнительного сертификата типа Application for Recognition of a Supplemental Type Certificate
| Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларына 12-қосымша Нысан |
Символ Қазақстан Республикасы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның атауы, мекенжайы, телефоны, e-mail, Интернет мекенжайы Наименование уполномоченной организации в сфере гражданской авиации Республики Казахстан, адрес, телефон, e-mail, Интернет адрес Name of Civil Aviation Authorized organization Republic of Kazakhstan Address, telefone, e-mail, the Internet address Азаматтық әуе кемесінің қосымша үлгі сертификатын тану туралы шешім Решение о признании дополнительного сертификата типа гражданского воздушного судна Decision on recognition of civil aircraft supplement type certificate
Осы шешім Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларының 67-тармағына сәйкес берілді.
Этот разрешительный документ выдан в соответствии с пунктом 67 Правил сертификации и выдачи сертификата типа.
This decision is issued in accordance with item 67 of the Rules for certification and issuance of a type certificate.
