"Дыбыс-бейнежазу туындыларын немесе туындылардың дыбыстық жазбаларын жеке мақсатта және табыс алмай қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткізгіштердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 159 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 5 тамыздағы № 758 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 20 тамызда № 39637 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дыбыс-бейнежазу туындыларын немесе туындылардың дыбыстық жазбаларын жеке мақсатта және табыс алмай қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткізгіштердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 159 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10639 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
Е. Сарсембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады