"Мұнайдан болатын ластанудан залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 17 шілдедегі № 251-І бұйрығына және "Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 181 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2026 жылғы 27 тамыздағы № 223 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 28 тамызда № 39718 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мұнайдан болатын ластанудан залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 17 шілдедегі № 251-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1956 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-5) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнайдан болатын ластанудан залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мұнайдан болатын ластанудан залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-25) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметтер туралы заңы) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Мұнаймен болатын ластанудан залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлікті беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.";

      4-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кеме иесі және (немесе) кеме иеленуші (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) куәлікті алу үшін "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің "Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – қызмет беруші) кеңсе арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Куәлік беруге өтініш жібереді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қараудың, куәландырудың және Куәлік берудің жалпы мерзімі құжаттарды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.";

      6-тармағының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құжаттар сәйкес болған кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағында баяндалған Куәлікті қалыптастырады, мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Кеме иесі немесе кеменің меншік иесі Куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда қызметті беруші кеме иесінің немесе кеменің меншік иесінің еркін нысанда жасалған Куәліктің телнұсқасын беру туралы өтініші бойынша оған көрсетілген Куәліктің телнұсқасын өтінішті алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде береді.";

      3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20309 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін (бұдан әрі –ТЖК) беру тәртібін айқындайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. "Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің "Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді."

      5-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. "Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жазылған.";

      15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. ТЖК-ні ресімдеу және беру үшін негіздемелердің болуын тексеру нәтижелері туралы қорытынды көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен бірге ТЖК-ні беру туралы шешім қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға және оң шешім болған жағдайда, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің теңізшінің жеке куәліктерін дайындаудың, берудің және бақылаудың цифрлық жүйесіне (бұдан әрі – ТЖК АЖ) деректерді енгізуге жауапты қызметкеріне беріледі.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 11-тармағында баяндалған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші дәлелді бас тартуды қалыптастырады. Осы негізде ТЖК (теңізшінің жеке куәлігі) ресімделмейді, ал көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТЖК беруден бас тарту туралы жазбаша хабарлама беріледі.";

      18-тармақтың үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сауалнама-өтініш оған берілген ТЖК туралы деректер енгізілгеннен кейін сканерленеді және көрсетілетін қызметті берушінің цифрлық дерекқорында, ал сауалнама-өтініштің түпнұсқасы көрсетілетін қызметті берушінің арнайы ісінде сақталады.

      Берілген ТЖК туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің цифрлық дерекқорына енгізіледі және үйлестіру орталығына жіберіледі.";

      19-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ТЖК-ні ресімдеу туралы анықтама көрсетілетін қызметті алушыға ТЖК-ні беруді есепке алу журналына қол қойғызып беріледі. ТЖК-ні ресімдеу және ТЖК-ні ресімдеу туралы анықтама беру туралы деректер көрсетілген қызметті берушінің ТЖК жүйесінің цифрлық дерекқорында сақталады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.";

      23-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
Н. Сауранбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
2026 жылғы 27 тамыздағы
№ 223 бұйрығына
1-қосымша
Мұнайдан болатын ластанудан
залал үшін азаматтық
жауапкершілікті сақтандыру
немесе өзге де қаржылық
қамтамасыз ету туралы куәлік
беру қағидаларына
3-қосымша

"Мұнайдан болатын ластанудан залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Мұнайдан болатын ластанудан залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлікті беру

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

-

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің "Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Қағаз

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мұнайдан болатын ластанудан залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе басқа да қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және занды тұлғаларға тегін көрсетіледі

9

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес 13.00-ден бастап 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кеңсе арқылы көрсетілетін қызметті алушының тірі қолы және оның мөрімен (бар болса) қол қойылған құжаттың сканерленген көшірмесі нысанында не көрсетілетін қызметті алушының тірі қолымен және оның мөрімен (бар болса) қол қойылған қағаз құжат нысанында берілген өтініш;
2) сақтандыру туралы полистің немесе өзге қаржылық қамтамасыз етудің, оның ішінде банктің немесе осыған ұқсас мекеменің кепілдігінің болуы туралы құжаттың сканерленген көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы алады

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

1) қызмет алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы

12

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптары

Байланыс телефон нөмірлері: көрсетілетін қызметті беруші: +77292290974;
мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +77172906984

  Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
2026 жылғы 27 тамыздағы
№ 223 бұйрығына
2-қосымша
"Қазақстан Республикасы
теңізшісінің жеке куәліктерін
беру" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

-

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің "Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

8 (сегіз) жұмыс күні

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Қағаз

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тұлғаларға тегін көрсетіледі

9

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде көрсетiледi. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.gov.kz интернет-ресурсында ("Теміржол және су көлігі комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер") және көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында орналасқан стендтерінде орналастырылған

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) теңізшінің жеке куәлігін беру туралы өтiнiш-сауалнама (бұдан әрi – өтiнiш-сауалнама);
2) жеке басты куәландыратын құжат: Қазақстан Республикасының азаматы үшін –– Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат; шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы үшін – Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде консулдық есепке қойылуы туралы таңбасы бар Қазақстан Республикасы азаматының паспорты; Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматы үшін – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ыхтиярхат және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке басты куәландыру ретінде танылатын азаматтығын мемлекеті берген көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат; Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар үшін – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) көрсетілетін қызметті алушының кеме бортында оның экипажы құрамында кез келген ретте жұмыс iстейтiнiн растайтын құжат (жоқ болса дипломдар, маманның кәсіби дайындық деңгейiне сәйкестігін растайтын бiлiктiлiк және арнайы куәлiктер, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша медициналық анықтама қабылданады);
4) көрсетілетін қызметті берушінің еңбек қызметiн растайтын құжат (еңбек кiтапшасы, одан үзiндi көшірме, жұмыс орнынан анықтама, теңізде жүзу кiтапшасы) не оқу орнынан анықтама. Көрсетілетін қызметті алушының кемеде жұмыс істейтінін растайтын құжат ретінде көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттар ұсынады: Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген тәртiппен тiркелген және осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеме капитанын және экипаж мүшелерiн жалдау құқығы бар кеме иесiнiң ұсынысы; кемеде көрсетілетін қызметті алушының айналысатын қызметi туралы жазбасы бар теңiзде жүзу кiтапшасы; Қазақстан Республикасының портынан шығатын кеменiң кемелiк рөлi (ерекше жағдайларда, рейске шығатын кеме экипажының мүшесiн ауыстыру қажет болған кезде)

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

1) қызмет алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға ұлттық қауіпсіздік органының теріс жауабы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
5) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы

12

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптары

Көрсетілетін қызметті берушінің ғимаратында мыналар: анықтамалық бюро, күтуге арналған креслолар және өтініштер бланкілерін толтыру үлгілері бар ақпараттық стендтер орналастырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.gov.kz интернет-ресурсында ("Теміржол және су көлік комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде) және көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында орналасқан стендтерінде орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414. Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады