БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жария мүдделі ұйымдардың қаржылық есептілікті депозитарийге тапсыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26686 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 7-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ереженің 15-тармағының 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жария мүдделі ұйымдардың қаржылық есептілікті депозитарийге тапсыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы жария мүдделі ұйымдардың қаржылық есептілікті депозитарийге ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 19-бабының 7-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ереженің 15-тармағының 39) тармақшасына сәйкес әзірленді және жария мүдделі ұйымдардың (бұдан әрі – ұйымдастыру) қаржылық есептілік депозитарийіне (бұдан әрі – депозитарий) қаржылық есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.";
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Ұйымдар (есепті кезең ішінде әрекетсіз және есепті кезеңнің 1 қаңтарына дейін банкрот деп жарияланғандарды қоспағанда) жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей депозитарийдің интернет – ресурсы арқылы (бұдан әрі – Портал) Қазақстан Республикасының салалық заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген, депозитарийді жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын уәкілетті болып айқындалған ұйымға (бұдан әрі – Уәкілетті ұйым) жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.
Ұйымдар (қаржы ұйымдарын және есепті кезең ішінде әрекетсіз және есепті кезеңнің 1 қаңтарына дейін банкрот деп жарияланғандарды қоспағанда) "Жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15384 болып тіркелген) бекітілген тізбе мен нысандарға сәйкес жылдық қаржылық есептілікті жасайды.
4. Әрекетсіз және банкрот деп жарияланған ұйымдар тізбесі депозитарийдің салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органның цифрлық жүйелерімен (деректер базасымен) әрекетсіз ұйымдар бойынша мәліметтерді беру бөлігінде ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы депозитарийге беріледі.
Жаңадан құрылған ұйымдар тіркелген сәттен бастап есепті жылдың 31 желтоқсаны аралығындағы кезеңге жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес аудит міндетті болып табылатын ұйымдар осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген тәртіппен портал арқылы уәкілетті ұйымға қаржылық есептілікпен бірге "PDF" (Portable Document Format) цифрлық форматында аудиторлық есепті (аудиторлық ұйымның қолы қойылған және мөрімен (бар болған жағдайда) расталған қағаз нұсқасының сканерленген көшірмесі) ұсынады. Еншілес ұйымдары бар аудиторлық есебі шоғырландырылған есептілік бойынша ұсынылады.
Ұйымдар бастамашылық аудиттің нәтижелері бойынша есепті өз бастамасы бойынша ұсынады.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
