БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 200 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10744 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен норма шығармашылығын үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі | Е. Саденов |
| Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2026 жылғы 24 тамыздағы № 596 Бұйрыққа қосымша |
|
| Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 200 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының (бұдан әрі – Ұлттық ұлан) әскери қызметшілерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына, 26-бабының 10-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы ереженің 15-тармағының 290) тармақшасына сәйкес әзірленген және Ұлттық ұланның әскери қызметшісін Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) әскери, арнаулы оқу орындарында (бұдан әрі - ӘАОО) немесе шетелдік ӘАОО оқытуға жұмсалған ақшаны мемлекетке өтеу тәртібін айқындайды.
2. Үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, өз бастамасы бойынша, теріс себептермен, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуға байланысты əскери қызметтен шығару салдарынан ІІМ немесе шетелдік ӘАОО шығарылған, сондай-ақ əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасудан бас тартқан курсант немесе кадет оқытудың бірінші жылының шығындарын қоспағанда, өзін ІІМ немесе шетелдік ӘАОО оқыту кезеңінде тамақтандыруды қамтамасыз етуге, стипендия төлеуге және жол жүруіне арналған шығындарға сәйкес келетін ақшаны мемлекетке өтейді.
ІІМ немесе шетелдік ӘАОО қайта қабылдау немесе келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру оқу және (немесе) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру кезеңінде оқытуға жұмсалған ақшаны өндіріп алуды тоқтата тұруға негіз болып табылады. ІІМ немесе шетелдік ӘАОО оқыту кезеңі есепке алынбастан, күнтізбелік есептеумен келісімшарт бойынша он жыл әскери қызмет өткергеннен кейін (ұшқыштар құрамы үшін – он бес жыл) оқытуға жұмсалған ақшаны өндіріп алу тоқтатылады.
3. ІІМ немесе шетелдік ӘАОО бітірген əскери қызметші теріс себептермен, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуға байланысты немесе аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сай келмеуі бойынша əскери қызметтен шығарылған жағдайда оқытудың бірінші жылының шығындарын қоспағанда, курсанттар мен кадеттерді ІІМ немесе шетелдік ӘАОО оқыту кезеңінде тамақтандыруды қамтамасыз етуге, стипендия төлеуге және жол жүруіне арналған шығындарға сәйкес келетін ақшаны мемлекетке әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін қызмет өткерілмеген əрбір толық ай үшін барабар түрде өтейді.
4. Ұлттық ұланның әскери қызметшісін ІІМ ӘАОО-да немесе шетелдік ӘАОО-да оқытуға жұмсалған ақшаның жиынтық есебі әскери қызметшінің ІІМ немесе шетелдік (бұдан әрі - жиынтық есебі) ӘАОО бітірген (шығарылған) сәтінен бастап бір ай мерзімде:
ІІМ ӘАОО оқитындарға - ІІМ ӘАОО қаржы қызметі азық-түлік қызметімен және кадр қызметімен бірлесіп, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада қағаз тасымалдағышта жасайды және ІІМ ӘАОО басшысы бекітеді;
шетелдік ӘАОО оқитындарға - Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының (бұдан әрі – ҰҰБҚ) Бюджет-қаржы басқармасы Кадр және әскери білім басқармасымен бірлесіп, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада қағаз тасымалдағышта жасайды, оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы бекітеді.
5. Жиынтық есебінің бір данасы бекітілген сәттен бастап үш күндік мерзімде:
ІІМ ӘАОО бітірушіге - жеке ісіне қоса тігу үшін ІІМ ӘАОО кадр қызметіне;
шетелдік ӘАОО бітірушіге – жеке ісіне қоса тігу үшін ҰҰБҚ Кадр және әскери білім басқармасына;
үлгермеушілігі, тəртіпсіздігі үшін, өз бастамасы бойынша, теріс себептермен əскери қызметтен шығару нәтижесінде ІІМ ӘАОО немесе шетелдік ӘАОО шығарылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуына байланысты, əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасудан бас тартқан əскери қызметшілерге – тиісінше ІІМ ӘАОО заң қызметіне немесе ҰҰБҚ Заң басқармасына беріледі.
Жиынтық есебінің екінші данасы осы есепті жасаған қаржы қызметінде сақталады.
6. ІІМ ӘАОО және шетелдік ӘАОО бітірген әскери қызметші әскери қызмет өткеріп жүрген Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы, өңірлік қолбасшылығы және әскери бөлімі (мекемесі) (бұдан әрі - ҰҰ бөлімшелері), ІІМ ӘАОО Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуға байланысты немесе аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сай келмеуі бойынша теріс себептермен әскери қызметтен шығарылған жағдайда әскери қызметшіні ӘАОО-да оқытуға жұмсалған ақшаны өтеу жұмыстарын жүргізеді.
ҰҰ бөлімшелерінің және ІІМ ӘАОО әскери қызметшінің осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген ақшаны мемлекетке өтеу жұмысы мынаны қамтиды:
1) ҰҰ бөлімшелерінің, ІІМ ӘАОО кадр қызметі:
қызметтен шығарылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ҰҰ бөлімшелерінің және ІІМ ӘАОО басшысының атына мемлекетке ІІМ ӘАОО-да немесе шетелдік ӘАОО оқыту үшін әскери қызметшіге жұмсалған ақшаны өтеу қажеттігі туралы баянат ұсынады;
мемлекетке өтелуі тиіс қарыздың есебін алған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде әскери қызметшіге оны бір ай мерзім ішінде өз еркімен өтеу қажеттігі туралы хабарлама береді;
берешекті хабарлама берілген күннен бастап бір ай ішінде ерікті түрде өтемеген жағдайда, сотқа беру үшін заң қызметіне ӘАОО тізіміне енгізу және одан шығару туралы бұйрықтан үзінді көшірмені, келісімшарттың, жеке куәліктің, қарызы туралы хабарламаның көшірмелерін қоса ұсына отырып, баянат жолдайды;
2) ҰҰ және ІІМ ӘАОО бөлімшелерінің жетекшісі ІІМ ӘАОО-да немесе шетелдік ӘАОО оқыту үшін әскери қызметшіге жұмсалған ақшаны өтеу қажеттігі туралы баянатты алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны қарастырып, қаржы қызметіне береді;
3) ҰҰ бөлімшелерінің және ІІМ ӘАОО қаржы қызметі Ұлттық ұланның әскери қызметшісін ІІМ немесе шетелдік ӘАОО оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебінің негізінде кадр қызметінен баянат түскеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қызметтен шығарылған әскери қызметшіге мемлекет шығынын өтеуге қатысты есеп жасап, оны ҰҰ бөлімшелерінің және ІІМ ӘАОО кадр қызметіне береді.
ӘАОО бітірген және Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуға байланысты немесе аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сай келмеуі бойынша əскери қызметтен теріс себептермен шығарылған әскери қызметші мемлекетке өтейтін ақшалай қаражаттың мөлшері (Мөтеу) мынадай формула бойынша есептеледі:
Мөтеу = (Мжош- Ш1) * X/ Y
Мұнда:
Мөтеу – әскери қызметші мемлекетке өтейтін ақшалай қаражаттың мөлшері;
Мжош – жалпы оқыту шығысы;
М1 – бірінші оқу жылының шығыстары;
Х – келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін толық қызмет өткермеген айлардың саны;
Y – Ұлттық ұлан әскери қызметшісі ІІМ ӘАОО немесе шетелдік ӘАОО бітірген соң келісімшарт бойынша атқаруы тиіс қызметтің мерзімі (толық айлардың саны).
3) ҰҰ бөлімшелерінің және ІІМ ӘАОО заң қызметі баянат және қажетті құжаттар келіп түскеннен кейін оларды бір ай мерзім ішінде сотқа жібереді.
7. Осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген әскери қызметшілердің мемлекетке ақшаны өтеуін есепке алуды және мониторингін жүргізуді ҰҰ бөлімшелерінің және ІІМ ӘАОО заң қызметтері жүзеге асырады.
Ұлттық ұланның әскери қызметшісін
________________________________________________
(ІІМ ӘАОО (шетелдік ӘАОО) атауы)
оқытуға жұмсалған ақшаның жиынтық есебі
Тегі, аты, әкесінің аты (егер болса) _____________________________
Оқуды бастау мерзімі ________________________________________
Оқуды аяқтау мерзімі ________________________________________
Р/с № | Шығыстар атауы | 1 курс | 2 курс | 3 курс | 4 курс | ӘАОО бітірген соң | Барлығы |
1 | Білім алу кезеңінде стипендия төлеуге жұмсалған шығындар | ||||||
2 | Білім алу кезеңінде жол жүруге жұмсалған шығындар | ||||||
3 | Білім алу кезеңінде тамақтандырумен қамтамасыз етуге арналған шығындар | ||||||
Жиыны | |||||||
Ескертпе: барлық шығындар кадр және азық-түлік қызметі бастықтарының қолы қойылған есеп-негіздемелермен расталады, қаржы қызметіне жинақтау үшін ұсынылады.
ІІМ ӘАОО қаржы қызметінің бастығы (ҰҰБҚ Бюджет-қаржы басқармасының бастығы)
__________________________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі, аты және әкесінің аты)
"_____" ____________________
(күні)
М.О.
