БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10988 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларында:
1-1 тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) арнайы автокөлік бейнетіркегіші (бұдан әрі – бейнетіркегіш) – күзетте ұсталатын адамдарды айдауылдауға және этаппен жіберуге арналған арнайы автомобильде аудиобейнежазбаларды жүзеге асыру үшін арналған техникалық құрал;
"2) портативті алып жүретін бейнетіркегіш (бұдан әрі – бейнежетон) –күзетте ұсталатын адамдарды күзету мен қадағалауға тартылған тергеу изоляторы қызметкерлерінің, тергеу изоляторы басшылығының және оған уәкілетті адамдардың күдіктілер мен айыпталушыларды жеке қабылдауды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ тергеу изоляторының медицина қызметкері медициналық тексеру өткізу және медициналық көмек көрсету барысында аудиобейнежазбаны жүзеге асыру үшін арналған техникалық құрал.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Күдіктілер мен айыпталушыларға сотқа дейінгі тергеуді жүргізуші адамның келуі, туысқандары мен өзге адамдардың онымен кездесуі қылмыстық істі өндіруші адамның немесе органның жазбаша рұқсатымен беріледі.
Ұлттық алдын алу тетігінің (бұдан әрі – ҰААТ) қатысушылары Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің шешімімен немесе онымен бекітілген жоспар бойынша тергеу изоляторында болады.
ҰААТ қатысушысының алдын ала болуға өкілеттілігін растайтын құжат Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл беретін ҰААТ қатысушысының куәлігі болып табылады.";
139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"139. Әрбір бейнежетонға, бейнетіркегішке, соның ішінде бейнежетонның, бейнетіркегіштің ақпарат тасымалдағышына (бұдан әрі – жады картасы) құрылғыны беру, қабылдау және цифрлық деректерді түсіру кезінде жұмыста есепке алу үшін түгендеу нөмірі беріледі.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тергеу изоляторы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының комитетінің тергеу изоляторларының қызметіне жетекшілік ететін бағыттаушы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Е. Сагимбаев |