БҰЙЫРАМЫН:
1. "Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі № 273 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4354 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қағидалардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидалары";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Аудиторлыққа кандидат аттестаттауға тiркелу үшiн Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) пәннің (пәндердің) атауын көрсетілген өтініш (әр емтиханға);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жоғары білімін растайтын мынадай құжаттардың бірі:
құжаттың (дипломның) нотариалды куәландырылған көшірмесі;
"цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті цифрлық жүйелерден алынған ұсынылған электрондық құжат;
шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар үшін "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тану рәсімінен өткенін растайтын құжат;
4) экономикалық, қаржы, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында немесе жоғары оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында кемінде 3 (үш) жыл еңбек өтілін растайтын еңбек кітапшасының немесе өзге құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
5) бухгалтерлік есеп және аудит саласында халықаралық біліктілік алғанын растайтын құжаттың (бар болған жағдайда) нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
6) судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі (бар болған жағдайда);
7) тиісті "цифрлық үкімет" шлюзі цифрлық жүйелер арқылы алынған адвокатқа немесе нотариусқа біліктілік емтиханын немесе аттестаттауды тапсырғанын растайтын құжаттың көшірмесі, адвокатқа немесе нотариусқа лицензия (бар болған жағдайда);
8) "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті цифрлық жүйелерден алынған соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама.
Комиссия ұсынылған ақпаратты тексереді. Экономика және қаржы саласында өтелмеген соттылығы болған жағдайда кандидатты аудиторлыққа аттестаттауға тіркемейді.
Барлық құжаттар құжат тiгiлетiн папкаға қыстырылады, оның сыртқы бетiнде: № ___ Жеке iс, аудиторлыққа кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) ресiмдеу күнi көрсетiледi.";
9, 10, 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Аттестаттау өткiзу күнi кәсіптік кеңестің интернет-ресурсында жарияланады және аттестаттау өткiзуге белгiленген күнге дейiн 2 (екi) айдан кешiктiрмей Комиссия кандидаттарға хабарлайды.";
10. Аудиторлыққа кандидаттар мынадай пәндер бойынша емтихан тапсырады:
қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік;
басқарушылық есеп;
қаржы және қаржы менеджменті;
салықтар;
құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнама);
әдеп;
аудит.
Бухгалтерлік есеп және аудит саласында Associate Chartered Accountant (Эсоушиейт Чартерд Экаунтэнт) (ACA-ISAEW (Великобритания) ЭЙСИЭЙ АЙЭСЭЙИДАБЛЮ) – Қауымдастырылған Дипломды Бухгалтер, The Association of Chartered Certified Accountants (Зэ Исоушиэйшн оф Чартерд Сертифаид Экаунтэнтс) (ACCA (Великобритания) ЭЙСИСИЭЙ) –Дипломды Сертификатталған Бухгалтерлер Қауымдастығының толық біліктіліктерінің бірі немесе The Association of Chartered Certified Accountants (Зэ Исоушиэйшн оф Чартерд Сертифаид Экаунтэнтс) (ACCA (Ұлыбритания) ЭЙСИСИЭЙ) – Дипломды Сертификатталған Бухгалтерлер Қауымдастығы біліктілігінің "Қаржы және бизнесті басқару" дипломы бар аудиторларға кандидаттар келесі пәндер бойынша емтихандар тапсырады:
салықтар;
құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнама).
Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы Chartered Institute of Management Accountants (Чартерд Институт оф Маниджмэнт Экаунтэнтс) (CIMA (Ұлыбритания) СИАЙЭМЭЙ) – Басқарушы Бухгалтерлердің Дипломды Институты толық біліктілігі бар аудиторлыққа кандидаттар келесі пәндер бойынша емтихан тапсырады:
қаржы және қаржы менеджменті;
қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік;
салықтар;
құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнама);
әдеп;
аудит.
Diploma in the International Financial Reporting (Диплоумэ ин зэ Интернашнэл Файнаншл Рипортин) (DipIFR ACCA (ДИайпиАЙЭФАР ЭЙСИСИЭЙ) – Халықаралық Қаржылық Есептілік Саласындағы Диплом толық біліктіліктерінің бірі бар аудиторлыққа кандидаттар келесі пәндер бойынша емтихан тапсырады:
басқарушылық есеп;
қаржы және қаржы менеджменті;
салықтар;
құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнама);
әдеп;
аудит.
Адвокатқа немесе нотариусқа, не судьяға біліктілік емтиханын тапсырған, не лицензиясы бар, не аттестаттаудан өткен аудиторларға кандидаттар "құқық" пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады.
The Association of Chartered Certified Accountants (Зэ Исоушиэйшн оф Чартерд Сертифаид Экаунтэнтс) (ACCA (Ұлыбритания) ЭЙСИСИЭЙ) – Дипломды Сертификатталған Бухгалтерлер Қауымдастығы біліктілігінің "Қаржы және бизнесті басқару" дипломының "Бизнестің тиімділігін басқару", "Қаржылық есептілік", "Қаржы менеджменті", "Аудит және ілеспе қызметтер", "Кәсіби әдеп" сертификаттары бар аудиторларға үміткерлер тиісті емтихандарды тапсырудан босатылады.
11. "Аудитор" бiлiктiлiгiн беру туралы шешiм Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес қазақ және орыс тiлдерiнде 10 (он) жұмыс күні ішінде:
Комиссия – кәсіптік кеңестің интернет-ресурсында;
уәкілетті орган – біліктілік куәлігінің реттік нөмірін бере отырып өзінің интернет-ресурсында жариялайды және қаржылық есептілік депозитарийінде орналастырады.
Аттестаттауды ойдағыдай аяқтаған адамдарға Комиссияның шешiмiмен "аудитор" бiлiктiлiгiн беру туралы бiлiктiлiк куәлiгi және бiлiктiлiк куәлiгiнiң нөмiрi, тегi, аты, сондай-ақ өзiнiң қалауымен – әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) көрсетiлген аудитордың жеке мөрi берiледi.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Емтихан тікелей Комиссияда немесе Комиссия айқындаған ұйымның үй-жайында өткізіледі.
Емтиханды компьютерлік технологияларды пайдалан отырып өткізуге жол беріледі.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Аудиторлыққа кандидат осы Қағидалардың 10 тармағында көрсетілген пәндер бойынша алған оң нәтижесі, қорытынды бекітілген күннен бастап келесі 5 (бес) жыл ішінде жарамды деп танылады.".
2. "Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі Біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 19 наурыздағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5632 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі Біліктілік комиссиясын қалыптастыру және қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Комиссия аудитор біліктілік куәлігін беру туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде "аудитор" біліктілігін беру туралы шешімді қазақ және орыс тілдерінде кәсіби кеңестің интернет-ресурсында жариялайды.
Аудиторлыққа кандидаттарды жүргізілген аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия аттестаттаудан сәтті өткен адамдарға осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша "аудитор" біліктілік куәлігін және "аудитор" біліктілік куәлігінің нөмірін, тегін, өз атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, аудитордың жеке мөрін береді.
Шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға біліктілік куәлігінің нөмірлері және Комиссияға ұсынылған құжаттардың көшірмелері көрсетілген Комиссия отырысының хаттамасын жолдайды. Бұл құжаттар 5 (бес) жыл бойы сақталуға тиіс.".
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) осы бұйрықты оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
