Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2026 жылғы 14 тамыздағы № 212 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 17 тамызда № 39601 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
     

      1. "Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11333 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 5-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы "Жол жүрісі туралы" Заңының (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 5-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы аумағында жол жүрісіне қатысатын механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.";

      3-тармақта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесінің операторы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған және механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізуді, дамытуды, интеграциялауды және сүйемелдеуді жүзеге асыратын акционерлік қоғам (бұдан әрі – БАЖ операторы);";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) цифрлық құжаттар сервисі – операторға бекітілген және мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іске асыру мақсатында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу және көрсету кезінде электрондық құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған "цифрлық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі.";

      6-1, 6-2, 6-3 және 6-4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1. БАЖ операторы міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесінің қызметтерін техникалық қарап-тексеру операторына міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесінің қызметтерін көрсетуге арналған шарт негізінде ұсынады.

      Міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесі қызметін алу үшін техникалық қарап-тексеру операторы БАЖ операторына:

      өтінішті;

      жеке басын куәландыратын сенімді деректерді;

      техникалық қарап-тексеру орталығының атауы, нақты орналасқан жерінің мекенжайы, техникалық қарап-тексеру операторының заңды мекенжайы;

      "E-gov" цифрлық үкіметтің порталы арқылы ұсынылған дара кәсіпкерді тіркеу туралы куәлік және/немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;

      жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы (немесе жылжымайтын мүлікті жалдау шартының көшірмесін);

      аумақ пен үй-жайдың ҚР СТ 1811-2018 "Автомотокөлік құралдары. Міндетті техникалық қарап-тексеру. Бақылау әдістері" мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігі туралы ақпаратты;

      арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету шартының көшірмесін (техникалық қарап-тексеру орталығының әрбір желісіне);

      техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне рұқсаттың көшірмесін;

      роликті тежегіш стендінің, люфтіні өлшегіш, газ талдағыштары және түтін өлшегіш, фаралардың жарығын тексерудің электрондық құралы, рульмен басқару және ілгіштің бөлшектерінде люфтілерді тексеру тестілері паспорттары мен сертификаттарының көшірмелерін;

      ұтқыр/стационарлық, жеңіл автомобильдер, жүк автомобильдері немесе әмбебап техникалық қарап-тексеру станциясы көрсетілген ақпаратты;

      паспортта көрсетілген әрбір жабдықтың ID сәйкестендіргіштерін көрсете отырып ақпаратты (тежегіш стенді, фаралардың жарық параметрлері, люфтіні өлшегіш, түтін өлшегіш, газ талдағышы, IP камера) ұсынады.

      Екі және одан да көп техникалық қарап-тексеру орталықтары ашылған кезде БАЖ операторына міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесінің қызметтерін алуға өтініш техникалық қарап-тексеру орталығының әрбір желісіне беріледі.

      6-2. БАЖ операторы ұсынылған құжаттар толған жағдайда міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесінің қызметтерін көрсетуге техникалық қарап-тексеру операторымен шарт жасасады.

      6-3. Осы Қағидалардың 6-1-тармағына сәйкес құжаттар толық болмаған кезде БАЖ операторына міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесінің қызметтерін көрсетуге шарт жасасуға жол берілмейді.

      6-4. БАЖ операторына міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цирлық жүйесінің қызметтерін көрсетуге міндетті техникалық қарап-тексерудің операторына міндетті техникалық қарап-тексеру жүргізу тәртібін бұза отырып, көлік құралына техникалық қарап-тексеру жүргізу фактісі анықталған кезде, оның ішінде көлік құралына жалған техникалық қарап-тексеру жүргізу белгілері анықталған кезде жол берілмейді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Техникалық қарап-тексеру операторы:

      1) міндетті техникалық қарап-тексеру өткізу жөніндегі жұмыстарды орындау процесінде осы Қағидаларда белгіленген талаптарды сақтайды;

      2) техникалық қарап-тексеру орталықтарының өндірістік үй-жайлары мен аумағын 1811-2018 "Автомотокөлік құралдары. Міндетті техникалық қарап-тексеру. Бақылау әдістері" ҚР СТ мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес сәйкестігін қамтамасыз етеді;

      3) көліктік бақылау органына міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу құны мен мерзімдері туралы мәліметтерді ұсынады;

      4) міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы нақты уақыт режимінде міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу нәтижелері бойынша механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесіне толық және анық мәліметтер береді;

      5) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін нөмірлік агрегаттарды (шасси, шанақ) ауыстыру, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жоқ не көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілгендерге сәйкес келмейтін белгілері бар, сондай-ақ оның конструкциясына, оның ішінде оның құрамдас бөліктерінің конструкциясына, жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін қосымша жабдықтау заттарына, қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарға енгізілген өзгерістері бар көлік құралдарын техникалық қарап-тексеруге ұсыну фактілері туралы ішкі істер органдарына жазбаша түрде шұғыл хабарлайды.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Көлік құралын міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу үшін қажетті уақыт көлік құралының типі мен жіктемесіне сәйкес белгіленеді. 15 минут ішінде O-1, L-1-7 типті санаттар, 20 минут ішінде М-1 санаттары, М-2, М-3, N-1, N-2, N-3, О-2, О-3, О-4 санаттары 30 минут ішінде.

      БАЖ операторы механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесінде көлік құралының типі мен жіктелуіне байланысты көлік құралдарын техникалық қарап-тексерудің нәтижелері туралы келіп түсетін деректердің саны бойынша функционалды іске асырады.";

      28-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28-1. БАЖ операторы механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесінің механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу үшін пайдаланылатын өлшеу құралдарын тексеру туралы берілген сертификаттар туралы мәліметтерді қамтитын техникалық реттеудің цифрлық жүйесімен интеграциялануын қамтамасыз етеді.";

      29-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29-1. БАЖ операторы механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесіне электрондық картадағы стационарлық және ұтқыр желілерден жүргізілген техникалық қарап-тексеру туралы деректердің түсуін қамтамасыз ететін функционалдың жұмысын қамтамасыз етеді, бұл міндетті техникалық қарап-тексерудің нақты уақыты мен орнын анықтауға мүмкіндік береді.

      Техникалық қарап-тексеру операторы ұтқыр және стационарлық желілерде орналасқан жерінен мәліметтерді беруді қамтамасыз ету үшін навигация жүйесін орнатады.";

      29-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29-2. БАЖ операторы техникалық қарап-тексеру операторына механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесінің қызметін механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесінің қызметтерін көрсетуге арналған шарт негізінде ұсынылуын қамтамасыз етеді.";

      37 және 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Диагностикалық картаны толтыруды техникалық қарап-тексеру операторы мiндеттi техникалық қарап-тексерудің бiрыңғай цифрлық жүйесiмен өзара iс-әрекетiн жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық жасақтамада электрондық түрде жүргiзедi.

      38. Техникалық қарап-тексерудің стационарлық және ұтқыр желілері ақпаратты және міндетті техникалық қарап-тексеруді өткізу нәтижелері туралы мәліметтерді қалыптастыру, сақтау және автоматты беру үшін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуі бар бағдарламалық-аппараттық кешенмен жарақталады.

      Мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуі бар бағдарламалық-аппараттық кешенмен ақпаратты қалыптастыру, сақтау және оны міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу нәтижелері туралы мәліметтерді автоматты түрде беру кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар ескеріледі.".

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Мiндеттi техникалық қарап-тексеруді жүргiзу нәтижелерi бойынша мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы мiндеттi техникалық қарап-тексерудің бiрыңғай цифрлық жүйесiне көлiк құралының иесi, көлiк құралы, мiндеттi техникалық қарап-тексеруді жүргiзу нәтижелерi, берілген диагностикалық карталар туралы ақпарат берiледi.";

      50 және 51-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Міндетті техникалық қарап-тексеруден өтудің белгіленген кезеңділігіне сәйкес келесі міндетті техникалық қарап-тексеруден өту мерзімі көрсетілген диагностикалық карта жоғалған немесе бүлінген кезде көлік құралының иесі жоғалған немесе бүлінген диагностикалық картаның орнына диагностикалық картаның телнұсқасын беру туралы өтінішпен бұрын жоғалған немесе бүлінген диагностикалық картаны берген техникалық қарап-тексеру операторына жүгінеді.

      Техникалық қарап-тексеру операторы көлік құралын міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізбестен, жоғалған немесе бүлінген диагностикалық картаның орнына диагностикалық картаны беруді 15 минут ішінде жүзеге асырады.

      Жоғалған немесе бүлінген диагностикалық картаның орнына диагностикалық карта жоғалған немесе бүлінген диагностикалық картаның қолданылу мерзіміне беріледі.

      Көлік құралының меншік иесі және (немесе) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі өзгерген жағдайларда баж операторы міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесіне тиісті өзгерістер енгізуді жүргізеді.

      51. Техникалық қарап-тексеру операторының техникалық қарап-тексерудің стационарлық желiлерiнiң көлiк құралдарын мiндеттi техникалық қарап-тексеруді жүргiзуi бойынша ақпараты мiндеттi техникалық қарап-тексерудің бiрыңғай цифрлық жүйесiне мынадай мерзімділікпен берiледі:

      1) техникалық қарап-тексерудің стационарлық желісі үшін - күн сайын нақты уақыт тәртібінде;

      2) техникалық қарап-тексерудің ұтқыр желісі үшін – күнтізбелік екі күн ішінде бір рет.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесінің жұмыс істеу тәртібі";

      52, 53, 53-1, 53-2 және 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесіндегі мәліметтердің анықтығын қамтамасыз ету мақсатында БАЖ операторы салалық Қауымдастықтар мен Қоғамдық Бірлестіктердің өкілдерімен бірлесіп, жарты жылда бір рет барлық мамандандырылған бағдарламалық қамтылым жұмысының Заңның 11-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес бекітілетін механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымға қойылатын белгіленген талаптарға (бұдан әрі – Талаптар) сәйкестігіне мониторинг жүргізеді.

      Белгіленген Талаптарға тыйым салынған тәсілмен мамандандырылған бағдарламалық қамтылымның пайдалануын қамтамасыз ететін, оның ішінде деректерді қолмен енгізу мүмкіндігін іске қосуға мүмкіндік беретін бағдарламалық белгілердің болмауы, сондай-ақ бастапқы кодтың тікелей компиляциялауға және құрастыруға дайын болуы.

      Мониторинг нәтижелері бойынша БАЖ операторы мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің белгіленген Талаптарға сәйкестігі және (немесе) сәйкессіздігі туралы қорытындыны ресімдейді.

      53. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесі мәліметтерінің анықтығын қамтамасыз ету мақсатында БАЖ операторына мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдардан белгіленген Талаптарға сәйкес келмейтін мәліметтерді қабылдауға және модульдерден, бақылаушылардан, датчиктерден бақылау-диагностикалық жабдықтардан жіберілетін деректерді бұрмалайтын мәліметтерді қабылдауға жол берілмейді.

      53-1. БАЖ операторы механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесінде:

      көлік құралы туралы мәліметтердің заңдылығы болмаған кезде диагностикалық картаны қалыптастырудан және беруден автоматты түрде бас тарту;

      техникалық қарап-тексерудің жалған диагностикалық картасын беру фактісін автоматты түрде тануды қамтамасыз ететін функционалды жұмысын қамтамасыз етеді.

      БАЖ операторы осы Қағидалардың талаптарын бұза отырып, көлік құралына техникалық қарап-тексеру жүргізу фактісі анықталған кезде механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін техникалық қарап-тексеру операторына міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесінің қызметтерін көрсетуге жол берілмейді;

      механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесіне мәліметтерді ұсынбау;

      техникалық қарап-тексеру орталығы орналасқан жері өзгерген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде хабардар етпеу не уақтылы хабардар етпеу;

      көлік құралдары иелерінің құжаттарын қабылдауға арналған үй-жайда ақпараттық стендте қызмет өңірінде міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кестесі болмаған;

      осы тармақта көрсетілген талаптардың анықталған бұзушылықтарын жою кезінде БАЖ операторына бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты береді.

      БАЖ операторы анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растағаннан кейін осы тармақтың тоғызыншы абзацында көзделген техникалық қарап-тексеру операторына механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесінің қызметтері көрсетіледі.

      53-2. БАЖ операторы көлік құралдарына техникалық қарап-тексеру жүргізу нәтижелері туралы міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесіне келіп түсетін деректерге аптасына кемінде екі рет объективті мониторинг жүргізу үшін көлік саласындағы салалық қауымдастықтар мен ұйымдар қатарынан, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдерімен (келісім бойынша) жұмыс тобын құрады.

      54. Осы Қағидалардың 52-тармағында көзделген талаптарды сақтаған кезде БАЖ операторы мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдардың берілген нұсқасы үшін механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесіне қосу үшін сәйкестендіру кілтін жасайды.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жызылсын:

      "58. Мамандандырылған бағдарламалық қамтылымның белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған кезде БАЖ операторы осы мамандандырылған бағдарламалық қамтылымнан механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесіне деректерді беру мүмкіндігін болдырмайды.

      Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Рұқсат беру талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, екінші санаттағы рұқсат алу үшін өтініш нысандарын, екінші санаттағы рұқсат нысандарын, рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және техникалық қарап-тексеру операторларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 16 мамырдағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36132 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларында және техникалық қарап-тексеру операторларының қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Рұқсат беру рәсімдерін және техникалық қарап-тексеру операторларының қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73, 91-баптарына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне рұқсат беру" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.";

      3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының аумағында қызметті жүзеге асыру үшін дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Тізбеде көрсетілген және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжаттарды қоса бере отырып, осы Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық қарап-тексеру операторының қызметін жүзеге асыруға рұқсат алу үшін өтінішті Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) жібереді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден, "цифрлық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы және цифрлық құжаттар сервисінен мәліметтер алады:

      1) көрсетілетін қызметті алушыны заңды тұлға не дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы;

      2) меншік құқығын немесе жалға алу шартын немесе жылжымайтын мүлікті өтеусіз пайдалану шартын (несие) немесе мүлікті сенімгерлік басқару шартын немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын (ЭҮШ мәліметтері болған жағдайда) куәландыратындар;

      3) орта білімнің болуы туралы (техникалық немесе кәсіптік білім).";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Рұқсат беру бақылауы аудио-, фото-немесе бейнетіркеуді қолдана отырып жүргізіледі, жазбалар көрсетілетін қызметті берушінің "лицензиялау порталы" ішкі цифрлық жүйесінде сақталады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.";

      бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
Н. Сауранбаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
  Көлік министрі
  2026 жылғы 14 тамыздағы
  № 212
  бұйрығына 1-қосымша
  Қарулы Күштердің, басқа да
  әскерлер мен әскери
  құралымдардың механикалық
  көлік құралдары мен олардың
  тіркемелерін қоспағанда,
  механикалық көлік құралдары
  мен олардың тіркемелерін
  міндетті техникалық
  қарап- тексеруді ұйымдастыру
  және жүргізу қағидаларына
  2-қосымша

      20__ жылғы "__" _______ №___

Диагностикалық карталарды тексеру актісі

      "Міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесіне" (бұдан әрі – "Техникалық қарап-тексеру" БАЖ) міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу нәтижелері туралы техникалық қарап-тексерудің операторлары/орталықтары/стационарлық желілері ұсынған мәліметтерге мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыс тобының отырысы.

      Жұмыс тобының отырысы барысында мынадай операторлар/орталықтар/стационарлық техникалық қарап-тексеру желілері "Техникалық қарап-тексеру" БАЖ-ға ұсынған міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер қаралды:

ТБО

Диакарта нөмірлері

Тексерілген ДК саны

Бұзушылықтары бар ДК нөмірлері

Бұзушылықтары бар ДК саны

Бұзушылық түрі

Мәртебесі

1








      Қорытынды:

      Қорытынды: Тексеру нәтижесінде жұмыс тобы оператор/орталық/стационарлық желі техникалық қарап-тексеру операторларынан "Техникалық қарап-тексеру" БАЖ-да міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу нәтижелері туралы ұсынған мәліметтердің дәйексіз екендігі туралы шешім қабылдады.

      Барлығы _ _ _ ДК тексерілді, оның ішінде бұзушылықтар ____ ДК құрайды.

      Осыған орай, Қазақстан Республикасының техникалық қарап-тексеру саласындағы уәкілетті органына техникалық қарап-тексеру жүргізу қағидаларын бұзудың анықталған белгілері туралы ұсыныс хат жіберілетін болады.

  Жұмыс тобының мүшелері:


ТАӘ

Лауазымы

Қолы



1






2






3





  Қазақстан Республикасының
  Көлік министрі
  2026 жылғы 14 тамыздағы
  № 212
  бұйрығына 2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Көлік министрінің
  міндетін атқарушының
  2025 жылғы 16 мамырдағы
  № 152
  бұйрығына 1-қосымша
  Нысан

Техникалық қарап-тексеру операторларының қызметін жүзеге асыруға рұқсат алу үшін өтініш

      ________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

      Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________ (пошта индексі, ел, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі (стационарлық үй-жай)

      Электрондық пошта______________________________________________

      Телефон________________________________________________________

      1. Стационарлық желі техникалық қарап-тексеру желісін ашуға арналған жылжымайтын мүлік туралы мәліметтер:

      Меншік құқығындағы үй-жайлар немесе ғимараттар немесе жалға алу шарты немесе жылжымайтын мүлікті өтеусіз пайдалану шарты (несие) немесе мүлікті сенімгерлік басқару немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты:

      Жылжымайтын мүлік объектісін (өндірістік базаны) тіркеу туралы мәліметтер:

      1) Кадастрлық нөмір _____________________________________________

      2) Орналасқан жері_______________________________________________

      3) Жалдау туралы шарттың нөмірі: ______________________________________

      4) Жалдау туралы шарттың күні_________________(шарттың мерзімі көрсетіледі)

      2. Техникалық байқаудың ұтқыр желісін ашуға арналған көлік құралы туралы мәліметтер автокөлік құралының мемлекеттік нөмірі және автомобиль маркасы.

      3. Станция мәлімделген қызмет түрін орындау үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған:

      роликті тежегіш стенді;

      люфтомер;

      газ анализаторы және түтін өлшегіш;

      фаралардың жарығын тексерудің электронды құралы;

      руль мен суспензия бөлшектеріндегі ойынды тексеруге арналған тестер;

      сызғыш;

      рулетка;

      штангенциркуль;

      секундомер;

      көлік құралдарының газбен қоректендіру жүйесінің герметикалығын тексеруге арналған аспап;

      әйнектің жарық өткізгіштігін тексеруге арналған аспап;

      шу өлшегіш

      сипаттамасы, бар _______________________________________________

      4. Кәсіпорынның штат кестесіне сәйкес қолданылатын жабдықта жұмыс істеу үшін білікті персоналдың болуы:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________

      2) осы ұйымда __ бастап жұмыс істейді (күнін, айын, жылын көрсету)

      3) аттестатталған, кәсіпорында оқытылған (күні, айы, жылы) ___________

      5. Стационарлық техникалық қарап-тексеру желісін ашу кезінде "Міндетті техникалық қарап-тексеру" "Автомотокөлік құралдары" ҚР СТ 1811-2018 талаптарына сәйкес келетін жабдығы бар жылжымайтын ғимарат (ғимараттың сыртынан және ішінен 10 фотосурет санымен қоса).

      6. Техникалық қарап-тексеру ұтқыр желісін ашу кезінде "Міндетті техникалық қарап-тексеру" "Автомотокөлік құралдары" ҚР СТ 1811-2018 талаптарына сәйкес келетін жабдығы бар көлік құралы (сыртынан және ішінен 10 фотосурет санымен қоса).

      Сипаттамасы, бар _______________________________________________

      7. Ұсынылған құжаттардың болуын және дұрыстығын өтініш беруші растайды.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы рұқсат беру кезінде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, цифрлық жүйелердегі қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі.

      _______________________________________________________________

      Басшы _________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Толтыру күні: "___" _________ 20 _____жыл

  Қазақстан Республикасының
  Көлік министрі
  2026 жылғы 14 тамыздағы
  № 212
  бұйрығына 3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Көлік министрінің
  міндетін атқарушының
  2025 жылғы 16 мамырдағы
  № 152
  бұйрығына 2-қосымша

Рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

1

Талаптарға мыналар кіреді

Талаптарға сәйкестігі

Ескерту

2

заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін-меншік құқығындағы үй-жайлар немесе ғимараттар немесе жалға алу шарты немесе жылжымайтын мүлікті өтеусіз пайдалану шарты (несие) немесе мүлікті сенімгерлік басқару немесе міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру стандарттарына сәйкес келетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты

жылжымайтын мүлік ҚР СТ 1811-2018 "Автомотокөлік құралдары" "Міндетті техникалық қарап-тексеру" талаптарына сәйкес болуы тиіс

меншік құқығын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші жалға алу шарттарын, жылжымайтын мүлікті өтеусіз пайдалану шартын (несие), мүлікті сенімгерлік басқару шарттарын, бір жылдан кем мерзімге жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын қоспағанда, "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" цифрлық жүйесінен, "Е лицензиялау" интеграцияланған дерекқорынан алады, олар құжаттың электрондық көшірмесі түрінде

3

міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін – жұмыс істеп тұрған жабдықтар, аппаратуралар мен құралдар, аспаптар, Көлік және басқа да құралдар (қажет болған жағдайда)

Жабдық ҚР СТ 1811-2018 "Автомотокөлік құралдары" "Міндетті техникалық қарап-тексеру" талаптарына сәйкес болуы тиіс


4

механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелеріне міндетті техникалық қарап-тексеру жүргізуді жүзеге асыратын техникалық байқау операторының білікті қызметкері

қызметкердің орта білімі (техникалық немесе кәсіптік білімі) немесе техникалық байқау маманы курсын аяқтағаны туралы сертификаты болуы керек

орта білім туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші 2015 жылға дейін бітірген адамдарды, сондай-ақ білім туралы құжаттың электрондық көшірмесін ұсынатын Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде бітірген адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің цифрлық жүйесінен (2015 жылдан бастап мәліметтерді) алады

5

жабдықтар мен өлшеу құралдары:
роликті тежегіш стенді;
люфтомер;
газ анализаторы және түтін өлшегіш;
фаралардың жарығын тексерудің электронды құралы;
руль мен суспензия бөлшектеріндегі ойынды тексеруге арналған тестер;
сызғыш;
рулетка;
штангенциркуль;
секундомер;
көлік құралдарының газбен қоректендіру жүйесінің герметикалығын тексеруге арналған аспап;
әйнектің жарық өткізгіштігін тексеруге арналған аспап;
шу өлшегіш

Жабдық ҚР СТ 1811-2018 "Автомотокөлік құралдары" "Міндетті техникалық қарап-тексеру" талаптарына сәйкес болуы тиіс

барлық жабдықта құжаттың электрондық көшірмесі түрінде ұсынылатын тексеру сертификаттары болуы керек

  Министр транспорта
  Республики Казахстан
  от 14 августа 2026 года
  № 212
  бұйрығына 4-қосымша
  Рұқсат беру рәсімдерін
  жүзеге асыру қағидалары
  және техникалық қарап-тексеру
  операторларының қызметін
  жүзеге асыру қағидаларына
  1-қосымша

"Техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне рұқсат беру"

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3

Көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

www.egov.kz, www.elicense.kz "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы қабылдау және беру

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне рұқсат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап – 8 (сегіз) жұмыс күні

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне рұқсат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

9

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 12.00-ден 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін. Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциялары үшін жұмыс режимі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша көрсетіледі

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық нысандағы өтініш.
2) Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
3) Жеке куәлік құжаттары, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер, мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған орта білімнің (техникалық немесе кәсіптік білімнің) болуы туралы меншік құқығындағы жылжымайтын мүлікті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден цифрлық үкіметтің шлюзі арқылы алады

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының зандарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімнің болмауы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады