Режимдік шектеулердің қолданысы тоқтатыла тұратын Каспий теңізі жағалауындағы учаскелерді белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 3 тамыздағы № 514/қе-қа бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 5 тамызда № 39508 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 48-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін теңіз экономикалық қызмет аудандарын (теңіз порттары, су тарту арналары, газ терминалдары, теңіз дәліздері және фарватерлер) қоспағанда, Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы келесі жағалау аудандарында режимдік шектеулердің қолданысы тоқтатылсын.

      Түпқараған мүйісінен - Үрдек мүйісіне дейін;

      Саура кісі тұрмайтын кентінен Сағындық мүйісіне дейін;

      Скалистый мүйісінен – Песчаный мүйісіне дейін;

      Песчаный мүйісінен – Адамтас мүйісіне дейін.

      Осы жағалау аудандарында аталған мерзімде белгіленген акваторияда жеке және заңды тұлғалар демалыс, туризм және спорт үшін пайдаланатын қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелерге (құралдарға) және мұз үстімен жылжитын құралдарға теңізге екі мильге дейін қашықтыққа еркін шығуға рұқсат етілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері таныстырылсын.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сагимбаев

 

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады