Қазақстан Республикасы Әділет министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 17 тамыздағы № 796 және Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 26 тамыздағы № 137 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 28 тамызда № 39707 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бірлескен бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтын мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
– Ұлттық экономика министрі
__________С. Жумангарин
      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
__________Е. Сарсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас Прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2026 жылғы 26 тамыздағы
№ 137 мен
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 17 тамыздағы
№ 796 Бірлескен
бұйрықпен бекітілді

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 1520 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 55 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17723 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      жоғары оң жақ бұрышы қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 1 қарашадағы
№ 1520 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 2 қарашадағы
№ 55 бірлескен бұйрығына
1-қосымша";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдер дәрежесін бағалау мынадай ақпарат көздері бойынша айқындалады:

      1) бақылау субъектісі, оның ішінде "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының" цифрлық жүйесі арқылы (бұдан әрі – "ЖМБМК" ЦЖ) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;

      2) алдыңғы тексерулердің және бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу тізімдерін қалыптастыратын "ЖМБМК" ЦЖ және басқа да цифрлық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.";

      Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымшада:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Көрсетілетін қызметті алушылардан цифрлық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол бермеу

Елеулі

      ";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау:
жылжымайтын мүлікке құқықтарды (осындай құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс;
цифрлық тiркеу құқықтық кадастрдың цифрлық жүйесiне жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн ақының төленгенi немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен күннен кейiнгi бір жұмыс күнінен кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс;
нотариат куәландырмаған мәміленің жылжымайтын мүлікке құқықтарын мемлекеттік тіркеу өтініш тіркеуші органға келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеу өтініш иесінің қалауы бойынша, тіркеуші органға өтініш келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі;
мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті адамдар салатын ауыртпалықтарды, сондай-ақ заңдық талаптарды тіркеу тіркеуші органға өтініш түскен сәттен бастап дереу жүргізілуге тиіс;
ауыртпалықтардың, сондай-ақ заңдық талаптардың тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс.

Өрескел

      ";

      17, 18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

17

"ЖМБМК" ЦЖ-не сенімсіз енгізу

Өрескел

18

Қызметінен босатылған қызметкердің "ЖМБМК" ЦЖ-да жұмыс жасауы үшін пайдаланылатын логинін бұғаттау үшін өтінім жолдамау

Болмашы

19

Қызметкерлердің "ЖМБМК" ЦЖ-да жұмыс жасауы үшін басқа жауапты қызметкердің логинін пайдалануы

Елеулі

      ";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы Тексеру парағында:

      жоғары оң жақ бұрышы қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 1 қарашадағы
№ 1520 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 2 қарашадағы
№ 55 бірлескен бұйрығына
2-қосымша";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Көрсетілетін қызметті алушылардан цифрлық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол бермеу



      ";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау: жылжымайтын мүлікке құқықтарды (осындай құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс;
цифрлық тiркеу құқықтық кадастрдың цифрлық жүйесiне жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн ақының төленгенi немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен күннен кейiнгi бір жұмыс күнінен кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс;
нотариат куәландырмаған мәміленің жылжымайтын мүлікке құқықтарын мемлекеттік тіркеу өтініш тіркеуші органға келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеу өтініш иесінің қалауы бойынша, тіркеуші органға өтініш келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі;
мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті адамдар салатын ауыртпалықтарды, сондай-ақ заңдық талаптарды тіркеу тіркеуші органға өтініш түскен сәттен бастап дереу жүргізілуге тиіс;
ауыртпалықтардың, сондай-ақ заңдық талаптардың тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс.



      ";

      17,18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

17

"ЖМБМК" ЦЖ-не сенімсіз енгізу


18

Қызметінен босатылған қызметкердің "ЖМБМК" ЦЖ-да жұмыс жасауы үшін пайдаланылатын логинін бұғаттау үшін өтінім жолдамау


19

Қызметкерлердің "ЖМБМК" ЦЖ-да жұмыс жасауы үшін басқа жауапты қызметкердің логинін пайдалануы


      ".

      2. "Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 350 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 61 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18998 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдер дәрежесін бағалау мынадай ақпарат көздері бойынша айқындалады:

      1) бақылау және қадағалау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері, оның ішінде "Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімі" цифрлық жүйесі арқылы (бұдан әрі – БСН ҰТ ЦЖ);

      2) алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу кестелерін немесе тізімдерін қалыптастыратын БСН ҰТ ЦЖ және басқа да цифрлық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.".

      Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымшада:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

16

Көрсетілетін қызметті алушылардан цифрлық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол бермеу

Елеулі

      ";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласындағы тексеру парағында:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

16

Көрсетілетін қызметті алушылардан цифрлық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол бермеу



      ".

      3. "Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 688 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 169 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33488 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.

      Ақпаратты жинау және өңдеу процестері толық көлемде автоматтандырылады және алынған деректердің дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді.

      Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері, оның ішінде "АХАЖ" тіркеу пункті" цифрлық жүйесі арқылы (бұдан әрі – АХАЖ ЦЖ);

      2) алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері.".

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "Цифрлық жүйелерді пайдалана отырып тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру кезінде, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері осы өлшем шарттарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субъективті өлшемшарттар тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.".

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу тізімдерін қалыптастыратын АХАЖ ЦЖ және басқа да цифрлық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

      Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы субъектілерге қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесі осы Өлшемшарттарға 1-қосымшасында келтірілген.".

      Азаматтық хал актілерін тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымшада:

      62-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

62

Акт кітаптары тігілген және қатаң реттілікпен нөмірленген, оларды құрастырған тіркеуші орган бастығының қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрімен бекемделген екі жүз бірдей акт жазбаларын қамтып қалыптастырылады.

Елеулі

      ";

      мынадай мазмұндағы 63- жолымен толықтырылсын:

      "

63

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркегеннен кейін тіркеуші орган АХАЖ ЦЖ-да неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы акт жазбасына некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы белгі қояды.

Өрескел

      ";

      мынадай мазмұндағы 64- жолымен толықтырылсын:

      "

64

Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу мынадай негіздерде жүргізіледі: егер азаматтық хал актісі жазбасында ата-анасының аты, әкесінің аты, тегі немесе ұлты көрсетілмесе; егер азаматтық хал актілері жазбасында дұрыс емес мәліметтер көрсетілсе; егер баланың мүдделерінен туындаған кезде, баланың туу туралы акт жазбасында көрсетiлгеннен өзге есімі болса; егер азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде қателер (бұрмалаулар, мәліметтерді немесе жеке сөздерді жіберу) жіберілсе; егер неке қиылғаннан (ерлі-зайыпты болған) кейін жұбайының (зайыбының) тегін алса, туу туралы акт жазбасында әкесінің атын толықтыру және әкесінің аты бойынша берілген тегін өзгерту, түзету қажет болса.

Өрескел

      ";

      Азаматтық хал актілерін тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары осы тізбеге қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

      Жоғарыда аталған бірлескен бұйрықпен бекітілген, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлерін жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының филиалдарының қызметін тексеру парағында:

      62-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

62

Акт кітаптары тігілген және қатаң реттілікпен нөмірленген, оларды құрастырған тіркеуші орган бастығының қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрімен бекемделген екі жүз бірдей акт жазбаларын қамтып қалыптастырылады.

Елеулі

      ";

      мынадай мазмұндағы 63- жолымен толықтырылсын:

      "

63

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркегеннен кейін тіркеуші орган АХАЖ ЦЖ-да неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы акт жазбасына некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы белгі қояды.

Өрескел

      ";

      мынадай мазмұндағы 64- жолымен толықтырылсын:

      "

64

Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу мынадай негіздерде жүргізіледі: егер азаматтық хал актісі жазбасында ата-анасының аты, әкесінің аты, тегі немесе ұлты көрсетілмесе; егер азаматтық хал актілері жазбасында дұрыс емес мәліметтер көрсетілсе; егер баланың мүдделерінен туындаған кезде, баланың туу туралы акт жазбасында көрсетiлгеннен өзге есімі болса; егер азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде қателер (бұрмалаулар, мәліметтерді немесе жеке сөздерді жіберу) жіберілсе; егер неке қиылғаннан (ерлі-зайыпты болған) кейін жұбайының (зайыбының) тегін алса, туу туралы акт жазбасында әкесінің атын толықтыру және әкесінің аты бойынша берілген тегін өзгерту, түзету қажет болса.

Өрескел

      ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады