Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 168 "Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2026 жылғы 6 тамыздағы № 155 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 10 тамызда № 39546 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 168 "Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28138 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидаларында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Үй жануарын одан әрі ұстау мүмкін болмаған жағдайда үй жануарының иесі және (немесе) жауапты адам үй жануарын одан әрі орналастыруға, оның ішінде оны жануарларға арналған панажайға, жануарларды уақытша ұстау пунктіне не оны ұстау үшін қажетті жағдайлар жасауға қабілетті жеке немесе заңды тұлғаларға беру арқылы шаралар қабылдайды.

      Үй жануарын жануарларды уақытша ұстау пунктіне берген кезде үй жануарының иесі немесе жауапты адам жануардың заңды тағдыры айқындалғанға дейін оны күтіп-бағуды қамтамасыз етеді.";

      11-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-1. Жануардан бас тарту басқа тұлға оған меншік құқығын алғанға, үй жануары жануарларға арналған панажайға берілгенге не оны жануарларды уақытша ұстау пунктіне берген кезде жануардың заңды тағдыры айқындалғанға дейін үй жануарының иесінің немесе жауапты адамның үй жануарына қатысты міндеттерінің тоқтатылуына алып келмейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а.
Ж. Алиев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады