ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20455 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатпен (бұдан әрі – өтінішхат) "цифрлық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы құжаттарды электрондық түрде, оның ішінде DOCX және PDF форматында қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаның мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 10-тармағына сәйкес жүгінеді.";
8-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс, мереке күндері жүгінген кезде өтініш қабылданады және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі келесі жұмыс күні беріледі.";
көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кенейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, соңдай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 28 наурыздағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27308 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кенейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, соңдай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторинг жүргізу қағидаларында:
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Көрсетілген кестелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар тоқсанына бір реттен жиі емес енгізіледі.".
3. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы |
М. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы |
1) Нарық субъектiсiн бiрiктіру немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастыру бойынша экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарау; |
3 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі |
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішхатты алған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушыға өтінішхаттың қарауға қабылданғаны немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарлайды; |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
Нарық субъектісін бірігу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастыру бойынша экономикалық шоғырлануға келісу (тыйым салу) туралы монополияға қарсы органның бұйрығы; |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) нарық субъектісін біріктіру немесе қосу жолымен қайта ұйымдастыру бойынша: |
11 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымша | Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 18-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. |
12 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 200-бабының 2-тармағына сәйкес
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(мәміленің, іс – әрекеттің мәні мен тараптарын көрсете отырып мәміленің,
іс – әрекеттің сипаттамасы)
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
қамтитын экономикалық шоғырлануға келісім беруіңізді сұраймын.
Осы экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат
_________________________________________________________________________
(Кодекстің 201-бабы 1-тармағының тармақшасы көрсетіледі)
негізінде_________________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының атауы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
тегі көрсетіледі) беріп отыр.
Құжаттама __________________________________________сәйкес қоса беріледі.
Ұсынылып отырған құжаттар мен мәліметтердің толықтығы мен анықтығын растаймын.
Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ экономикалық шоғырлануға келісім беру
туралы өтініш берген тұлға (тұлғалар) және мәміленің мәні туралы сәйкестендіру
мәліметтерін монополияға қарсы органның интернет-ресурсында жария талқылау
үшін орналастыруға келісемін.
Басшының немесе оны ауыстыратын тұлғаның қолтаңбасы
______________________________________________
Мөр орны (болған кезде)
Өтінішхат берілген күн
Өкілдің байланыс мәліметтері
