БҰЙЫРАМЫН:
1. "Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 371 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15539 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
орыс тіліндегі бұйрықтың тақырыбына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
1-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
орыс тіліндегі Қағидалардың тақырыбына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
1, 2 және 3-тармақтарда, 4-тармақтың екінші бөлігінде, 13-тармақтың бірінші бөлігінде, 16 және 17-тармақтарда, 18-тармақтың бірінші бөлігінде, 19-тармақта, 20-тармақтың екінші бөлігінде, 21, 21-1-тармақтарда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік ӘОО-ларға оқуға іріктелген әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті бастығының өкіміне қабылданады және шетелдік ӘОО-ларға адъюнкт ретінде қабылдану үшін жіберіледі.";
Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі | Д. Косанов |
| Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 28 тамыздағы № 977 бұйрығына қосымша |
|
| Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 371 бұйрығына қосымша |
|
| Нысан |
______________________________________ іріктеу (апелляциялық) комиссиясының
(комиссия құрылатын органның атауы)
________________________ іріктеуден өткені (бас тартылғаны) туралы отырысының
(ӘОО-ның атауы)
№ ____ ХАТТАМАСЫ
Комиссия құрамы: төрағасы ________________ төрағаның орынбасары _________________
мүшелері: _____________________________________________________________________
өз отырысында кандидаттарды қарады, зерделеді және қаулы етті:
Р/с № |
Т.А.Ә. | Туған күні, айы және жылы | Оқуға түсетін шетелдік ӘОО-ның атауы және мамандық | ҰБТ нәтижесі | Оқыту тілі бойынша тестілеу нәтижесі | Психологиялық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеу нәтижесі | Жалпы балы | Комиссия шешімі |
(әскери атағы, инициалдары және тегі)
Комиссия мүшелері: ______________________________________________________
(әскери атағы, инициалдары және тегі)
Комиссия хатшысы: ______________________________________________________
(әскери атағы, инициалдары және тегі)
